Сенім телефоны
8(7182)62-00-10
email: sad11@goo.edu.kz
Мекенжайы: Ак.Сатпаева көшесі, 251
8(7182)62-00-10- басшы 8(7182)62-00-12 - вахта
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 15.00 - 18.00
Балабақша тарихы

1923 жылы дәулетті көпес Красноперовтың үйінде жұмыскерлердің қажеттіліктеріне қамқорлық жасау мақсатында балалар бақшасы ашылды. Онда алғашында 30 баладан бір топ қана болды. Ол жылдары балалар бақшасында жұмыс істеу өте қиын болды. Павлодар кеме жөндеу зауытының кәсіподақ ұйымы ең үздік жұмыскерлерін тәрбиешілікке жіберді. Балалар бақшасының ең алғашқы меңгерушісі А.П.Рогожина болды. Осылайша кеме жөндеу шеберханасында тағы бір маңызды цех – «Кораблик» балалар бақшасы пайда болды.

 

Жылдан жылға балабақша өмірі жақсара түсті. 1940 жылдарда материалдық қоры артты, балалардың саны да өсті. Балабақша ескі ғимараттан жаңа, барлық қолайлылықтармен жабдықталған, кемешілер қалашығына жақын жерде орналасқан ғимаратқа көшті.

 

            Балабақшаның әрі қарай өміріне соғыс кедергі жасады. Тамақтану, киіну, ғимаратты  жылыту қиыншылықтары  және  ыдыс аяқ, төсек-орын, ең негізгісі азық-түліктің жетіспеушілігі басталды. Жұмыскерлер өздері карточка бойынша алатын нан үлесінің жартысын балабақшамен бөлісті. Осындай қиыншылықтарға қарамастан балабақша жұмыс істеуін бір күн де тоқтатқан жоқ. Оның жұмыс істеуі біршама болса да майданның тапсырмаларын орындауға көп көмек болды.

            Соғыстан кейінгі ауыр жылдары балабақшаны меңгеру ісі осы балабақшаның түлегі, Ұлы Отан соғысының қатысушысы, партизан қатарынан Зинаида Игнатьевна Лысенкоға жүктелді.  Ол балабақшаны материалдық  жағынан  қатайтып,  жас,  еңбексүйгіш, шығармашылығы мол ұжымға айналдырды.Оның 30 жыл өмірі осы балабақшаның балаларын тәрбиелеуге жұмсалынды. Қазіргі кезде З.И.Лысенко арамызда жоқ, бірақ жасы қартайса да, ол балабақша өмірі туралы әрқашан хабардар болуға тырысты.

            1976 жылы біздің «Кораблик» атты кемеміздің капитаны Нина Даниловна Денчик болды. Қайратты, еркін мінезді меңгеруші балабақша ұжымының әдет-ғұрыптарын сақтап және толықтыра отырып, жұмысын дұрыс бағытқа қоя білді.  Жаңа кезеңдер басталды. Қала да өсе бастады, жаңа кәсіпорындар пайда болды, бұрынғылар өсіп, көркейе бастады.

            Кеме жөндеу зауыты кеме жөндеу және кеме жасау зауыты болып өзгерді. Балабақша ғимараты уақыт талаптарына сай келмеді, өйткені балалар бақшаға сыймады.

    М.А.Калинина

            1981жылы кеме жасау зауыты тұрғызған екі қабатты ғимаратқа  «Кораблик» балабақшасы  салтанатты түрде   ат басын тіреді, және осы күнге дейін сол жерде тұр.

 

            Жаңа ғимаратқа барлық мүмкіншіліктері бар жағдай жасау үшін қаншама қиын да қызықты, шығармашылықты жұмыс  күндері бастан кешілді. Нина Даниловнаның іскер басшылығының, ұжымның шығармашылық еңбек қабілеттілігінің ұйымдасқандығының арқасында біздің балабақша әрқашан алдыңғы қатарда болды. Қазіргі кезде еңбегі сіңген демалыста бола отырып, Нина Даниловна балабақша өміріне ат салысады.

            Тұрақсыз кезеңдер, балабақшалардың жабылуы, ұжымдардың тарауы, адам өмірінің қиыншылық кезеңдерін барлығымыз да ұмытпаймыз. Балабақшада өз мамандығына берілген, өзінің ынтасымен жұмыс атқаратын қызметкерлер ғана қалды. Осындай қиын кезеңдерде балабақшаны басқару ісі тағы да осы балабақшаның түлегі  Вера Евгеньевна Софийскаяға жүктелді. Вера Евгеньевна балабақша тәрбиешісінен директор қызметіне дейін көтерілді. Өзінің көпжылдық еңбек жолында жоғарғы педагогикалық  «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі», атағының  және «Еңбек ардагері атағының иегері. Оның іскерлігінің құпиясы - адамның білімге құштарлығын, ұстамдылығын, тәртіптілігін, ең бастысы – балаға деген сүйіспеншілігін бағалай біледі. Вера Евгеньевна өз мамандығын бағалай білетін, еңбексүйгіш ұжымды құрай білді. Қазіргі кезде В. Е. Софийская еңбегі сіңген демалыста, бірақ Вера Евгеньевна күн сайын сүйікті балабақшасының хал-жағдайын сұрап телефон соғып тұрады.

            «Корабликтің кезегін осы күнге дейін Любовь Николаевна Моторыкина мен Галина Александровна Бухтарова алып келе жатыр. Олардың педагогикалық еңбек жолы әлдеқашан 40 жылдан асып кеткен. Любовь Николавена педагогикалық еңбектің ардагері және медальдің иегері.

        Біздің балабақшадаТатьяна Анатольевна Тутаева, Гүлбану Темірханқызы Шәкенова, Наталья Степановна Федотова сияқты өз жұмысына берілген  педагогтар 30 жылдан аса қызмет етуде.

«Корабликте төмендегі қызметкерлер 10-20 жыл бойы қызмет атқаруда: Валентина Александровна Александрова, Виктория Эдуардовна Тимченко, Татьяна Николаевна Рыбакова, Роза Владимировна Чернова, Салтанат Егімбайқызы Әленова, Татьяна Юрьевна Клинк, Наталья Викторовна Фроленкова,  Людмила Леонидовна Шевелева, Юлия Владимировна Курилова, Наталья Ивановна Шумилова, Фарида  Шамильевна Кадырова, Наталья Николаевна Шилова.

Елена Николаевна Беркетова, Надежда Николаевна Штетингерт, Надежда Александровна Пахандрина, Елена Васильевна Михейлис, Людмила Анатольевна Скребцова, Татьяна Михайловна Вербас секілді өсіп келе жатқан жас мамандарға да көп күш жұмсалынды.

Балаларды тәрбиелеуде қазіргі зейнеткер Анна Ивановна Алимованың еңбегі өте зор – оның еңбек өтілі 40 жылдан асады, «Қазақстан Республикасы білім беру саласының үздігі», оның шебер қолымен балабақшаны безендірген көптеген қызықты мүсіндер, заттар, гүлсалғыштар жасалынды. Вера Алексеевна Чижованың еңбек өтілі 30 жылдан асады, ол көптеген болашақ бірінші сыныпқа барушыларды дайындаған тамаша әйел. 

 

Қазіргі  «Кораблик» - бұл жағымды, оңды, шығармашылығы мол, өмір қиыншылықтарына мойымаған педагогтар ұжымы.  Тәрбиеленушілерінен үш әулет өткен – бұл аз уақыт  кезеңі емес. Біздің балабақшаның бұрынға тәрбиеленушілері өздерінің немерелерін әкеледі және үлкен алғыспен барлық  балабақша ұжымын еске алады.

«Кораблик», саған сәт-сапар тілейміз!