"Бүкіл отбасымен музыкалық аспаптар жасау" ата - аналарға консультация. Балалр музыкалық аспаптарда ойнауға жақсы көреді, бірақ оларды әрқашанда сатып алуға мүмкіндік болмайды. Шешім бар баламен бірге өз қолымен аспап жасау. Ол оңай әрі қызықты. Музыкамен айналасатын балалар өздерінің құрдастарын интеллектуалдық, әлеуметтік және психомоторлық дамуында озық болатынын бұрыннан белгілі. Музыка әрдайым бірге. Адамдар бұны аңғармайды. Үйде күнсайын көретін жаңа нәрселерге назар аудару керек. Қарапайым заттардан, мысалы брус материалынан (қорап, кофе банкасынан және т.б.) музыкалық аспаптарды жасауға болады. Музыкалық аспаптарда ойнау арқылы баланың музыканы түйсікті ұғыну қабілеті дамиды. Баланың алдында көптеген мүмкіншіліктер ашылады. Бала музыкалық аспапта ғана ойнамай, музыкалық әлемімен танысады. Музыкалық аспапты жасау еш қандай қиындық туғызбайды. Мұнда нақты заңдылықтар мен ережелер жоқ, өз ойынды іске асыруға мүмкіндік бар: бояу, байлау, жабыстыру, шашу, қию, тәжірибелеу және т.б. Ең бастысы баламен бірге музыка жасаңыз, ол сізге де балаға да шығармашылық көңіл күй сыйлайды. Музыкалық аспаптың сыртын безендіру процессі баланың елесін дамытуға ықпал етеді. Бірақ тым безендірілген аспаптың дыбыстауы нашар болады. Ол баланың тәжірибесі, жаңа музыкалық аспап жасап немесе бұрыңғы әрі сынған аспаптарды қалпына келтіруге болады. Бала музыкалық аспапты жасаған кезде өз ойынды сыртқа шығарады: мынаны былай істейін, былай істеуге мүмкін. БУТЫЛКАДАН МАРАКАС. Маракас - бұл бос асқабақ, ішіне асбұршақ салынады. Біз бос бутылкадан немесе киндер сюрприздан жасаймыз. Ішіне қарақұмық, күріш немесе манканы саламыз (жармадан аспаптың дыбысының күшейтілілігі байланысты), қақпағын жауып маракас дайын болады. Осыдан түрлі эксперементтер жасауға болады, жармадан басқа қатты кішкентай заттарды салып, аспаптың дыбысы басқа болады. Басқа қаңылтыр банкаға, ағаштан немесе картоннан жасалған каробкаларды түрлі көлемде және пішінде қолдануға болады. Баламен ойнаңыз, түрлі қимылда саналуан дыбыстар болатына көңілін аударыңыз: "Не шулап жатыр?", "Қандай маракас ойнайды?", ""Осы дыбыс неге ұқсайды?" СЫЛДЫРАҚ аспаын екі пластикалық бутылкадан жасауға болады. Бутылканың ауызын кесіп (15 - 20 см) және бүйір жағын ені 1 - 1,5 см ал ұзындығы 10 - 15 см бойлай тілкемін кесу керек. Бутылкаларды бір - біріне ысқылап неесе бойлай тілкемінде қолмен әлде қарандашпен ойнауға болады. Сылдырлақтың сыртың маркермен бояп немесе сыртын жабытырып әдемлеуге болады. ІШЕКТІ АСПАП йогурт ыдысын және резинкені қолдануға болады. Ыдыстың үстінгі жағын тесіп резеңкені өткізу керек.
Біздің мамандардың кеңестері
