Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-60-42-89
email: sosh24@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
8(7182)-60-42-89
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
ФОТО ЕСЕПТ КІТАПХАНА 2022-2023 оқу жылы

2023 жылғы 24 қаңтарда Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ 9 «ә» және 10 «ә» сынып оқушылары «Мәшһүр қалдырған мұра» тақырыбында дөңгелек үстелге белсенді қатысты. Шара қонағы ақын, жазушы, әдебиеттанушы Серік Елікбай болды. Іс-шара барысында ағартушы Мәшһүр Жүсіп шығармашығылы, бүгінгі қазақ әдебиеті туралы кеңінен әңгімеледі. Оқушылардың сұрақтарына Серік Елікбай жан-жақты жауап берді.

2023 жылдың 20 қаңтарында №24 мектептің сахнасында «Қиял әлемі» театр үйірмесінің балалары «Бремен музыканттары» ертегісін көрсетті. Балалар кейіпкерлердің мінездерін талдап, импровизация жасады. Театр кітап оқумен тығыз байланысты. Үйірме жетекшісі Чингинина Т.К. кітапханашы Машгутова Г.К. тығыз жұмыс жасайды.        

2023 жылдың 18 қаңтарында «Оқуға құштар мектеп – оқуға құштар ұлт» жобасы аясында мектебіміздің 6 «а» сынып оқушысы Алшерова Ұлжан және 6 «в» сынып оқушысы Богова Ирина «Кітап – білімнің қайнар көзі» атты қалалық жобаға қатысты.

Мақсаты: мектеп оқушыларының оқу әрекетін, оқу әрекетінің құрамдас бөліктерін қалыптастыру; эмоционалды, эстетикалық және әдеби даму, сондай-ақ моральдық-этикалық тәрбие мәселелерін шешу, өйткені бала үшін кітап оқу - бұл еңбек те, шығармашылық та, жаңа ашулар да және өзін-өзі тәрбиелеу.

Құрметті оқырмандар!

Жаңадан келген кітаптармен жақынырақ танысу үшін мектеп кітапханасына шақырамыз. Өйткені, кітапханадағы жаңа кітаптар әрқашан шағын мереке! Сіздерді жаңа қызықты кітаптар күтуде!

2023 жылдың 18 қаңтарында Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында Павлодар облысының көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапханасының қызметкерлері Павлодар облысының 85 жылдығына орай 6 «а» сынып оқушыларына өлкетану сағатын өткізді.

2023 жылғы 12 қаңтарда ертегіші Ш.Перроның 395-жылдығына орай мектеп кітапханасында «Ұлы ертегіші» тақырыбында әдеби сағат өтті. Бұл іс-шараның мақсаты: оқушыларды балалар жазушысы, әңгімеші Ш.Перроның шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту
2022 жылғы 22 желтоқсанда Павлодар қ. №24 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында балалар жазушысыв Эдуард Успенскийдің 85-жылдығына орай "Көңілді жазушының көңілді кітаптары" атты әдеби сағат ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды балалар жазушысы Э.Успенскийдің шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту
20 желтоқсанда желтоқсан оқиғасына орай Д.Әбілев атындағы көпшілік кітапханасында №24 мектебінің оқушыларымен «Азаттықтың ақ таңы» атты шара өтті. Шарада өткен тарихи кезең туралы кеңінен мағлұмат берілді. Шараға арнайы кітапхана қызметкерлерімен көрме ұйымдастырылды

Павлодар қаласы №24 ЖОМ КММ кітапханасында Қазақстан Республикасының Тәуелсіздік күніне орай «Мақтанышым – Тәуелсіз Қазақстан» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Көрменің мақсаты: Тәуелсіздік жолындағы ата-бабаларымыздың ерлігін жалғастыра отырып, Қазақстанның тәуелсіздік алғаннан кейінгі тәуелсіз мемлекет болып қалыптасу тарихымен таныстыру.

2022 жылдың 13 желтоқсанында«Оқуға құштар мектеп» республикалық жобасы аясында Павлодар қаласындағы №24 ЖОМкітапханасында «Көзі көрмейтін және нашар көретін азаматтарға арналған арнайы кітапхана» КММ-мен бірлесіп, жазушы Ә.Нұршайықовтың 100-жылдығына орпай«Дәуірдің кемеңгер қаламгері» тақырыбында әдеби сағат өтті.

Мақсаты: оқушыларды жазушы Ә.Нұршайықовтыңшығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту; басқа адамның сезіміне құрметпен қарауға, зейінді оқырманды тәрбиелеу, оқу дағдыларын қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс істей білуге үйрету.

2022 жылғы 30 қарашада Павлодар қ. №24 жалпы білім беретін мектебінің кітапханасында Джонатан Свифттің 355 жылдығына орай "Джонатан Свифттің басты кітабы" атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды балалар жазушысы Д.Свифттің шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту
2022 жылғы 29 қарашада мектеп кітапханасында балалар жазушысы В.Гауфтың 220 жылдығына орай «Гауфтың ертегі әлемі» атты әдеби сағат өтті. Мақсаты: оқушыларды балалар жазушысы В.Гауфтың шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту
2022 жылғы 26 ​​қарашада Павлодар қаласының №24 орта мектебінің кітапханасында қазақ жазушысы Ғ.Мұстафиннің 120 жылдығына орай «Дарынмен танылған тұлға» атты кітап көрмесі ұйымдастырылды. Мақсаты: оқушыларды жазушы Ғ.Мұстафин шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту

2022 жылғы 23 қарашада Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасы «Кітап – асыл қазына» тақырыбында плакаттар байқауын жариялады. Байқау мақсаты: кітап оқуға, плоакат салуға деген қызығушылықты ояту, оны жаңа мазмұнмен толықтыру. Байқау шарты: кітап оқудың пайдасы туралы плакат дайындау (сурет салу)

2022 жылдың 3 қарашасында балалар ақыны Самуил Маршактың 135 жылдығына орай мектеп кітапханасында «Самуил Маршак – балалар әдебиетінің негізін салушы» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті. Бұл шараға 2 «В» сынып оқушылары қатысты. Оқушылар викторина сұрақтарына жауап беріп, белсенді жұмыс жасады
2022 жылдың 21 қазанында 3 «Ж» сынып оқушылары үшін «Мен сені мақтан тұтамын, Қазақстаным» тақырыбында кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты: Қазақстан Республикасының мемлекеттік рәміздері туралы білімдерін тиянақтау, оқушылардың өз еліне деген құрмет сезімін қалыптастыру, Қазақстанның табиғаты туралы түсініктерін кеңейту, танымдық қызығушылықтарын, есте сақтауын, ойлауын, сөйлеуін дамыту; рухани-адамгершілік қарым-қатынастары мен туған елге деген сезімін дамыту.
2022 жылдың 21 қазанында Павлодар қ. №24 мектебінің кітапханасында М.Мәметованың 100 жылдығына орай «Мәншүк Мәметова – Кеңес Одағының Батыры»тақырыбында7 “E” сынып оқушылары үшін кітапханалық сабақ өтті. Шараның мақсаты: Оқушыларды Екінші дүниежүзілік соғыстың батырларымен, қазақ халқының батырларымен және олардың ерліктерімен таныстыру, Кеңес Одағының Батыры Мәншүк Мәметованың өмірі мен ерліктері туралы бөлек әңгімелеу.

2022 жылдың 18 қазанында Павлодар қаласындағы №24 ЖОМ КММ кітапханасында Е.А.Пермяктың 120-жылдығына орай «Өмір жақсы істер жасау үшін беріледі»тақырыбында презентация түрінде әдебиеттік шолу ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды балалар жазушысы Е.А. Пермяктың шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту; басқа адамның сезіміне құрметпен қарауға тәрбиелеу, зейінді оқырманды тәрбиелеу, оқу дағдыларын қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс істей білуге үйрету.

2022 жылдың 28 қыркүйегінде Павлодар қаласындағы №24 ЖОМкітапханасында жазушыМұхтар Әуезовтің туғанына 125 жыл толуына орай 5-11 сынып оқушыларына«Мұхтар Әуезов мұрасы – халық қазынасы» тақырыбында презентация түрінде әдеби шолу ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушыларды жазушы М.Әуезов шығармашылығымен таныстыру; оқушылардың жазушы шығармашылығына деген қызығушылығын ояту; басқа адамның сезіміне құрметпен қарауға, зейінді оқырманды тәрбиелеу, оқу дағдыларын қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс істей білуге үйрету.

2022 жылғы 26 қыркүйегінде №24 ЖОМ КММ кітапханасында ақын Марина Цветаеваның туғанына 130 жыл толуына орай жоғары «Цветаева поэзиясының әлемінде» сынып оқушыларына презентация түрінде әдеби шолу ұйымдастырылды.

Мақсаты: оқушылардыМ.Цветаеваның өмірі мен шығармашылық жолындағы негізгі кезеңдерімен таныстыру; оқушылардың ақын шығармашылығына деген қызығушылығын ояту; басқа адамның сезіміне құрметпен қарауға, зейінді оқырман тәрбиелеу, ақын өлеңдерін оқу дағдысын қалыптастыру, ақпаратпен жұмыс істей білуге үйрету.

«Оқуға құштар мектеп» республикалық акциясы аясында Павлодар қ. №24 ЖОМ КММ кітапханасында Ахмет Байтұрсыновтың 150-жылдығына орай 6 «ә» сыныбымен кітапханалық сабақ өтті. Мақсаты: Ахмет Байтұрсыновтың өмірі мен шығармашылығы, кітаптары, ғылыми еңбектері туралы ақпарат ұсыну, танымдық қабілеттерін дамыту.