Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)62-00-10
Адрес: Ак.Сатпаева көшесі, 251
8(7182)62-00-10- басшы 8(7182)62-00-12 - вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі 15.00 - 18.00
Тілашар (логопед беті)

ЛОГОПЕДТІҢ АТА-АНАЛАРҒА КЕҢЕСІ

 

«Баланың отбасындағы дұрыс сөйлеу тілінің дамуы»

Мектеп жасына дейінгі кезеңде дұрыс сөйлеу тілі қалыптасады. Осы кезде бала ана тілінің дыбыстарын меңгереді, сөздерді анық сөйлеуге үйренеді, сөздік қорын толықтырады, сөйлеу тілін грамматикалық жағынан дұрыс айтуға үйренеді. Кей кезде баланың дұрыс сөйлемеуі, оның тәрбиесімен байланысты, өйткені ересектермен қарым қатынаста бала тек қана, сөйлеу тілінің қалпын және қателерін меңгереді.

Сөйлеу тілінің дамуы және қалыптасуы біртіндеп өтеді. Бұл ұзақ және күрделі процесс. Егер ата –аналар баламен жиі сөйлесіп, ойнап, кітап оқып, тақпақтар жаттаса оның сөйлеу тілі дамиды.

Дұрыс сөйлеу тілі дегенде, дыбыстарды дұрыс айту және грамматикалық формаларды дұрыс айту. Баланың дыбыстарды дұрыс айтуы үшін онымен жаңылтпаш, санамақ, жұмбақ, тақпақтар, шағын әңгімелер оқып жаттау керек. Егер бала 5-6 жасқа дейін дыбыстарды дұрыс айта алмаса, онда логопедпен жұмыс істеу керек. Дыбыстардың дұрыс айтылуын тек қана тәрбиешіге емес, ата анаға да жетімді.

Отбасында бала дыбысты немесе сөзді дұрыс айтпаса, баланы түзетеді, бірақ оны дұрыс түзетпейді. Баланың қатесін зейінсіз қалтыруға болмайды. Бірақ жиі түзету, қайырып тастау, кері нәтиже беруі мүмкін – ұялшақтық, кесеру. Баланың қателерін түзеткенде, абай болу керек. Балаға ұрысып, сөздерді дер кезде және дұрыс айтқызуға болмайды. Мұндай әрекет жағымды нәтиже бермейді, бала мұндай сөздерді қолданбай қояды немесе мүлдем сөйлемей, тұйық болады. Қателерді түзеткенде, әдепті және мейірімді екпінмен айту керек. Мүмкіндік бойынша баланың қатесін қайталамау керек. Дыбысталудың үлгісін берген жөн.

Баланың сөйлеу тілінің дұрыс болуында, ата аналарға бірнеше шарттарды сақтау керек.

 

  1. Баланың сөйлей тілінің дамуын тездетпеу керек.
  2. Баланы еркелетіп, сөйлеу тілінің дамуына кедергі жасамаңыз.
  3. Баламен сөйлескенде өзіңіздің сөйлеу тіліңізді қадағалаңыз.
  4. Дер кезінде баланың қатесін түзеңіз.
  5. Баланың сұрақтарын жауапсыз қалдырмаңыз.

 

Логопедтің ата-аналарға кеңесі

1. Әр іс әрекет кезінде өз балаңызбен сөйлесіңіз, мысалы, тамақ жасау кезінде, үй жинап жүргенде, киіндіріп-шешіндіргенде, ойнағанда, серуенге шыққанда және т.б. не істеп жатқаныңызды, не көргеніңізді, бала не істегенін, басқа адамдар не істеп жатқандарын және баланың не көріп отырғанын айтып отырыңыз.

2. Асықпай сөйлесіңіз, қалыпты темпте, интонациямен.

3. Құрастырылған сөздерді, сөйлемдерді ДҰРЫС қолданып айтыңыз. Сіздің сөйлеміңіз баланың сөйлемінен 1 – 3 сөзге ұзын болу керек. Егер де сіздің балаңыз өз ойын әлі тек бір сөздік сөйлемдермен ғана білдірсе, онда сіздің сөйлемшеңіз екі үш сөзден тұру керек.

4. АШЫҚ сұрақтарды қойыңыз. Бұл балаңыздың жауап бергенде бірнеше сөздерді қолдануға итермелейді. Мысалы: «Ол ойнып отыр ма?» дегеннің орнына «Ол не істеп отыр?». Егер де бала жауабында қиналса, сұрақты қоя отырып «немесе» деген сөзді қолданыңыз. Мысалы: «Бала секіріп тұр ма немесе жүгіріп бара ма?».

 5.  Баланың сөйлеуіне және сұрақтарға жауап беруіне мүмкіндік үшін, уақытты кішкене созып тұрыңыз.

6. Сізді қоршаған дыбыстар мен дауылдарды таңдаңыз. Балаға айтыңыз: «Тыңдашы, ит қалай үретінін, ал бұл желдің дауылы» және т.б. Ал сосын сұраңыз «Бұл не?» Бұл иттің үруі, желдің дауылы, ұшақтың дыбысы, жапытақтардың сылбыры, өзеннің сылдырлап ағуы және т.б.

7. Қысқа әңгіме, оқиғаны айтыңыз. Сосын балаға бұл оқиғаны Сізге немесе басқа кісіге айтып беруіңе көмектесіңіз. Қиналған кездеріңде, бағыттайтын сұрақтарды қойыңыз.

8.  Егерт де бала сөйлегенде бірнеше ғана сөздерді қолданса, оның сөздік қорын байыту үшін жаңа сөздермен таңыстырыңыз. 5-6 сөз таңдаңыз (дене бөліктері, ойыншықтар, азық-түліктер) және оларды балаға атаңыз. Оған сөздерді қайталауға мүмкіндік беріңіз. Бала оларды үздік дыбыстайды деп күтпеңіз. Баланы жандандырып, сөздерді жаттатқыздыра беріңіз. Бала сөздерді дыбыстаған кейін, 5-6 сөзді енгіздіріңіз. Бала оны қоршап жатқан көп заттардың аттарын меңгергенше дейін, осылай сөздерді қосып отырыңыз. Күн сайын жаттықтырыңыз.

9. Егер де бала бір сөз ғана айтса, оған қысқа сөйлемшелерді жаттатқыздырыңыз. Балаңыз білетін сөздерді қолдаңыңыз. Түс, көлем, әрекетті қосыңыз. Мысалы: егер де бала «доп» десе, кейін оны «улкен доп», «Арманның добы», «дөңгелек доп» деуге үйретіңіз.

10. Жаттығулардың көбін ойын түрінде өткізіңіз. Баламен жұмыс оның сөзді еліктеуін, байланыс тілдің элементтерінің қалыптасуын, естің және зейіннің дамуын белсендіреді.

 

Ұмытпаңыз: Баламен ойнап отырып, оны жаттықтырыңыз.

 

Сіздің балаңыз ен керемет бала!