Сенім телефоны
8(718)254-93-56
email: gkkpsad82@mail.ru
Мекенжайы: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 35/1
8(718)254-93-56 - басшы 8(718)265-43-16 - бухгалтерлік есеп 8(718)254-93-62 - ауысым
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00- 18.00
АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ


АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ

Мектепке дейінгі мекемеге келмейтін балалардың

ата-аналарына арналған хабарландыру

Құрметті ата-аналар!

 
 

Егер Сіздің балаңыз балабақшаға келмесе, Сізде баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз біздің Ақыл-кеңес беретін пунктімізге жүгініп, баланы тәрбиелеу, оқыту, дамыту мен сауықтыру мәселелері бойынша тәжірибелі педагогтар  мен психологтан ақыл-кеңестік және тәжірибелік көмек ала аласыз.

Біз Сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз, Сізге педагогикалық тәжірибеңізді байытуға көмектесеміз, қажетті психологты-педагогикалық әдебиетті кеңестейміз және береміз, түрлі дамыту мен түзету технологияларын үйретеміз, және де, Сіздің балаңызбен танысқаннан кейін, дәл Сіздің балаңызға жарайтын білім беру бағдарын және тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын таңдау бойынша ұсыныстарды береміз. 

Ақыл-кеңеске жазылу телефоны: (87182)54-93-62

 

 

 

Ақыл-кеңес беру пунктінің мақсаттары мен міндеттері

1. Отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамытудың түрлі мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологты-педагогикалық көмек көрсету.  

3. Білім беру мекемелеріне бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруде көмек кқрсету.

4. Білім беру мекемелеріне бармайтын мектепке дейінгі жастағы балалардың дене, психикалық және әлеуметтік дамуындағы түрлі ауытқуларды комплексті тексеріп, алдын алуды жүргізу.  

 

Ақыл-кеңес беру пунктінде Сіз тәжірибелі мамандардан тегін білікті көмек аласыз:

Дәрігер-офтальмолог

Алмагул Токеновна Шакарова, Елена Юрьевна Письменая

-    көру қабілетінің бұзылуын алдын алу мақсатымен ата-аналарға ақыл-кеңестік көмек көрсету  

-    ата-аналардың сауалдары бойынша балалардың тексерулерін, олардағы кемшіліктердің құрылымдары мен көрсетілген дәрежесін анықтауды жүргізеді

 

Медбибі

 Татьяна Георгиевна Гасанова

-    отбасында баланың денсаулығын сақтауда, нығайтуда көмек көрсетеді;

-    ата-аналарды балалардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыру бойынша кеңестейді

 

Педагог-психолог Екатерина Олеговна Дачук

-    ата-аналарға МББМ жағдайларына бейімделу сұрақтары бойынша кеңес беру; 

-    ата-аналардың сұраулары бойынша баланың мектепте оқу мен оқу әрекетіне дайындық деңгейін, оның даму динамикасын анықтау мақсатымен баланың жеке психологиялық диагностикасын, тексеруін жүргізеді

 

Мұғалім-логопед Ирина Анатольевна Барабанова

-    баланың сөйлеу дамуын анықтау үшін, онымен тереңдетілген логопедтік тексеріс жүргізеді;

-    сөйлеудің бұзылуын алдын алу мақсатымен ата-аналарға ақыл-кеңестік көмек көрсетеді;

-    дыбыс шығарудың бұзылғандығын тезету бойынша мамандандырылған әдістерді үйретеді;

 

Мұғалім-тифлопедагог Айнур Ерланқызы Тохтаралыева

-    қалған көруді сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға ақыл-кеңес береді

-    ата-аналардың сұраулары бойынша сенсорлы түсініктері дамыту деңгейін, кеңістікте бейімделу мен ұсақ моториканы айқындау мақсатымен диагностикалық тексеруді жүргізеді

Жүзу бойынша нұсқаушы Лилия Тайстовна Геркус

-    денсаулық сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға ақыл-кеңестік көмек көрсетеді

 

 

 

 

Ақыл-кеңес беру пунктінің жұмыс кестесі

Әрекет түрі

Уақыты

Кезең

 

Ата-аналардың (заңды өкілдерінің) сауалдары бойынша топтық ақыл-кеңес

 

17.00-18.00

Жыл бойы, айдың әр 3-ші бейсенбісі

Ата-аналардың (заңды өкілдердің) сауалдары бойынша жеке ақыл-кеңес

16.00-18.00

Жыл бойы,

әр сейсенбі