Сенім телефоны
8/7182/356596
email: sosh38@goo.edu.kz
Мекенжайы: Мойылды ауылы Абай көшесі 1
8/7182/356596
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
In a year
In a month
In a week
Yesterday
ҚАМҚОРШЫЛЫҚ КЕҢЕСІ

Қамқоршылық кеңес

Қамқоршылық кеңес  -заңды және жеке тұлғалардан білім беру мекеме шотына түскен қайырымдылық жарналарына қоғамдық бақылау жүргізетін алқалы орган.      

Қамқоршылық кеңестің мақсаты

1) білім беру ұйымының жарғы қызметтерін іске асыруына көмек беру;
2) білім беру оқу бағдарламаларын жүзеге асыру мақсатында ұйымның педагогика ұжымы және оқушылар үшін қажетті жағдай жасау;
3) білім беру ұйымының материалды-техникалық базасын нығайту, қаржылай қамтамасыз ету;
4) білім беру ұйымының әрі қарай дамуы үшін жәрдем ету;

Қамқоршылық кеңесінің негізгі бағыттары

1) әлеуметтік-мәдени және сауықтыру шараларын өткізуде білім беру ұйымына көмек көрсету;  
2) тәрбие және білім саласындағы халықаралық қатынасты орнатуға және дамытуға жәрдемдесу; 
3) халықтың осал топтарынан шыққан оқушылардың білім алуына, тұрмыс жағдайын жақсартуға, жұмысқа орналастыруға көмектесу;

4) білім беру ұйым жұмысындағы кемшіліктерін жоюға бағытталған ұсыныстарды енгізу.

Қамқоршылық кеңесінің негізгі міндеттері

·  Білім беру үдерісін ұйымдастыруға және жетілдіруге жәрдем көрсету;

·  Білім беру ұйымына педагогика қызметкерлерінің  және оқушылардың жұмысын ұйымдастыруға жәрдем ету;

·  Білім беру мекемесіне педагогика және басқа да қызметкерлердің еңбек жағдайын ұйымдастыруға және жақсартуға көмек көрсету;

·  Білім беру мекемесіне мәдени-сауықтыру, туристік-экскурсиялық және спорттық-көпшілік шараларын ұйымдастыруға көмектесу;

·  Білім беру мекемесіне материалды-техникалық базасын жетілдіруге жәрдемдесу; (аббаттандыру және жарықтандыру т.с.с.);

·  Білім беру мекемесін дамыту және білім үдерісінің аса тиімділігін қамтамасыз ету үшін бюджеттен тыс қаржы алу; 

·  Білім беру мекеме оқушыларының,тәрбиеленушілерінің және қызметкерлерінің қауіпсіздігін қамтамасыз ету үшін көмек көрсету.

«Қамқоршылық кеңесі туралы Ереже»

Қамқоршылық кеңесінің жұмысы келесі нормативтік актілерімен белгіленеді:

1.    ҚР «Білім туралы» Заңы 44 бап, 9 тармақ;

2.    Қазақстан Республикасының Білім және Ғылым Министрлігі 2017 жылғы 27 шілдедігі №355 «Қамқоршылық кеңестің Үлгілік ережесін және сайлау тәртібін бекіту туралы» бұйрығы;

3.    2017 жылғы 27 шілдедігі «Қамқоршылық кеңестің Үлгілік ережесі және сайлау тәртібі»;

4.   №26ЖОМ Жарғысы.

Қамқоршылық кеңес құқылы:

·    Білім беру мекеме жетекшілігінен, қажет болса, оның орынбасарларынан, педагогика жұмысының жағдайы туралы ақпарат алу;

·   Білім беру мекемесіндегі оқушылар білім және тәрбие алу, сондай-ақ олардың денсаулықтарын нығайту және тамақтандыруды ұйымдастыру үшін тиімді жағдай жасау бойынша әкімшілікке ұсыныстар енгізу;  

· Білім беру мекемесінің дамытуына үлес қосатын қайырымдылық және басқа да ұйымдарымен қарым-қатынас жасау;  

· Заңды және жеке тұлғалардан түскен жарналарын мақсатты пайдалану бойынша қоғамдық бақылау жүргізу.