Біздің балабақшаның сайтына қош келдіңіздер!
Сәлеметсіздер ме, қонақтар: әріптестер, ата-аналар!

Біздің мекемемiздiң сайтына кiргеніңізге біз шын жүректен ризамыз!
- Сiздiң балаңыз балабақшаға барады және Сізді балалық шақ елiнен соңғы жаңалықтар қызықтыра ма?
- Сiзді бала тәрбиесі мен даму бағдарламасы қызықтыра ма, білім беру бағдарламасы мен заманауи жетілдіру технологияларына көңіл бөлесіз бе?
- Сіз өз балаңызды тек қана балабақшаға алып келуге және өзінің балғын, бірақ бірнеше жыл өзінің маңызды да, қызықты өмірін өткізетін, жылы және қолайлы үй туралы ақпарат жинауға ғана ниеттісіз бе?
- Сiздің балабақша ұжымымен танысқыңыз келе ме?
- Сiздің мамандарға сұрақ қойғыңыз келе ме?
Бiз сiздерге сол қажетті ақпаратты алуға көмектесеміз.
Бiздiң сайт Баланың жан-жақты, үйлесімді дамуы туралы қам жейтін, өз балаларына жақын болғысы және өз баласының балабақша қабырғасындағы қайталанбас өмірі туралы ақпаратқа үнемі ие болғысы келетін, ата-аналар, Сіздер үшін! Отбасы тәрбиесі тәжірибесімен пікір алмасқысы, білікті ұстаздан кеңес алуға, Сізді қызықтыратын кез - келген мәселе бойынша ақпарат алғысы келетіндер үшін құрылды! Сіздің мекеме сайтынан көре алатындарыңыз: — мекеме туралы толық ақпарат; — педагогикалық ұжыммен жүзеге асырылатын бағдарламалар туралы мәлiметтер; — тәлiм-тәрбие мен оқытудың негiзгi мiндеттері; — кеңестер; — балдырғандардың балабақшадағы өмiр туралы ағымдағы ақпарат; — барлық жүргiзiлетiн шаралар туралы ақпарат — фотоальбомдар; Ұстаздарға, мамандарға, мекеме әкімшілігіне өзіңізді қызықтыратын сұрақтарды қоя аласыз; — мекеменiң жұмысы туралы өз пікіріңізді қалдыра аласыз. Бiздiң педагогикалық ұжым ұлы педагог А. Сухомлинскийдің сөзін ұран етіп алды: «Балалық шақ – болашақ өмірге даярлық емес, ол нағыз, жарқын, өзіндік қайталанбас өмір, адам өмірінің маңызды кезеңі және бүгінгі бүлдіршіннің қандай азамат болары – оның балалық шағының қалай өткендігіне, балабақшаға оны кім жетелеп апарғандығына, сана-сезімі мен жүрегіне қоршаған ортадан нендей ұғымдар енгеніне байланысты» Әр балада қазынасы бар сандыққа ұқсас құпия әлем болады. Бұл сандықты табу, оған келетін кілтті таңдау, оны жер астында бiр жерде сақтап қоймай, онда құнды қазынаның бар екендігін бала өзі және айналадағылардың бәрі көргендей, ақырына дейін ашу – атап айтқанда, онда ата-аналар мен педагогтардың негізгі міндеті тұр. Біздің сайтымыз біздің тәрбиеленушілеріміздің ата-аналары сияқты көптеген басқа да ата-аналарға пайдалы болады деп сенеміз.
Біздің балабақша мына мекенжайда орналасқан:
Павлодар қаласы, Усолка шағын ауданы, Майр к-сі 27
телефон: + 7 (7182) 52 - 60 - 93
Е-mail: ds126@bk.ru
