Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(718)2 22-77-32 Сенім телефоны балаларға,жасөспірімдерге және олардың ата-аналарына арналған 2808, тегін, тәулік бойы, анонимді.
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 35/1
8(718) 2 22-77- 32
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі 16.00-18.00
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
страница руководителя

СМАГУЛОВА ЖАНАТ АСКАРҚЫЗЫ

Жоғары білімді басшы.

1969 жылғы 7 тамызда Семей облысында дүниеге келген.

1990 жылы Семей педагогикалық институтының мектепке дейінгі факультетін бітірген.

2005 жылы Павлодар мемлекеттік педагогикалық институтында «Педагогика» мамандығы бойынша магистратураны бітірген.

Еңбек жолын 1990 жылы Семей облысы, Б-Владимировка ауылындағы №2 балабақшада тәрбиеші қызметінен бастаған.

1992 жылдан 1995 жылға дейін Семей облысы, Б-Владимировка ауылындағы мектеп-балабақшада әдіскер болып жұмыс істеген.

Біліктілік санаты: І санатты «Педагог-лидер», 2025 жыл.

2002 жылдан бастап №93 мектепке дейінгі ұйымда басшы қызметін атқарды.

Павлодар қаласы білім бөлімінің бағыты бойынша мектепке дейінгі білім беру ұйымдарын қалпына келтіру жұмыстарына қатысты:

1. №17 мектепке дейінгі ұйым – 2009 жыл.

2. №28 мектепке дейінгі ұйым – 2010 жыл.

3. №41 мектепке дейінгі ұйым – 2012 жыл.

4. №49 мектепке дейінгі ұйым – 2015 жыл.

2024 жылғы 1 тамыздан бастап конкурс нәтижесі бойынша КГКП «Павлодар қаласының №82 арнайы ясли-бақшасы» басшысы қызметіне тағайындалды.

Смағұлова Жанат Асқарқызы – өз ісін жетік білетін, теориялық және практикалық білімі жоғары деңгейдегі білікті басшы. Үнемі жаңашылдыққа ұмтылысы мен шығармашылық бағыттылығы қызметкерлердің бастамаларын қолдап, дамытуға мүмкіндік береді. Жұмыс барысында қызметкерлердің жаңашылдық танытып, тұлға ретінде өзін жүзеге асыруына бағытталған өзіндік жұмыс стилі мен әдістерін қалыптастыра білген. Ата-аналар қауымының педагогикалық білімдері мен дағдыларын арттыру бойынша жұмысты (марафондар, акциялар, тренингтер және басқа да жұмыс түрлері) мазмұнды әрі қызықты ұйымдастырады.

Жанат Асқарқызы кәсіби-педагогикалық тұрғыдан кемелденген, ғылыми-зерттеу жұмыстарын жүргізе отырып, білім беру мен педагогика ғылымын дамытудың негізгі бағыттары мен перспективаларын, мектепке дейінгі жастағы балаларды оқыту мен тәрбиелеу бағдарламаларын, озық педагогикалық тәжірибе материалдарын жақсы меңгерген.

Павлодар қаласының ППКБАИ педагогикалық оқуларына қатысады, бірнеше рет ПМУ жанындағы Сәтбаев оқуларының қатысушысы болды. Педагогикалық олимпиадаларға қазылар алқасының мүшесі ретінде, ПМПИ ұйымдастырған семинарлар мен конференцияларға қатысып келеді. ПМПИ студенттерінің дипломдық жұмыстарына рецензент болып табылады. Оның «Ересектер мен балалардың тұлғалық-бағытталған өзара іс-қимылы» тақырыбындағы тәжірибесі Семей қаласында өткен республикалық ғылыми-практикалық конференция материалдарының жинағында жарияланған.

№93, №17, №49, №82 мектепке дейінгі ұйымдарының басшысы қызметін атқарған жылдар ішінде ұжымдар қалалық, облыстық байқаулар мен республикалық акцияларға қатысып, дипломдармен, грамоталармен және бағалы сыйлықтармен марапатталды.

2024 жылғы 1 тамыздан бастап, басшы қызметіне ресми тағайындалған сәттен бері көру қабілеті бұзылған балаларды сауықтыруға бағытталған мектепке дейінгі ұйымда барлық қызметтердің жұмысын нәтижелі ұйымдастырып келеді.

Әріптестері мен ата-аналар қауымы арасында Жанат Асқарқызы өзінің ұйымшылдығымен, белсенділігімен, адамдарды түсіне білуімен ерекшеленеді және құрмет пен беделге ие.

1. Павлодар қаласы білім бөлімінің сараптамалық құрамы мен аттестаттау комиссиясының мүшесі.

2. «Педагогикалық-психологиялық университет» КЕАҚ сараптамалық кеңесінің мүшесі.

3. Павлодар қаласы балабақша басшылары кеңесінің мүшесі.

4. Мектепке дейінгі ұйымдарды жобалау, құжаттандыру және жабдықтау мәселелері бойынша консультант.

5. «Педагогикалық-психологиялық университет» КЕАҚ түлектерінің дипломдық жұмыстарына рецензент.

6. «Жас басшы мектебінің», «Біліктілікті арттыру және кадрларды қайта даярлау курстарының» лекторы.

7. «Мектепке дейінгі ұйымдарға арналған жиһаздарды дайындау бойынша әдістемелік ұсынымдарды» әзірлеу жөніндегі сарапшы.

8. Павлодар облысының білім беруді дамытудың инновациялық орталығы КММ сараптамалық кеңесінің мүшесі.

Құрметті әріптестер, пікірлестер, ата-аналар! 

Сіздерді біздің сайтымыздың парақшаларында қарсы алғанымызға қуаныштымыз!

 

Біздің балабақшамыздың табалдырығын аттаған сәттен бастап, сіздер баланың жарқын да қайталанбас әлеміне енесіздер. Мұнда әрбір тәрбиеленушінің қызықты әрі мазмұнды өмір сүруіне барлық жағдай жасалған.

Біздің сайтымыз, ең алдымен, баланың мектепке дейінгі балалық шағын оның жас және жеке ерекшеліктері мен бейімділіктеріне сәйкес толыққанды өткізуіне қолайлы жағдай жасауға, әр баланың қабілеті мен шығармашылық әлеуетін дамытуға, қазіргі қоғамдағы өмірге дайындауға мүдделі, сондай-ақ білікті мамандармен ынтымақтастық орнатқысы келетін жандарға арналған.

Біздің сайтымыздан мектепке дейінгі ұйыммен (бұдан әрі – МДҰ) таныса аласыздар:

  • МДҰ қызметкерлерімен;
  • МДҰ қызметін реттейтін құжаттармен.

Біле аласыздар:

  • МДҰ-ның соңғы жаңалықтары туралы;
  • МДҰ-дағы және топтардағы балалардың өмірі туралы;
  • ауруларды емдеу және алдын алу шаралары туралы;
  • шаруашылық қызмет туралы;
  • қадағалау және бақылау туралы;
  • біздің жетістіктеріміз бен мәселелеріміз туралы.

Таба аласыздар:

  • МДҰ және педагогикалық ұжым жүзеге асыратын Негізгі білім беру бағдарламасы туралы ақпаратты;
  • МДҰ мамандары мен тәрбиешілерінің кеңестерін;
  • мерекелерімізден, қойылымдарымыздан, күнделікті өмірден, тәрбиешілер мен мамандардың балалармен өткізген сәттерінен фотосуреттерді.

Өздеріңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыздар:

Балаларды тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша МДҰ қызметкерлеріне өз тілектеріңізді, ұсыныстарыңызды, пікірлеріңізді және сайттың жұмысына қатысты ойларыңызды қалдырсаңыздар, біз қуанышты боламыз.

Сіздерге шын жүректен зор жетістіктер, толағай табыстар, мықты денсаулық пен сарқылмас оптимизм тілеймін! Құрметті ата-аналар мен әріптестер, педагогикалық ұжымымызбен жемісті әрі нәтижелі ынтымақтастық орнайтынына сенемін!

Сайт парақшалары бойынша саяхатыңыз сәтті өтсін!