Сенім телефоны
8(7182)-60-42-68
email: schola24@mail.ru
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-68
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда2930298
Бір айда157945
Бір аптада45388
Кеше4053
Тәулік294
№24 ЖОМ ММ қамқоршылық кеңесі отырысының 2018 жылғы 28 тамыздағы №1 хаттамасы

№24 ЖОМ ММ қамқоршылық кеңесі отырысының

2018 жылғы 28 тамыздағы №1 хаттамасы

 

Кеңес мүшелері -9

Қатысты -7

Күн тәртібінде

1. 2018-2019 оқу жылы Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын таңдау.

2. Білім беру саласында сыбайлас жемқорлық құқықбұзушылықтың алдын алу мақсатында ата-аналар қауымдастығының арасында түсіндірме жұмыстарын жүргізу.

3. №24 ЖОМ ММ міндетті мектеп формасына қойылатын талаптардың сақталуына бақылауды іске асыру туралы

Тыңдалды:

1 . №24 ЖОМ ММ директоры Н.Ш. Рахимгожина 2018-2019 оқу жылы ҚР Білім және ғылым министрінің 2016 жылғы 15 шілдедегі №453 «ҚР Білім және ғылым министрінің 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспарын қарастыруды, 1,2,3 сыныптарда жаңартылған білім мазмұны бойынша, ҚР БҒМ 2016 жылғы 7 шілдедегі №432 бұйрығы бойынша, 5,6,7,8 сыныптарда ҚР БҒМ 2013 жылғы 25 шілдедегі №296 бұйрығы бойынша, 4,9,10-11сыныптарда жоғарыда аталған оқу жоспары бойынша оқыту жалғасады.

2. №24 ЖОМ ММ ДОТЖО А.Ш. Казимова: Қаражатты заңсыз жинауға, мәжбүрлі ақылы тестілеу фактілеріне жол бермеу мақсатында ата-аналар қауымдастығында білім беру саласындағы сыбайлас жемқорлық құқық бұзушылықтардың алдын алу бойынша

түсіндіру жұмыстары жүргізілді. Ерікті негізде және ата-анасының келісімімен балалар интеллектуалдық марафондар мен жарыстарға қатыса алады.

3. ДТЖО А.С. Шуленбаева сөз сөйледі: Ол оқу жылының басына №24 ЖОМ ММ қолданыстағы жарғысымен таныстырды. Аталған ережелерді нақты және анық анықтау үшін ҚР БҒМ оларды бір құжат ретінде бір жүйеге келтіріп, оларды талапртар ретінде ұсынды. Осылай ҚР БҒМ 2016 жылғы 14 қаңтардағы №26 «Орта оқу орындарында міндетті мектеп формасына қойылатын талаптар» әзірленді. Сондықтан оларды жаңа талап ретінде қарастыруға болмайды. Сондай-ақ, Конституция негізінде әзірленген «Діни қызметтер және діни бірлестіктер туралы» ҚР Заңының 3 бабы 7 тармағынада ешкім өзінің діни нанымы бойынша Қазақстан Республикасының заңдарымен және Конституциясымен көзделген міндеттерді орындаудан бас тартуға құқығы жоқ.

Шешім қабылдады:

1.ҚР БҒМ 2013 жылғы 27 қарашадағы №471 «ҚР БҒМ 2012 жылғы 8 қарашадағы №500 бұйрығына өзгерістер енгізу туралы» бұйрығымен бекітілген Бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім берудің үлгілік оқу жоспары бір оқу жылына бекітілсін.

2. Ақшалай қаражатты заңсыз жинау, ақылы тестілеуден өту фактілеріне тыйым салынсын.

3.ОТҮ мектеп формасына қойылатын талаптарды орындауға үнемі бақылау жүзеге асырылсын.

 

 

Қамқоршылық кеңесінің төрайымы А.Ш. Казимова

Қамқоршылық кеңесінің хатшысы Ю.И. Алибекова