Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(718)254-93-56
email: sad82@goo.edu.kz
Адрес: Қазақстан Республикасы, Павлодар қаласы, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы 35/1
8(718)254-93-56 - басшы 8(718)265-43-16 - бухгалтерлік есеп 8(718)254-93-62 - ауысым
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сейсенбі, бейсенбі - сағат 15.00- 18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday
АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ


АҚЫЛ-КЕҢЕС БЕРУ ПУНКТІ

Мектепке дейінгі мекемеге келмейтін балалардың

ата-аналарына арналған хабарландыру

Құрметті ата-аналар!

 
 

Егер Сіздің балаңыз балабақшаға келмесе, Сізде баланы тәрбиелеу мен дамытуға байланысты сұрақтар туындаса, сіз біздің Ақыл-кеңес беретін пунктімізге жүгініп, баланы тәрбиелеу, оқыту, дамыту мен сауықтыру мәселелері бойынша тәжірибелі педагогтар  мен психологтан ақыл-кеңестік және тәжірибелік көмек ала аласыз.

Біз Сіздің сұрақтарыңызға жауап береміз, Сізге педагогикалық тәжірибеңізді байытуға көмектесеміз, қажетті психологты-педагогикалық әдебиетті кеңестейміз және береміз, түрлі дамыту мен түзету технологияларын үйретеміз, және де, Сіздің балаңызбен танысқаннан кейін, дәл Сіздің балаңызға жарайтын білім беру бағдарын және тәрбиелеу мен оқытудың бағдарламаларын таңдау бойынша ұсыныстарды береміз. 

Ақыл-кеңеске жазылу телефоны: (87182)54-93-62

 

 

 

Ақыл-кеңес беру пунктінің мақсаттары мен міндеттері

1. Отбасылық және қоғамдық тәрбиелеудің бірлігі мен сабақтастығын қамтамасыз ету.

2. Мектепке дейінгі жастағы балаларды тәрбиелеу, оқыту мен дамытудың түрлі мәселелері бойынша ата-аналарға (заңды өкілдерге) психологты-педагогикалық көмек көрсету.  

3. Білім беру мекемелеріне бармайтын мектепке дейінгі жастағы балаларды әлеуметтендіруде көмек кқрсету.

4. Білім беру мекемелеріне бармайтын мектепке дейінгі жастағы балалардың дене, психикалық және әлеуметтік дамуындағы түрлі ауытқуларды комплексті тексеріп, алдын алуды жүргізу.  

 

Ақыл-кеңес беру пунктінде Сіз тәжірибелі мамандардан тегін білікті көмек аласыз:

Дәрігер-офтальмолог

Алмагул Токеновна Шакарова, Елена Юрьевна Письменая

-    көру қабілетінің бұзылуын алдын алу мақсатымен ата-аналарға ақыл-кеңестік көмек көрсету  

-    ата-аналардың сауалдары бойынша балалардың тексерулерін, олардағы кемшіліктердің құрылымдары мен көрсетілген дәрежесін анықтауды жүргізеді

 

Медбибі

 Татьяна Георгиевна Гасанова

-    отбасында баланың денсаулығын сақтауда, нығайтуда көмек көрсетеді;

-    ата-аналарды балалардың тамақтануын дұрыс ұйымдастыру бойынша кеңестейді

 

Педагог-психолог  Татьяна Викторовна Петрова

-    ата-аналарға МББМ жағдайларына бейімделу сұрақтары бойынша кеңес беру; 

-    ата-аналардың сұраулары бойынша баланың мектепте оқу мен оқу әрекетіне дайындық деңгейін, оның даму динамикасын анықтау мақсатымен баланың жеке психологиялық диагностикасын, тексеруін жүргізеді

 

Мұғалім-логопед Ирина Анатольевна Барабанова

-    баланың сөйлеу дамуын анықтау үшін, онымен тереңдетілген логопедтік тексеріс жүргізеді;

-    сөйлеудің бұзылуын алдын алу мақсатымен ата-аналарға ақыл-кеңестік көмек көрсетеді;

-    дыбыс шығарудың бұзылғандығын тезету бойынша мамандандырылған әдістерді үйретеді;

 

Мұғалім-тифлопедагог Мируерт Кабкенқызы Алашорда

-    қалған көруді сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға ақыл-кеңес береді

-    ата-аналардың сұраулары бойынша сенсорлы түсініктері дамыту деңгейін, кеңістікте бейімделу мен ұсақ моториканы айқындау мақсатымен диагностикалық тексеруді жүргізеді

Жүзу бойынша нұсқаушы Лилия Тайстовна Геркус

-    денсаулық сақтау мәселелері бойынша ата-аналарға ақыл-кеңестік көмек көрсетеді

 

 

 

 

Ақыл-кеңес беру пунктінің жұмыс кестесі

Әрекет түрі

Уақыты

Кезең

 

Ата-аналардың (заңды өкілдерінің) сауалдары бойынша топтық ақыл-кеңес

 

17.00-18.00

Жыл бойы, айдың әр 3-ші бейсенбісі

Ата-аналардың (заңды өкілдердің) сауалдары бойынша жеке ақыл-кеңес

16.00-18.00

Жыл бойы,

әр сейсенбі

2023 – 2024 оқу жылына «Көру қабілеті бұзылған балаларға арналған мамандандырылған үлгідегі № 82 сәбилер бақшасы» МҚКК

Кеңес беру пункті мамандарының жұмыс жоспары

 

1. Мақсаты: Отбасылық және қоғамдық тәрбиенің сабақтастығы мен біртұтастығын қамтамасыз ету

  1. Тапсырмалар:

1. Баланың тұлғалық дамуындағы әр түрлі ауытқулардың ертеден алдын алуды жүзеге асыру және мектепке дейінгі балалық шақтың барлық кезеңдерінде баланың тұлғалық және психофизикалық дамуына жәрдемдесу, сонымен қатар әлеуметтік және мектептік бейімделуін бұзу;

2. Ең алдымен мектепте жүйелі түрде оқу үшін тең межелі мүмкіндіктерді    қамтамасыз ету және мектепке дейінгі жастағы балалардың психофизикалық үйлесімді дамуы сауалдары бойынша, МББМ келетін, мектепке дейінгі жастағы баласы бар, (заңды өкілдеріне) ата – аналарға жан – жақты кеңес беруге көмектесу;

  1. Мектепке дейінгі жастағы балалардың дамуы мен оқуы, тәрбиенің әр түрлі сауалдары бойынша МББМ педагогикалық және басқадай жұмыскерлері, МББМ келіп жүрген, (заңды өкілдеріне) МББМ келмеген балалардың ата – аналарына диагностикалық – кеңес беру көмегін көрсету;
  2. Мектепке дейінгі жастағы балалардың әлеуметтік және психологиялық денсаулығында әр түрлі ауытқуларды жеңу және ертеден алдын алуға жәрдемдесу, олардың зияткерлік және тұлғалық дамуына жәрдемдесу;
  3. Оларда жеке психофизикалық бірдей ерекшеліктерін анықтау, денсаулығында мүмкіндігі шектеулі балаларға қажет, мектепке дейінгі оқыту мен тәрбиелеу жағдайына сәйкес анықтауға жәрдемдесу;
  4. МББМ педагогтары мен басқадай жұмыскерлері, мектепке дейінгі жаста балалары бар, ата – аналардың медициналық - әлеуметтік және психология – педагогикалық мәдениетін арттыруға бағытталған, ағартушылық қызметке қатысу;  

3. Жұмыстың басты бағыттары:

1. Кеңес беру жұмыстары: МББМ педагогикалық және басқадай мамандарға, ата – аналарға кеңес беру;

2. Балалардың дамуына кешенді кәсіби диагностика жүргізу бойынша жұмыс, әр түрлі ауытқуларды ертеден анықтауды және балалардың сөйлеуін, психофизикалық және тұлғалық дамуын  жүзеге асыру.

 3. Түзету жұмысы: балалармен түзету – дамытушылық жұмысын ұйымдастыру.

  1. Ағартушылық жұмысы:МББМ педагогтары мен басқадай жұмыскерлері,  балалардың ата – аналарының медициналық - әлеуметтік және психология – педагогикалық мәдениетін арттыру;
  2. Аналитикалық жұмыс: бір жылдың жолдамасы бойынша жұмыстың динамикасын анықтау.

 

Жолдама бойынша жұмысты ұйымдастыру

Мерзімі

Жауаптылар

1.

Кеңес беру жұмыстары

1.1

Тәртібі және даму мәселелерімен балаларды әлеуметтік бейімдеу және оқыту, тәрбиелеу, емдеу сауалдары бойынша, оларды ауыстыратын, тұлғаларға және ата – аналарға жеке және отбасылық кеңес беру.

Бір жыл бойы

КП мамандары

 

1.2

Тәртібі және даму мәселелерімен балаларды әлеуметтік бейімдеу және оқыту, тәрбиелеу, емдеу сауалдары бойынша МББМ мамандарына және педагогикалық  және  басқадай жұмыскерлеріне кеңес беру.

Бір жыл бойы

КП мамандары

 

2.

Балалардың дамуына кешенді кәсіби диагностика жүргізу

бойынша жұмысы

2.1

Балалардың дамуына кешенді кәсіби диагностика жүргізу бойынша жұмыс,әр түрлі ауытқуларды ертеден анықтауды және балалардың сөйлеуін, психофизикалық және тұлғалық дамуын  жүзеге асыру,

 

 

Бір жыл бойы

КП мамандары

 

3

Түзету жұмыстары

3.1

Ата – аналардың сауалдары бойынша дамуындағы мәселелермен балалармен түзету – дамыту сабақтарын жүргізу:

- сөйлеуді дамыту бойынша

- негізгі психикалық үдерістерді дамыту

Бір жыл бойы

КП мамандары

 

4

Ағартушылық жұмыстары

4.1

Негізгі қажеттіліктермен балаларды әлеуметтік бейімдеу және оқыту, тәрбиелеу, түзету көмегін көрсету сауалдары бойынша ата – аналар жиналысында, педагогикалық кеңестерде, жиналыстарда, семинарларда сөз сөйлеу.

Бір жыл бойы

КП мамандары

 

4.2

Бейімделу және дамыту мәселелерімен түзету көмегін көрсету сауалдары бойынша ата – аналар және педагогтарға арналған ақпараттық материалдар дайындау (буклеттер, брошюралар, әдістемелік жобалаулар, стендтер).

Бір жыл бойы

КП мамандары

 

5

Аналитикалық жұмыс

5.1

2023 – 2024 оқу жылына МББМ әкімшілігі мен педагогтары, балалар ата – аналарымен кеңес беру жұмысын талдау.

Маусым

КП мамандары

5.2

2023 – 2024  оқу жылына КП мамандарының ағартушылық жұмысын талдау.

Маусым

КП мамандары