Бүгінгі күні жастар жаңалық жасауға, табысты шешімдерді іздейтін ықыласы бар, тұрғындардың ең ынталы, ширақ, пысық бөлігі ретінде қарастырылады. Мектепте әр жас адам өзін сабақта-сабақтан тыс қызметте жүзеге асыра алу үшін барлық жағдайлар жасалған.
Жастар саясаты мемлекеттік саясаттың құрамдас бөлігі болып табылады, оның жүзеге асыру жас азаматтардың өз өмірлік жолын таңдау, олардың өздігінен жүзеге асуы үшін әлеуетін дамыту және мықты және көрікті Қазақстан Республикасын құруға белсенді қатысу үшін қажетті жағдайларды жасауға бағытталған.
Біздің күшіміз келесі міндеттерді шешуге шоғырланған:
• жастарды жан-жақты тәрбиелеу, оның патриоттық, азаматтық, құқықтық және адамгершілік дамуына көмектесу;
• кәсіби бағдарлау жұмыстарын ұйымдастыру жолымен жас азаматтарды жұмыспен қамту және кәсіби бағдарлауына көмектесу;
• қоғамға мәнді жастар бастамасын қолдау және дамыту;
• жастардың әлеуметтік қорғауы;
• жастар арасында салауатты өмір салтын насихаттау.
Заманауи жастар дербестікпен, іскерлікпен және мобильділікпен, өз тағдырына жауапкершілікпен, болашақ кәсіби оқуға, жұмыспен қамтылуға және мансапқа әсер ететін, сапалы білім алуға қызығушылықтың күрт артуының өсуімен ерекшеленеді. Жастар халықаралық жастар қоғамдастығына, жалпы әлемдік экономикалық, ғылыми, саяси және гуманитарлық процестерге бірігуге тырысады.
Жастар саясатын жүзеге асыру бойынша жұмыс жастарды жан-жақты тәрбиелеуге, оның рухани, адамгершілік және физикалық дамуына, жастардың қоғамды саяси, әлеуметтік, экономикалық және мәдени дамуына еркін және тиімді қатысуы үшін жағдай жасауға, әлеуметтік, құқықтық және басқа да қолдау көрсетуге, өмірлік жолды таңдауда жастардың мүмкіндіктерін кеңейтуге бағытталған.
Патриоттық тәрбие
Мектепте өсіп келе жатқан ұрпақ арасында қазақстандық патриотизмді, азаматтықты және құқықтық мәдениетті тәрбиелеу бойынша жұмыс жоспары бекітілді. Мұнда жастарды тәрбиелеу бойынша іс-шаралар мен жобалардың кең спектрі қарастырылған: бұл әскерге дейінгі жастағы жастармен жұмыс, әскери-патриоттық клубты ұйымдастыру, ардагерлермен кездесу, мерекелік концеттер, фестивальдер, конкурстар.
Дәстүрлі түрде мектепте балалар мен жасөспірімдердің азаматтық позициясын нығайтуға және дамытуға, оқушылық ұжымды біріктіруге, оқушылардың рухани-адамгершілік тәрбиесіне бағытталған іс-шаралар өткізіледі: Білім күні, Ұстаз күні, Өзін-өзі басқару күні, Қарттар күні, Қамқоршылар күні, Тұңғыш Президент күні, Қазақстан Республикасының Тәуелсіздігі күні, Аяз Атаның шеберханасы, Ауғанстаннан әскерді шығару күні, Алғыс айту күні, 8 наурызды мерекелеу, Наурыз мейрамын мерекелеу, Қазақстан халықтарының бірлігі күні, Жеңіс күні (ардагерлерді шақырумен), Денсаулық күні, Соңғы қоңырау, Бітіру кеші.
Біздің мектепте іс-шараларды ҰОС ардагерлерін және интернационалист-жауынгерлерді шақырумен өткізу жақсы дәстүрге айналды. Мектеп оқушыларымен Қарттар үйінде қайырымдылық концерттері өткізіледі. Жыл сайын оқушылар патриоттық айлыққа қатысады: «Қайырлы таң, Ардагер!», «Ардагер жанымызда тұрады» қайырымдылық акциясы, ҰОС Батырларына арналған, «Отан қорғау деген мамандық бар» ерлік сабағы, Қ.Қамзин атындағы мектептік Даңқ мұражайына экскурсия, Естелік вахтасы, әскери-патриоттық әндер және «Туға түзел» конкурстары.
2005 жылдың 5 мамыр күнінен бастап мектепте Қ.Қамзин атындағы Жауынгерлік Даңқ мұражайы өз жұмысын бастады. Мектептік Жауынгерлік мұражайы мектептің білім беру және тәрбие жүйесінде ең тамаша және бірегей құбылыстарының бірі болып табылады. Оқушылардың іздеу және зерттеу жұмыстарының арқасында мұражай қоры жаңа материалдармен толықтырылып отырады. Жылда мұражайда экскурсиялар өткізіледі.
Өзгеше мән ҚР мемлекеттік рәміздерін үйренуге беріледі. Мемлекеттік рәміздердің рөлі мен мәнін үйрену, рухта мемлекеттік рәміздерді құрметтеуді тәрбиелеу үшін мектепте жалпы мектептік іс-шаралар, сынып сағаттары, мемлекеттік рәміздерді білуге оқушылардың сауалнамасы өткізіледі, іс-шараларда оқушылар және барлық қатысушылар ҚР әнұранын орындайды. Мемлекеттік рәміздер бұрышы мектеп фойесінде және оқу кабинеттерінде орналасқан.
Мектеп оқушылары жыл сайын 8-11 сыныптар арасында оқ ату бойынша жарыстарға қатысады.
Мектеп командасы тулар топтарының қалалық конкурстарына және Қорғаныс істері жөніндегі басқармасымен өткізілетін, «Қорғаныс кубогы» жарысына қатысады (қатысушылар жеке грамоталармен марапатталды)
Әскери қызметтің беделін арттыру мақсатында, сондай-ақ ұлдарды ҚР ӘҚ қызметіне дайындау үшін 8-11 сынып оқушылары сарбаздың өмірімен және тұрмысымен танысу үшін жүйелі түрде № 5512 әскери бөліміне шығып отырады.
Мектеп командасы барлық қалалық конкурстар мен турнирлерінің ең мықтылар 5-не кіреді.
Жыл сайын 10 сынып оқушылары Қ.Қамзин ескерткішінің жанындағы бекетте «Естелік Вахтасына» қатысады, сап қарауына және Жеңістің қалалық шеруіне қатысады.
Бұл іс-шаралар патриотизмді, интернационализмді тәрбиелеуге, жоғары адамгершілік, моралдық, психологиялық және еркіндік қасиеттерін қалыптастыруға, оқушыларда Отанды қорғау бойынша өз парызын абыроймен және іскерлікпен орындауға дайындығын тәрбиелеуге ықпал етеді.
Салауатты өмір салтын насихаттау
Денсаулық адамның дамуын қамтамассыз ететін, маңызды құндылық пен қажетті шара болып табылады. Сондықтан, жас ұрпақтың денсаулығын сақтау мәселесі аса мәнді болып табылады.
Бұл бағыттағы жұмыс мақсаты оқушылардың санасында маңызды рухани-адамгершілік және әлеуметтік құндылығы, жас ұрпақта салауатты өмір салтын тәрбиелеу ретінде өзінің ойына, эмоциясына, физикалық денсаулығына позитивтік қатынасты қалыптастыру болып табылады.
СӨС жұмысы айлық пен онкүндік арқылы жүзеге асырылатын, бір оқу жылына және әр айға құрастырылған жоспар бойынша жүргізіледі:
· зиянды заттарды қабылдаудың алдын алу бойынша айлық
· ЖКА алдын алу бойынша айлық
· ЖІИ алдын алу бойынша айлық
· Тұмау, ЖРВИ алдын алу бойынша айлық
· АИТВ/ЖИТС алдын алу бойынша айлық
· нашақорлықтың алдын алу бойынша айлық
· темекі тартудың алдын алу бойынша айлық
· зақымданудың алдын алу бойынша айлық
· ЖЖТИ алдын алу шараларын және адамгершілік-жыныстық тәрбиені жандандыру айлығы
· туберкулездің алдын алу бойынша айлық
· «Тиімді тамақтану» онкүндігі
· жүрек ауруларының алдын алу бойынша онкүндік
· әйелдердің денсаулығын қорғау бойынша онкүндік
· алкоголизмнің алдын алу бойынша онкүндік
· темекі тартудың алдын алу бойынша онкүндік
· онкологиялық аурулардың алдын алу бойынша онкүндік
· ЖІИ алдын алу бойынша онкүндік
Ай сайын мектептің «СӨСҚО» ЖШС бірлескен жұмыс жоспарына келісілді СӨС дағдыларын қалыптастыру бойынша іс-шаралар өткізіледі.
Жастармен кәсіби бағдар жұмысы
Мектепте кәсіби бағдар жұмысының нақты жүйесі орын алды. Мектепте құрамына: мектеп директоры, ДТЖжО, сынып жетекшілер, мектептің педагог-психологы кіретін кәсіби бағдар жөніндегі мектеп Кеңесі жұмыс істейді. Бірлескен жоспарлар негізінде қаланың колледждерімен және ЖОО бірлескен жұмыс жүзеге асырылады.
Оқу мекемесінде білім алатын мамандық пен оқу жағдайлары туралы толық ақпарат бар. Оқушылар оқу мекемелеріне, кәсіпорындарға барып отырады, бұл оларға болашақ мамандықты таңдауға көмекгін тигізеді.
Оқушының бейімділігін анықтау нәтижелерімен сынып жетекшілер, оқушылар және олардың ата-аналары танысатын, сәйкес диагности негізінде мектеп психологтарымен жүзеге асырылады.
Бос уақытты қамту, негізгі және орта мектептен кейін түлектердің оқуын жалғастыру мәселелері мектеп қызметінің басым бағытының бірі болып табылады.
Жастардың экологиялық тәрбиесі
Мектеп 1992 жылдан бастап «Экология және даму» үлгісінде сараптама бойынша жұмыс істей отырып, 2006 жылы экологиялық бағыттағы бейіндік мектеп мәртебесін алды. 2006 жыл – бұл сондай-ақ біздің мектептің Жасыл туын алған жыл (Қазақстанның 200 мектебі «Қазақстанның экомектебі» жобасына қосылды. № 36 ЭБЖОБББМ – Жасыл тудың жетінші иегері). Біздің мектепті 21 ғасыр мектебінің мүмкін болған нұсқасы деп атауға болады, өйткені ол өздігінен дамуға, өз танымын үнемі арттыруға, жаңа ғылымдарды игеру мен жалпылауға ықылас пен қабілет секілді қасиеттері бар «болашақ адамды» қалыптастырады.
№ 36 ЭБЖОБББМ экологиялық мұражай құрылған, бұның базасында бірнеше жылдар бойы Л.В.Данилованың жетекшілігімен «Родник» экоклубы жұмыс істейді. Клуб мүшелері викториналар, әңгмелесулер, «Жас эколог қатарына қабылдау», «Жер күні» секілді мерекелер, акциялар, балаларғаарналған экскурсиялар арқылы экологиялық білімді насихаттайды.
Мектептік экологиялық мұражайды құру балалар мен ересектердің экологиялық санасына өте оң түрде ықпал етеді.
«Экомектеп» халықаралық жобасы өте уақытылы, оның мақсаты – қоғамдастықтың барлық мүшелерінің өзара әрекеті арқылы мектептің қоршаған ортаға деген теріс әсерінің деңгейін төмендеті. Бұл жобаға дейін мектеп «Экомектептер. Қазақстан» жобасына қатысты.
«Экомектептер. Қазақстан» жобасы аясындағы барлық жұмыстар 7 бағытқа бөлінеді: су, ауа, энергия, қоқыс, көлік, мектеп жанындағы учаскі, ресурстарды тиімді пайдалану. Осыған сәйкес барлық зерттеу қызметтері осы бағыттарда жүргізілді.
Біздің мектеп – қаланың экологиялық ұйымдарымен өткізілетін барлық акциялардың ең белсендісі болып табылады.
Мектептегі экологиялық білім, сондай-ақ ОТП экологизациясы оқушыларда қоршаған ортаға жаңа қатынасты қалыптастырады, адам мен табиғаттыңөзара байланысын түсінуге ықпал етеді, оқушыларға қоршаған ортаға зиян тигізбей әрекет етуді үйретеді.
Жастардың рухани-адамгершілік тәрбиесі
Мектепте дәстүрлі іс-шараларға үлкен орын бөлінетін, рухани-адамгершілік тәрбие бойынша жүйе орын алды:
· бірінші сынып оқушыларының мерекесі
· Жас экологтар қатарына қабылдау
· мектеп Президентінің сайлауы
· қазақ және орыс әдебиет мерейгеріне арналған іс-шаралар
· Оқушылар келесі қалалық іс-шараларға қатысты:Наурыз мейрамы, Астана күні, Қала күні, Конституция күні, Тәуелсіздік күні,Жеңіс күні, Қазақстан халықтарының бірлігі күні.
· Қарттар күніне арналған іс-шаралар
· Ұстаздар күніне арналған іс-шаралар
· Халықаралық әйелдер күні және Отан қорғаушылар күніне арналған іс-шаралар
· «Қайырлы таң, Ардагер!» акциясы
· «Балауса»конкурсы
· «Абай оқулары», «Машһұр Жүсіп оқулары».
Тәрбие жұмысының жоспарына келісілді, апта сайын сынып сағаттары өткізіледі.
Жастардың бейәлеуметтік қылығының алдын алу
Жастар ортасында бейәлеуметтік қылық фактілерінің қиылысуы мақсатында келесілер жүзеге асырылады: тәуекел факторларына қарсы тұру дағдыларына үйретудің заманауи алдын алу әдістемелерін белсенді пайдалану, наркотизация мен әлеуметке қарсы қызметке тартудан белсенді психологиялық қорғау; заңға бағынатын адамды, табысты және жауапты қылықты тәрбиелеуге көмектесетін, жастардың өмірлік дағдыларын қалыптастыру бойынша отбасының ресурстарын оңтайландыру, алдын алу іс-шараларын жүзеге асыруда ата-аналарды тарту; жастардың қызығушылығын есепке ала отырып, олардың бос уақытын ұйымдастыру бойынша тиімді жұмысты арттыру; бос уақытты ұйымдастырудың жаңа, альтернативтік түрлерін жасау және пайдалану; салауатты өмір салтын насихаттаудың инновациялық түрлерін енгізу.
Жастар ортасында қылмыс пен құқық бұзушылықтың алдын алу мақсатында мектепте өзіне алдын алу жобаларын және іс-шараларын қосатын, жұмыс жүйесі құрылды, ерікті жастар жасағының жұмысы ұйымдастырылды.
Жастар бастамасын қолдау, сондай-ақ дарынды жастарды анықтау, жастардың шығармашылық қабілеттерін дамыту және кәсіби орнығуы үшін жағдайларды жасау мақсатында көптеген фестивальдер, конкурстар, домалақ үстелдер, конференциялар, кездесулер өткізіледі.
Мектепте қызығушылық бойынша үйірмелер және спорттық секциялар жұмыс істейді.
Мектепте ұйымдастырылған, спорттық секциялар мен үйірмелердің бағыты:
Көркем-эстетикалық– 28 үйірме,
Декоративтік-қолданбалы– 4 үйірме,
техникалық– 5 үйірме,
экологиялық – 10 үйірме,
қоғамдық-гуманитарлық– 15 үйірме,
жаратылыс-математикалық– 11 үйірме,
тілдік– 10 үйірме,
басқа(психологиялық, патриоттық, алдын алужәне т.б.) – 10 үйірме
спорттық – 10 үйірме.
Жастар – қоғамның басты ресурсы, сондықтан жастарға мүмкіндігінше ертерек өз дербестігін алуға, өз мүмкіндіктерін максималды ашуға және өз өмірлік мақсаттарын жүзеге асыруға мүмкндік беретін жағдайларды жасау қажет.
Мектепте оқушылардың ғылыми, шығармашылық, техникалық және спорттық қызметін қолдау үшін барлық жағдайлар жасалған. Бүгінгі күні жастардың табысы – бұл Павлодар қаласының және ертеңгі күні бүкіл Қазақстан Республикасының тұрақтылығы мен көркеюі.
