Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Балалар мен ата-аналарға арналған нұсқаулық

Кітапханашының баланы кітапты сүюге тәрбиелеу бойынша кеңесі

 

Балаларды тек мектепте ғана емес, сондай-ақ үйде де кітап оқуға үйрету қажет. Кітаптың адам өмірінде алатын орны зор. Жақсы кітап – тәрбиеші де, мұғалім де, дос та. Барлық ұлы адамдар кітапты сүюге шақырған.  «Кітап — ақылына ақы сұрамайтын алтын қазына» демекші баланы кіші жасынан бастап, кітап оқуға әуестендіру қажет. .
 

Балалар мен ата-аналарға арналған жадынама

  • Жаңа кітапты қолыңызға алғанда алдымен мұқабасын, автордың тегін, кітаптың атауын оқып шығыңыз. 
  • Кітаптың барлық суреттерін қарап шығыңыз.
  • Кітаптың мазмұнын алдымен суреттеріне қарап анықтаңыз.  
  • Кітапты ақырын-ақырын беттер немесе тараулар бойынша оқыңыз.
  •  

Ата-аналарға арналған жадынама

  • Кітапты оқуға дейін және оқып отырғанда қиын немесе таныс емес сөздердің мағынасын табыңыз. 
  • Баладан кітап немен ұнағанын және өзіне қандай әсер алғанын сұраңыз.  
  • Баладан басты кейіпкері туралы сұраңыз.
  • Қандай сөздер немесе сөз тіркестері есіңізде қалды? 
  • Кітап неге үйретеді?
  • Балаға кітаптың бір оқиғасына сурет салуға немесе оны жаттап алуға тапсырма беріңіз.

 

Баланы оқуға әуестендіру бойынша қарапайым кеңестер

1. Өзіңіз көп оқыңыз және баланы да кітапты оқуға сүюге тәрбиелеңіз.

2. Балаға ерте жастан бастап даусыңызды шығарып оқыңыз.

3. Балаға үлгі болыңыз: әңгімелердің үзінділерін дәйексөз ретінде келтіріңіз, үзінділерді жаттаңыз, оқығанмен бөлісіңіз және т.с.с.

4. Балаңызды кітапханаға жиі апарыңыз және оларды қормен пайдалануға үйретіңіз.

5. Оқуды бағалайтыңызды көрсетіңіз: кітаптарды сатып алыңыз, басқаларға сыйлаңыз және сыйлық ретінде басқалардан алыңыз.

6. Балалар кітаптар мен журналдарды өздері таңдап алсың (кітапханада, кітап дүкенінде және т.с.с.)

7. Балаларға ғажайып ертегілерді көбірек оқыңыз.

8. Баланың өз атына журналдарға жазылыңыз.

9. Бала үйдегілерге немесе өзінің әлі де оқи алмайтын достарына оқысын.

10. Оқуын мадақтаңыз: жаңа кітап сыйлаңыз, сурет салуға арналған құралдар, театрға билет сатып алыңыз, зообаққа немесе мұражайға апарыңыз, көбірек оқу үшін кеш ұйықтауға жатуға рұқсат етіңіз.

11. Үйде көрінетін жерге баланың әрекеті көрсетілген тізімді іліп қойыңыз (неше кітап оқылды және қандай мерзімде).

12. Өзіңіздің аспаздық кітабын жазыңыз.

13. Балалар өздері сатып алынатын тауарлар тізімін өздері жазсын.

14. Балалармен саяхатқа шықсаңыз, баратын жерлер туралы мәлімет алуға ұсыныс жасаңыз (дейін, және саяхаттан кейін).

15. Көлікте жүрген кезде балалар әдеби шығармалары бар магнитофон жазбаларын тыңдап отырсын.

16. Оқумен байланысы бар үстел ойындарын көп ойнаңыз.

17. Үйде кітап оқуға арналған орын болу қажет.

18. Үйде балалар кітапханасы болу қажет.

19. Балалармен кітапханаға барыңыз. Оқу залына жазылыңыз.

20. Фильмді қараудың алдында және көргеннен кейін ол туралы кітап оқуға ұсыныс жасаңыз.

21. Кітап оқуды сүйетін балалармен достығын қолдаңыз.

22. Әртүрлі тақырыптағы кітаптар жинаңыз (мысалы, динозаврлар, ғарыш ғажайыптары туралы кітаптар).

23. Балалармен сөзжұмбақтар шешіңіз.

24. Үйде әрқашан журналдар, балалар мен ересектерге арналған әңгімелер жинақтары, газеттер болсын.

25. Балалар әртүрлі хаттар, жазбахаттар өздігінен жазуға әуестенсін.

26. Балаңыздың кітап оқығанын әрқашан мадақтаңыз.

27. Баспа өнімдерін оқуды да мадақтаңыз: жұлдызнама, комикстер, телехикая бейнелері.

28. Балаларға алдымен қысқа әңгімелерді оқуға беріңіз.

29. Балалардың өз пьесалары мен шығармаларын жазуын ынталандырыңыз.

30. Сүйікті кітаптарға арнап кештер ұйымдастырыңыз.