Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
музыка жетекшілерінің кеңесі

Ата-аналарғакеңестер

Әнайтубарысындабаланыңмузыкалықестуқабілеті, ырғақтықсезімі, ой–өрісідамиды. Көңіл–күйінбілдіруге, музыканытереңсезінугекөмектеседі. Ата-аналарәнніңәуенін таза айтуғакөмектесе ала ма? Әрине, көмектесеалады.

Олүшін:

1)Алдымен өзіңіз әнді жаттап алуыңыз керек, бірнеше рет фонограммамен айту барысында  баланың қатысуымен таза айтқаны жөн.

 2)Буындарға бөлу:ма; му; ду; та; ля т.б.

3)Бірнеше рет айтқаннан кейін бала бірінші дыбысты айта алмаса, өзіңіз айтып көрсеткеніңіз жөн, алдымен оның айтқанын қайталаңыз, қалай айту керек екенін «жуанырақ»,  «жіңішкелеу»  деп түсіндірген дұрыс.

Үйде қандай әндер тыңдайтынына көңіл аудару керек.

 4)Солай да  мерекеге берілген тақпақтарды  үйде үйретіңіз.

 

 

Музыка сабағы қалай өтеді

 

Балалар залға әуенмен кіреді. Сергіту сәтін , жаттығуларды  жасаймыз. Содан кейін балалар қатармен жүріп, орындықтарға жайғасады. Дауысты дыбыс жаттығуларды жасаймыз (төмен-жоғары). Әндерді қайталап, жаттаймыз.

Ырғақты әуен соның ішінде функционалды ырғақтық музыкамен әр түрлі би қимылдарын жасату балалар үшін ең жақсы кезең.

Би қимылдарын орындау барысында бала көңіл-күйі көтеріліп, белсенділіктері артады. Балаларды музыканың сүйемелдеуімен ырғақты би қимылдардан кейін қызықты ойын түрлерімен жалғастырамыз.Бала ойнап жүріп ойланады.

 

 

Музыка балаларға қалай әсер етеді

Музыкалық ойындарға қатыса отырып, өлең, тақпақ жаттай жүріп, шығармашылық деңгейі артады. Ойынды меңгеру барысында әр бала өзінің жеке қабілеттерін көрсету мүмкіндігіне ие болады. Балаларды әр түрлі музыкалық іс шараларға тек жеке өзін қатыстырмай , үлкендермен, ата-аналармен бірге қатыстырудың мәні зор. Меркелік, ертеңгіліктердің, ойын-сауықтардың, сахналық қойылымдардың кезінде бала образдық бейнелерді дәл бере білуге, сахна мәдениетіне жауапкершілікке, көпшілікпен жұмыс істеуге үйренеді.