Алып қарасан балалардың көбі туғаннан бастап өздеріне дос таба білетін сияқты. Шын мәнісінде ол олай емес. Адамның өміріне қажетті өз құрдастарымен қатынас жасау, достарын таба білу адамның бала жасынан қалыптасады. Егер ол балалық шағында қалыптаспаса, онда жасөспірім шағында, содан кейін ересек адамдардың өзіңде әлеуметтік бейімделу кезіңде қиыншылықтар туындауы мүмкін.
Бұл біздің кез-келгеніміз өз ортасының негізгісі болуды үйренуі міндетті дегенді білдірмейді. Ең маңыздысы басқалармен бірге ойнау қажет пе әлде өздігінен жеке болу керек пе соны дұрыс таңдай білу. Егер сен өзіннің құрдастарымен қарым-қатынас жасай білмей, дос бола алмай үнемі жалғыз қала берсен, онда саған достарды таба білу өнерін үйренуге көмектесу қажет.
Жаңа достар- ересек болудың маңызды бөлігі. Жаңа мектепке ауысу кезіңде жаңа достарды іздестіруде қиыншылықтар туындауы мүмкін. Егер сондай қиыншылыққа тап болса, психологпен бірге "Жеке тұлға" тақырыбында тренингтік сабақ өткізуді ұсынамыз.
Өз іс-әрекетіңді қалай жоспарлау керек
1. Кез-келген істі орындамас бұрын, өзінің атқаратын ісіннің мақсатын айқында.
2. Сен оны не үшін істеуін керек, оны істеуге не түрткі болып отыр, ол үшін не қажет соны жақсылап ойлан және түсін.
3. Мақсатқа жету жолдарын бағала және талдау. Барлық нұсқаларды есепке алуға тырыс.
4.Барлық жағдайды таразыға салып, ең қолайлы нұсқасын таңда. Көбінде ең қолайлысы ең жақсы нұсқа болып енеді.
5.Болатын жұмыстың аралық кезеңдерін белгіле, әрбір кезең үшін уақыт анықта.
6. Жоспарды жүзеге асыру кезіңде өзіңді және өз іс-әрекетінде үнемі бақыла. Алынған нәтижелерді есепке ала отыра жұмысыңды түзет, яғни кері байланысты іске асыр және пайдалан.
7.Жұмыс аяқталғаннан соң оның нәтижесін талдау, олардың қойылған мақсатпен сәйкестік деңгейін баға. Алдағы уақытта қайталамас үшін, қателерді есепке ал.
Ерікті қалай тәрбиелеуге болады
1. Бірнеше уақыт бойы өзіңді бақыла. Қандай әдеттерден немесе мінезіңнен құтылғың келетінін нақты анықта. Бұл сенің мақсатың.
2. "Шайқасты жеңемін деп шешім қабылдаған адам ғана жеңеді ", - деп жазғанЛев Толстой. Өзіңе және мақсатыңа жететініңе сенімді бол. Мұндай сенімділіксіз бастаудың қажеті жоқ.
3. Кемшіліктерді жетістіктермен алмастыру жолымен күрес. Өзіңе қатысты зорлықтың аз болғаны, жақсы, бірақ Лафонтеннің сөздерін ұмытпа: "Гүлдермен себілген жол, еш уақытта атаққа әкелмейді ".
4. Өзіне-өзі әсер етудің үш түрін игер: өзін-өзі сергіту, өзін-өзі сендіру және өзіне-өзі бұйрық беру. Өзіңде басқа адамды көруге үйрен – жаман қасиеттерінен құтылғың келетін «адет адамы». Онымен тілдес және өзара әрекет жаса. Бірақ ол – сен емес!
5. Шегінуді де біл. Бірақ есіңде болсын, тактикалық жеңіліс стратегиялық жеңістегі сенімділіктен тайдырмауы тиіс.
6. Әрекетті өзіңе оң эмоциямен үйлестіруге тырыс, жағымды уайымдармен өз жеңісіңді нығайт.
Қарым-қатынас жасауға бірнеше пайдалы кеңестер
1. Бірінші әсер бойынша үзілді-кесілді тұжырым жасауға асықпа, әсіресе, жағымсыз бағадан аулақ бол.
2. Барлық адамдар әртүрлі екендігі туралы ұмытпа, әр адам қайталанбас және бірегей. Өмірде адамды қандай да бір типке жатқызудың, адамдарды бөлудің қажеті жоқ.
3. Біз жиі адамдарға ренжиміз және оларға риза еместігімізді көрсетеміз, өйткені олар біздің үміттерімізді ақтамайды. Бірақ адамдар біздің қалағанымыздай болуға міндетті емес.
4. Есіңде болсын, кез-келген адам өзінің мәнінде өзгеруге деген бірегей қабілеті бар.
5. Еш уақытта адамның тәртібі мен оның тұлғасын шатастырма. Адамның қылығын бағалай отырып, еш уақытта оның тұлғасына жарлық ілме.
6. Кез-келген адамды тұтастай оның барлық кемшіліктерімен және жетістіктерімен қабылдауды үйрен.
7. Дейл карнеги айтқандай, адамды өзгерткің келсе, өзіңнен баста – бұл тиімдірек және қауіпсіз.
Есептерді ойша қалай шешуге болады
1. Тапсырманың шарттарың нақты ұғын. Өзіңе әйгілінің шегін нақтырақ анықта.
2. Тапсырманың мәселесін қайта тұжырымда. Ол басқаша қалай дыбыстайды?
3. Тапсырманың сауалына жауап беру үшін саған қандай ақпараттың жетіспейтіндігін түсіндір. Бұл ақпаратты қалай табуға болатынын ойлан.
4. Тапсырмаға жаңаша қарап көр. Өзіңнің шешімге деген сәтсіз тәсілдеріңді талдай отырып, өзіңе жауап бер: бұл тәсілдер шаблондық емес пе? Оның стереотиптілігі неде: неге олар жарамсыз?
5. Өзіңнің бейсанаңды қолдан. Сенің бейсанаң өздігінен жұмыс істейтін болады, және мүмкін ең жақсы нәтиже беруі мүмкін.
Өз санаңды қалай дамытуға болады
1. Есіңде болсын: сана еске, ой жылдамдығына, білім көлеміне соқпайды. Сана өзіне тұлғаның түрлі қасиеттерін қосады. Ми ойламайды, адам ми арқылы ойлайды.
2. Жігерлілік пен табандылық ойдың жеткіліксіз жылдамдығының орнын толтыруы мүмкін. Ақылдың төмен деңгейі – бұл адамдағы таңба емес.
3. Талда! Өзіңді, басқа адамдарды, қылықтарды, жағдайларды, құбылыстарды. Үнемі өз алдыңа сауалдар қойып отыр: неге? Қалай? Басқа болуы мүмкін бе еді? Себебі неде? Салдары қандай? Және оларға жауап бер, қорытынды жаса.
4. Өзіңнің санаңа өзіндік сын жолымен және басқалардың саналық қызметіне мейіріммен қара. Өз біліміңнің, өз құзыреттілігінің шегін ұғын, бірақ өз мүмкіндіктеріңді кемітпе.
5. Сананың ең басты құндылықтарының бірі – зейін тігуге қабілет. Басқа бөгде заттардан бөлініп, қажетті затқа өз назарыңды салуды үйрен. Үнемі жаттықтыр!
6. "Не позволяй твоему языку опережать твою мысль", - деп кеңес берген көне грекфилософыХилон. А Шекспир былай деген: "Где мало слов, там вес они имеют".
Мнемозинаның тоғыз өсиеті
1. Зейін– жадының кесікіші: ол өткір болған сайын, оның ізі тереңдей түседі. Ықыластың, жаңа білімдерге қызығушылықтың көп болған сайын, есте жақсырақ сақталады.
2. Есте сақтауға кірісу алдында, өз алдыңа мақсат қой – ұзақ уақытқа, одан жақсысы мәңгілікке сақтау. Ақпаратты ұзақ сақтауға орнату жақсы есте сақтау үшін жағдайды қамтиды.
3. Жаттап алудан бас тарт және мағыналық есте сақтауды қолдан:
4. 1) түсін; 2) логикалық ретті орнат; 3) материалды бөліктерге бөл және әрқайсысында «негізгі сөзді» немесе «тірек тармақты» тап.
5. Зейгарник құбылысы туралы біл: егер қандай да бір тапсырманың шешімі үзілсе, ол сәтті шешілген тапсырмалармен салыстырғанда, жақсырақ есте қалады.
6. Елестетусіз бес рет оқығаннан гөрі, бес рет оқып, бес рет елестеткен дұрыс.
7. Материалды «ізін суытпай» қайталауды баста, ұйқының алдында және таңертен.
8. «Ереже шегін» есепке ал: әдетте ақпараттың басы және соңы жақсы есте сақталады, ал ортасы «түсіп қалады».
9. Оқудың нағыз анасы қайталау емес, қолдану.
10. Кейде мнемотехниканы қолдан – есте сақтаудың жасанды тәсілдері. Мысалы, мағынасыз буындар"ри-ка-ку-по-лу-ша" «Присказку послушай» жасанды сөйлемге байланыстырып есте сақтауға болады.
Өз қабілеттеріңді қалай жетілдіруге болады
1. Өзіңнің ішкі дауысыңа, өзіңнің қызғушылықтарыңа және ықыластарыңа құлақ түріңіз. Біреуге еліктеуге қорықпа – сен бәрі-бір өз тағдырыңның ізашары боласың.
2. Ерте өзін-өзі анықтау әрине, уақытта ұтыс береді, бірақ өз дарындылығыңды іздеу кезінде уақыт өткізіп алатыныңа қауіптенудің қажеті жоқ. Отандастарымыз әйгілі адамдар деп есептеген мыңдаған американдық-замандастарынан өз мамандығын 160 адам ауыстырды, соның ішінде 37% - екі рет, ал 20% - екіден аса.
3. Ұлы француз жазушысы, Эмиль Золя, өзін таңертен орындыққа байлап отыратын, жазғың келсін, келмесін – жазасын. Барлық данышпандарда бір ғана жалпы келбеті бар – ол зор еңбек сүйгіштік.
4. Гете: "Кім ұлылыққа қол жеткізгісі келеді, сол өзін шектете білуі керек. Кім керісінше , барлығын қаласа, сол іс жүзінде ештеңені керексінбейді және ештеңеге қол жеткізбейді» деген. Бірақ шектеу шектеулікке айнгалмауы тиіс.
5. Егер сенде бір нәрсеге қабілет болмаса, бірақ сол салада айналысуға үлкен ықылас болса – бұл қасірет емес. Психологияда алмастыру құбылысы танымал: басқа тұлғалық келбеттер қабілеттің жетіспеген бөлшектерінің орын толтырады.
Өз қиялыңды қалай пайдалануға болады
1. Қиял – көптеген дербес мәселелерге қарсы күшті қару. Бірақ бұл қарумен өзіңде жаралануың мүмкін. Оқу осы қиялды сақтау емес, онымен басқару.
2. Қиялыңа толық еркіндік беру әдетінен бас тарт.
3. Кейде бізге біздің қиялымыздың немесе жадымыздың мезі болатын образынан құтылу қажет болады. Бірақ нақты образды елестетуге, оны ойламауға тырысу – отты керосимен сөндіргенмен бірдей. Нақты образды күресу емес, ол туралы ойламау керек.
4. Мол, жарқын, татымды қиял бізге өмірде қажет. Нақты көру образын шақыруға мақсатты бағытталған қабілетті жаттықтыр, мысалы былай: су құйылған стақанға қара, көзіңді жұм және осы бейнені мүмкіндігінше нақтырақ суретте, қайта көзіңді аш, бейнені нақты түйсікпен сәйкестікке дейін түзет.
5. Табиғатта, өзен жағасында, орманда болған кезіңде демалыс сезімін есте сақта. Үйде, шаршаған кезіңде креслоға отырып, көзіңді жұм және бірнеше сәт өзеннің, орманның және табиғатта өзіңнің тыныштық сезіміңді елестет. Сен тамаша демаласың.
Өз көңіл-күйінді қалай басқаруға болады
1. Толықтай эмоциядан құтылу санасыз және мүмкін емес. Жаман және жақсы эмоция деген жоқ. Жан-Жак Руссоның ойынша «барлық құмарлық жақсы, егер оның барлығымен иеленсек, және барлығы жаман, егер біз оған бағынсақ".
2. Қуанышты көңіл-күйдің қажетті шарттары – адамдармен жақсы қарым-қатынас. Және керісінше: өмірді қуанышты қабылдау – басқалардың сені ұнатқаны және ықыласы. Адамдарға мейрімді және сыйластық қатынасқа өзіңе нұсқау бер. Шекспир дұрыс айтқан: "Напрасно думать, будто резкий тон есть признак прямодушия и силы".
3. Өзіңде эмоциянгы жай ғана басуға тырыспа. Басылған сезімдер бәрі-бір қандай да бір әдіспен сыртқа шығады немесе аурудың себебі болады. Одан да бұл эмоцияларды сырттай «шығар», бірақ қоршаған адамдарға зиянын тигізбей.
4. Егер сенде тітіркенгіштік немесе ашулық пайда болса, олармен күреспе, керісінше оларды өзіңнен «алшақтат». Олардың өтуін бақыла, оның туындауының себептерін талда, сонда бұл себептің қаншалықты ұсақ, елең-селең екендігіне көзің жетеді. Бұның барлығы жағымсыз эмоциялардың өшуіне ықпал етеді.
5. Жақын адамдармен қарым-қатынаста қандай да бір жағдайда туындаған өз сезімдерің туралы ашық айту қажет болады. Бұл қарым-қатынастағы тұйықтыққа және жасандылыққа қарағанда, өте жақсы.
Алғашқы оң әсерді қалай көрсету
1. Басқа адамның болжалына жауап беретіндей киініңіз. Басқа адамның ойынша жағдайға сәйкес келетіндей киім киіңіз.
2. Адамды көргенде, жымиыңыз. Дәл осы адамға жымиыңыз.
3. Байланысты көзбен орнатыңыз және ұстаңыз. Әлдекім сөйлеп жатқанда, төмен, жан-жаққа емес, сол адамға қараңыз, бірақ асырып жібермеңіз, бедірейме дегендей, көз алмай қарамаңыз. Бірінші болып амандасып, қолыңызды созыңыз.
4. Қол алысу ілтипатпен – әлсіз емес, бірақ қолды ауыртатындай емес.
5. Кірген адамды шынайы қарсы алыңыз. Сәлемдесудің үздік түрі «Қалайсыз» дегеннен гөрі «Сізді көргеніме қуаныштымын» дұрыс.
6. Кірген адамды атымен атаңыз. Оны сенімді және тиянақты айтыңыз. Есімін дұрыс айтқаныңызға сенімді болыңыз.
7. Тым ақырын немесе тым қатты сөйлемеңіз. Егер ақырын сөйлесеңіз, адамдар сізді қауіпті жағдайда деп ойлап қалулары мүмкін. Басқа жағынан, мұны дөрекі деп есептеулері мүмкін.
8. Егер сіз қожайын болсаңыз, қонақжайлылық белгісін танытыңыз, кофе немесе салқын сусын ұсыныңыз. Егер сіздің қонағыңыз басқа мәдениет өкілі болса, алдын ала оның қонақжайлылық туралы түсінігін анықтап алыңыз.
9. Егер кездесу сіздің кабинетіңізде өтетін болса, адамды кіре-берісте күтіп алыңыз. Одан да жақсысы оны сіздің кабинетіңіздің жанынан күтіп алып, өзіңізге шығарып салу.
10. Егер сіз қонақ болсаңыз, өзіңізді қожайынды және басқа адамдарды ренжітіп алмайтындай ұстаңыз. Жергілікті салт-дәстүрді үйреніп алыңыз.
11. Мүмкіндігінше адам туралы және оның компаниясы туралы барлығын біліп алыңыз. Өз біліміңізді әңгімелесу кезінде пайдаланыңыз.
12. Әдептілік этикетінің негізгі ережелерін игеріп алыңыз. Басқа адамның сөзін бөлмеңіз. Егер сіз өз біліміңізден күмәндансаңыз, заманауи іскерлік этикет кітабіна жүгініңіз.
13. Көп тыңдап, аз сөйлеуге тырысыңыз. Сіз құрметті, қамқорлы және зиялы болып көрінесіз. Әлбетте, егер әңгімелесуші – жақсы тыңдарман болып, сізді тыңдағысы келсе, оның қалауын жерге тастамаңыз.
