Телефон доверия
8 (7182) 66-12-63
Адрес: Шевченко көшесі, 1
8 (7182) 61-30-12 (Қабылдау бөлмесі)
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дуйсенбі 16:00 - 18:00, Жұма 9:00 - 12:00
Сайтқа кіру мақсаты?
Голосовать
За информацией (Ақпарат алу үшін) - 238
Ради интереса (Қызығушылықпен) - 50
Другие цели (Басқа мақсаттар) - 18
Всего проголосовало: 306
Смотреть результат
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Ата-аналарға арналған ақпарат

  Психологиялық қызмет жұмысының басты мақсаты оқушының психикалық және тұлғалық дамуына максималды жәрдемдесу болып табылады.

    Мектепте психологтың негізгі тәжірибелік міндеті – бұл бұзылуы оқушының жас және дербес мүмкіндіктерінің уақыты дамуына бөгет жасайтын және түзету жұмыстарының қажеттілігіне әкелетін, әр баланың толыққанды психикалық және тұлғалық дамуына ықпал жасайтын, психологиялық жағдайды қамту.
   

Мектеп психологы қызметінің негізгі түрлері:

  •   Психологиялық алдын алу,
  •   Психологиялық диагностика,
  •   Психологиялық түзету,
  •   Дамыту,
  •   Психологиялық кеңес,
  •   Психологиялық ағарту.


   Көптеген зерттеулер отбасы рөлінің, ата-ана мен баланың қарым-қатынасының қаншалықты маңызды екендігін көрсетеді. Осылайша, мысалы, В.Сатир былай есептейді: «Бала бастапқыда жаман болуы мүмкін емес. Егер бала өзін жаман ұстаса, бұл ата-анамен баланың арасында түсініспеушіліктің пайда болғанын білдіреді.

Ересек пен баланың өзара қарым-қатынасының мәселелері «Балалар мен ата-аналар және отбасылық қатынастың психологиялық түзетуі» бағдарламалары арқылы шешіледі. «Мәселелі», «қиын», «тыңдамайтын» және «мүмкін емес» балалар, «тұйық», «соғылған», немесе «бақытсыз» балалар секілді – әрқашан отбасындағы дұрыс қалыптаспаған нәтиже». Демек, «отбасының микроортасы және отбасылық тәрбие балаға, оның тұлғасының қалыптасуына әсер етеді. Баланың эмоционалдық күйі ата-ананың жалпы және психологиялық-педагогикалық мәдениетінің деңгейіне, олардың өмірлік ұстанымына, олардың балаға деген және ондағы бар мәселелерге қатынасына, ата-аналардың түзету процесіне қатысу дәрежесіне байланысты». 
     Оқушылардың психологиялық сүйемелі балалардың жасерекшеліктерін есепке ала отырып жүргізіледі. «Орта мектепке жаңа келген оқушы»түзету-бейімделу сабақтары бағдарламасының мақсаты оқушылардың оқытудың жаңа әлеуметтік-педагогикалық жағдайларына бейімделу өзгешеліктерін және дәрежесін үйрену болып табылады. 
 Балалармен қарым-қатынас мәселелері бойынша ата-аналарға арналған ұсыныстарды ұсынамыз:


БІРІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫНЫҢ АТА-АНАСЫНА АРНАЛҒАН ЕСКЕРТПЕ


6-7 жаста оқу кезінде балаға табысты болуға мүмкіндік беретін, ми механизмдері қалыптасады. Медицина қызметкерлері бұл уақытта балаға өз-өзіне қиын деп есептейді. Жүйке жүйесі қалыптасқаннан кейін, ұрпақтарын гимназияға 9 жасында ғана жіберген арғы әжелеріміз мың мәрте дұрыс айтқан.
         Бірақ, ең қарапайым ережелерді сақтай отырып, қазіргі күнде де салмақты ауруларды болдырмауға болады.

1 ереже.

Бірінші сыныпқа баратын баланы ешқашан қандай да бір секцияға немесе үйірмеге жібермеңіз. Мектеп өмірінің басталуының өзі 6-7 жастағы балалар үшін ауыр стресс болып есептелінеді. Егер балада серуендеу, демалу, асықпай сабақ қарау мүмкіндіктері болмаса, оның денсаулығымен мәселелер туындауы, невроздың пайда болуы мүмкін. Сондықтан, музыка және спортпен шұғылдану балаңыздың тәрбиесінің қажетті бөлігі болып көрінсе, оны оқуға дейін бір жыл бұрын немесе екінші сыныптан бастап апарыңыз.

ереже.

Естеріңізде болсын, бала назарын 10-15 минуттан асырмай шоғырландыруы мүмкін. Сондықтан, баламен сабақ қарау кезінде әр 10-15 минут сайын үзіліс жасап, баламен жаттығу жасау қажет. Жай ғана одан орында тұрып 10 рет секіруді немесе бірнеше минут музыкаға билеуді сұрау. Үй тапсырмасын орындауды жазудан бастаған жақсырақ болады. Жазбаша тапсырмаларды ауызша тапсырмалармен кезектестіруге болады. Жалпы сабақ ұзақтығы бір сағаттан аспауы керек.

3 ереже.

Компьютер, телевизор және үлкен көру жүктемесін талап ететін кез-келген ермектер күніне бір сағаттан аспай жалғасуы тиіс – осылай бүкіл әлем невропатологтары мен офтальмолог-дәрігерлері есептейді.

4 ереже.

Балаңыз оқудың бірінші жылы ішінде ең көп көмекті қажет етеді. Ол сыныптастарымен және мұғалімдермен өз қарым-қатынасын қалыптастырып ғана қоймай, сондай-ақ онымен біреудің достасқысы келетінің, ал біреудің достасқысы келмейтінін ең алғаш рет түсінеді. Дәл осы уақытта балада өзіне деген өзінің көзқарасы қалыптасады. Егер сіз оның сабырлы және өзіне сенімді адам болып өскенін қаласаңыз, міндетті түрде оны мадақтап отырыңыз. Қолдау көрсетіңіз, дәптердегі екі мен кір үшін ұрыспаңыз. Шексіз жазғыру мен жазадан балаңыз өзіне деген сенімді жоғалтады.


БІРНЕШЕ ҚЫСҚАША ЕРЕЖЕ


·        Балаға оның жетістіктерін емес, оның өзін сүйетіндіктеріңізді көрсетіңіз.

·        Ешқашан балаға оның басқалардан жаман екендігін айтпау керек (жүректе де)

·        Баланың қандай да бір сауалына мүмкіндігінше шын және төзіммен жауап беру керек

·        Күнделікті баламен оңаша болуға уақыт табуға тырысыңыз.

·        Оны мақтан тұтатыныңызды айтуға ұялмаңыз.

·        Балаға деген өз сезімдеріңіздің бағасына адал болыңыз.

·        Бұл сізге тиімсіз болса да, әрқашан балаға шындықты айтыңыз.

·        Баланың өзін емес, оның қылықтарын бағалаңыз.

·        Табысқа күшпен жетпеңіз. Мәжбүрлеу адамгершілік тәрбиенің ең нашар нұсқасы. Отбасындағы мәжбүрлеу бала тұлғасын бұзу ахуалын тудырады.

·        Балалардың бақытты естеліктер банкі туралы ойлаңыз.

·        Ересектер оған қалай қараса, бала өзіне солай қарайды.

·        Және жалпы, анда-санда өзіңізді балаңыздың орнына қойып көріңіз, сонда баламен өзіңді қалай ұстау керектігі түсінікті болады.


«СІЗДІҢ БАЛАҢЫЗБЕСІНШІ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ»


Бесінші сынып оқушының кейбір мәселелері

Ø Жазбаша жұмыстарда әріптерді өткізіп алады.

ØТұжырымдамасын білсе де, ережесін қолдануды білмейді.

Ø Математикалық тапсырмаларды қиындықпен орындайды.

Ø Мазмұндау шеберлігі нашар.

Ø Зейінсіз және ұмытшақ.

Ø Сабақ, жеке жұмыс уақытында орнықсыз

Ø Өздігінен жұмыс жасай алмайды.

Ø Мұғалімнің түсіндірмесін әрең түсінеді.

Ø Үнемі бір нәрсені және бір жерде ұмытып жүреді.

Ø Кеңістікте нашар бағдарланады (соның ішінде өз дәптерінде).

Ø Сабақ, мұғалім, білімін тексеру кезінде қорқады.

Ø Достарын диі ауыстырады, ешкіммен көп достаспайды, жиі жалғыз жүреді.


ОҚУШЫНЫҢ БЕЙІМСІЗДЕНУІНІҢ ТУЫНДАУ СЕБЕПТЕРІ


ØБаланың шаршаңқы, қажыған түрі.

ØӨткен күн туралы әсерлерімен бөліскісі келмеуі.

ØҮй тапсырмасын орындағысы келмеуі.

ØМектепке, мұғалімге, сыныптастарына теріс мінездеме.

ØМектеппен байланысты қандай да бір оқиғаға шағымдар.

Ø Тынышсыз түңгі ұйқы. Таңертеңгі ояну қиындықтары, әлсіздік.

ØҮнемі нашар хал-жағдайға шағымдану.


АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН ТӘРБИЕНІҢ АЛТЫН ЕРЕЖЕЛЕРІ


· Балаңызды жақсы көріңіз, және ол ешқашанда бұдан күмәнданбасын.

·Баланы барлық жетістіктерімен және кемшіліктерімен қабылдаңыз.

· Баланың жақсылығына сүйеніңіз, оның мүмкіндіктеріне сеніңіз.

· Балаңызды түсінуге тырысыңыз, оның сезіміне және ойына көз салыңыз; жиі өзіңізді оның орнына қойып отырыңыз.

· Баланың сәттілігі үшін жағдай жасаңыз; оған өзін мықты, табысты, өнерпаз сезінуіне мүмкіндік беріңіз.

· Балада өзіңіздің орындалмаған армандарыңызды және талғамдарыңызды жүзеге асыруға тырыспаңыз.

· Естеріңізде болсын, сөз емес, жеке мысал тәрбиелейді.

· Балаңызды басқа балалармен салыстырмаңыз, әсіресе оларды мысалға қоймаңыз. Есіңізде болсын, әр бала қайталанбас және бірегей.

 · Балаңыз сіз ойлағандай өседі деп ойламаңыз.

 · Естеріңізде болсын, бала үшін жауапкершілікті сіз тартасыз.


ОНЫНШЫ СЫНЫП ОҚУШЫСЫ


Оныншы сыныпқа түсу жалпы орта білім беру мектебінде оқудың соңғы кезеңін ашады. Осы кезеңде оқушыларда оқуда, құрдастарымен және ата-аналарымен нақты қиындықтар туындауы мүмкін.


ОҚУ ҚИЫНДЫҚТАРЫ...


Әдетте, жоғарғы сынып оқушылары жаңа ұжымға түседі: олар бейіндік атты сыныптарға ауысады (гуманитарлық, математикалық және т.б.) немесе басқа мектептерге түседі. Жоғарғы мектепте оқудың бірінші айларында жаңа жағдайларға бейімделу және құрдастары арасында мәртебеге ие болу кезеңі болады.
Әрине, осы жаста баланың құрдастарымен қарым-қатынасына араласу өте орынсыз болады, мектепке келіп, басқа оқушылардың ата-аналарымен қарым-қатынасты анықтау (ата-аналарда елеулі қауіп негіз болған жағдайдан басқа).
           Оныншы сыныпта оқушылардың білімін бағалаудың өлшемдерінің тез ауысуы болады.

     Үлгерімі төмен оқушылар тоғызыншы сыныптан кейін мектептен кетіп жатады, педагогтардың талаптары ұлғаяды, оқытылатын материал қиындатылады. Сондықтан, оныншы сынып оқушылардың ата-аналары үздік бағасы болған оқушының жоғарғы сыныпта орташа немесе төмен оқушы, ал таза «төртке» оқыған оқушылар – үлгерімі төмен оқушы болуына дайын болулары тиіс.

Жиі бұл ересектердің сілтеуімен, бағдарламасы қиын, «туған» мектебінен қарағанда, оның білімін бағалау өлшемдері және қабілеттері өзгеше беделді оқу мекемелеріне түскеде болады. Нашар бағалар (оқушының өз тұрғысынан, яғни үйренген бағаларынан төмен) өзін бағалаудің төмендеуіне ғана емес, сондай-ақ баланың тәртібінің өзгеруіне әкеледі: ол жабырқаңқы және тұйық немесе, керісінше қатыгез және агрессивті болуы мүмкін.
             Баланың тым тітіркенгіш болып кеткенін байқаған ата-аналар ертерек оқудағы қиындықтарды жеңуге көмектесу керек.  Ол үшін оның қандай қиындықтарға тап болғанын, қандай пәндер оған қиынға түсетінін анықтап алулары керек. Содан кейін оған деген талаптардың өскендігін және педагогтар оны жаңа өлшемдер бойынша бағалайтындығын түсіндіруге тырысу керек.
           Баламен бірге педагогтың жасаған ескертулерін талдау және оның жазбаша және ауызша жұмыстары, рефераттары, баяндамалары қандай шарттарға жауап беретіндігін анықтап алып, үлгерім бағасының жаңа параметрлерін тұжырымдау қажет. Мүмкін, бұл үшін мұғалімнің кеңесі қажет болады (мүмкіндігінше, оны ата-ана емес, оқушының өзі алғаны дұрыс). Бекітілген ережелерге сәйкес балаға бірнеше тапсырманы орындауға көмектесу қажет.


ЕҢБЕКТЕН ДЕМАЛУ ЖӘНЕ МАХАББАТ ЖАСЫ


Оныншы сыныта жиі кездесетін мәселе – кернеулі тоғызыншы сыныптан кейін және шығарылым он бірінші сыныптың алдында айқын байқалатын демалу тілегі.

Оқушы қатаң емтихандардан және өз болашағы туралы маңызды шешімдерден өзін шаршаңқы сезінеді. Сөзсіз, оқушыларға демалыс қажет. Оның үстіне, ата-аналар да балалармен уақытты ұзақ өткізу мүмкіндігін пайдалана алады және күштерін қалпына келтіруге және жинауға көмектесе алады.
           Ересектер баланың өз өміріне түпкілікті батқанын және оқумен, үй шаруасымен айналыспайтынын көргеннен кейін, олар оған сынмен және жазғырумен әсер етуге тырысады. Әдетте ата-аналар баланы келесідей түрде «жегідей жей береді»: «Сен тағы да диванда жатып алып, ақымақ радионы тыңдап жатырсын! Сен күні-бойы ештеңе істемейсін, сені ештеңе қызықтырмайды! Мектеп келе салысымен плеерді алып диванда жатасың немесе естен таңғанша телефонмен сөйлесесін!» және т.б.
          Ересектер балаларына не үшін ұрысатындығын түсінеді – себебі, әр ата-ана өз баласының болашағы үшін жауапкершілікті сезінеді және кәсіби және жеке өмірінде оның табысты және бақытты болғанын армандайды. Егер ата-аналар табысқа жетсе, олар өз жолдарын сәтті, сенімді және өкінішке орай жалғыз дұрыс жол деп есептейді. Егер олардың өмірі сәтсіз болса, олар өз балалары да сондай өмір кешеді деп қорқады және үнемі оның тәртібінде бір қауіпті көріп тұрады.
          Ата-аналар өмірді дұрыс құру туралы өз көріністерін балаға міндеттейді.

Жоғарғы сынып оқушысы ересектерден алшақтамағаны үшін, өз қауіптерімізді қарапайым әңгімелесуде жеткізу қажет. Балаға оның жасында сізді не қызықтырғандығы, қандай жіберілген мүмкіндіктерге өкінгендігіңізді айтып беріңіз, бірақ мұны сабырмен, үйретпей және ашуланбай айту керек.
          Егер балаңыз таңдаған киім немесе бояуы сізге ұнамаса, еш уақытта оған ұрыспаңыз, осылай киінуге тыйым салмаңыз немесе оған күлмеңіз. Сөйлесіңіз, сіздің ойыңызша не келіспей тұрғандығын түсіндіріңіз және нені және қалай өзгертуге болатындығын ұсыныңыз.
          Жігіттер мен қыздар оныншы сыныптағы оқу уақытын достарымен әңгімелесу және түрлі мектептен тыс сабақтарға қолданады. Оқушылар көп уақыттарын үйден тыс өткізеді, әдеттегі уақыттан кеш оралады, өз үйіне достарын шақырады.
          Ата-аналар балаға олар үшін уайымдайтындықтарын түсіндіру қажет, бірақ негізсіз талаптарды қоймау керек: «үнемі сағат 20.00-де үйде болу». Қандай болмасын талап жүйелі және дәлелді болуы тиіс.


ӘРЕКЕТ ЕТУДІ БАСТАУ


Оныншы сыныпта оқушы мектептен кейін ЖОО түсетіндігін түпкілікті анықтауы тиіс. Егер оң шешім қабылданса, нақты қадамды қалыптастыру және емтиханға дайындықты бастау керек.
           Бірінші қадам — нақты оқушы білім алғысы келетін оқу мекемесін таңдау. Дұрысы «қосалқы нұсқаны» дайындау, яғни тапсырылатын пәндері келісетін және емтихандар әртүрлі уақытта өтетін екі-үш ЖОО белгілеп қою. Интернеттің көмегімен осы оқу мекемелердің мекенжайларын табуға және қабылдау шарттарымен танысуға болады.
          Егер осындай мүмкіндік болса, онда дәл оныншы сыныпта таңдаған ЖОО Ашық есіктер күніне бару қажет. Біріншіден, онда толық ақпарат алуға, барлық қызықтыратын сауалдарды қоюға және анықтама әдебиетін сатып алуға болады. Екіншіден, оқушы үшін болашақта емтихан тапсыратын ғимаратта болған пайдалы (мүмкіндігінше бірнеше рет), бейімделу, қалай жетуге дұрыс болатынын анықтау, қанша уақыт керектігін анықтайды. Осылайша, сыртқы факторлар ол үшін стрессті болмайды, өйткені ол өзіне таныс ортаға келеді.
          Он бірінші сыныпта сондай-ақ Ашық есіктер күніне барудың мәні бар, себебі кей кезде оқуға түсу шарттары өзгеріп жатады, мысалы, жаңа емтихандар қосылады.
          Ата-аналар мен педагогтар әдетте ЖОО түсу үшін қажетті қандай да бір пән бойынша баланың білімін бағалай алады.
          Ата-аналар оқушыға оның таңдаған мамандығының мазмұнымен таныстыруға көмектесе алады. Ол үшін жоғарғы сынып оқушыларын қандай да бір іспен таныстыра алатын, клубты, үйірмені табу қажет (тамаша нұсқасы – таңдаған мамандықты алатын ЖОО жанында ұйымдастырылған).
          Дәл оныншы сыныпта мұндай сабақтар уақытылы болады, өйткені жасөспірімде осы уақытта өз шешімін өзгертуге соңғы мүмкіндігі бар. Он бірінші сыныпта оқушының кестесі өте кернеулі бола бастайды, бітіру және қабылдау емтихандарына дайындық басталады.


БАЛАЛАРМЕН ҚАРЫМ-ҚАТЫНАСТЫ ЖАҚСАРТУ БОЙЫНША АТА-АНАЛАРҒА АРНАЛҒАН КЕҢЕСТЕР:


1. Отбасылық және баланың ішкі мәселелерін ашық талқылаңыз.

2. Балаларыңызға өмірде нақты мақсат құруға және оған талпынуға көмектесіңіз.

3. Кедергілерден өтуде міндетті түрде көмектесіңіз.

4. Жастардың кез-келген оң бастамаларын сөзбен және іспен мақұлдаңыз.

5. Ешқандай жағдайда физикалық жазаны қолданбаңыз.

6. Өсіп келе жатқан балаларыңызды көбірек жақсы көріңіздер, зейінді болыңыздар, әсіресе олармен сыйпайы болу маңызды.

Қиын сәттерде жаныңда болған қамқоршы, жақсы көретін адамнан көп нәрсе байланысты.

"Не ексең, соны орасың!" – халық даналығы.

Сондықтан ата-аналарға арналған кеңес қарапайым және қол жетімді: «Балаларыңызды жақсы көріңіздер, өзіңізге және балаларыңызға қатысты қатынасыңызда шынайы және адал болыңыздар».


БӘЛЕДЕН НЕ ТОҚТАТАДЫ:


• Баламен қамқорлы қарым-қатынасты орнатыңыз
• Зейінді тыңдаушы болыңыз
• Қарым-қатынаста шынайы болыңыз, толқытқан жағдай туралы байсалды және қонымды сұраңыздар
• Психикалық қолайсыздық көзін анықтауға көмектесіңіз
• Барлық мәселелерді конструктивтік шешуге болатынына сенім
• Балаға оның тұлғалық ресурстарын сезінуге көмектесіңіз
• Осы күні баланың сәтті жүзеге асуында қолдау көрсетіңіз және болашаққа үмітті анықтауға көмектесіңіз
• Жасөсіпірмді зейін қойып тыңдаңыз!