Сенім телефоны
(87182)518026
Мекенжайы: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Ән- күй жетекшінің кеңесі

Музыка арқылы тәрбие беру

Картинки по запросу анимашки музыка танцы детские
 
Баланың жалпы дамуына есту қабілетінің қалыптасуы мен әуен жетегінде қимылдап қозғала алуын дамыту зор үлесін қосады. Сондықтан неғұрлым балаларды музыкамен жаттығу жасауға, музыкалық ойындар ойнауға, би билеуге, ән-думандар құруға ерте бастан үйретсе, соғұрлым баланың әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамыту да жеңілірек, пайдалырақ болады. Әр түрлі жанрдағы әуенге елтіп тыңдай отыра сәйкес қимылдау баланың ішкі сезіміне жағымды ықпал етеді. Мысалы, салтанатты марш әуенін тыңдатса, бала қуанады, жігерленіп, бойын тік ұстап, нық адымдауға, қолы мен аяғының қозғалысын сәйкестендіруге талпынады. Жай, баяу әуенге, керісінше, бойларын босатып, еркін асықпай қозғалуға, жұмсақ басып жүруге ұмтылады. Сөйтіп, бала әсем қозғалуға, бойын сымбатты ұстауға, әсемділікке үйрене бастайды. Денсаулығы мықты, салауатты болып қалыптасуына әуенмен қимылдау жағымды әсер етеді. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамытудың бастапқы кезеңінде балалардың қимыл-қозғалысы шашыраңқы, сәйкессіз болады. Бірақ күнделікті қайталап жаттығудың негізінде әуенмен сәйкес қимылдау қажеттілігі туындап, балалардың өз-өзіне сенімі нығаяды. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысын дамытудың іс-әрекет түрлері: әуенмен жаттығу жасау, әуендік ойындар ойнау, би билеу, ән-думан құру. Әуенді-ырғақты қимыл-қозғалысты дамыту ісі басқа дамыту-тәрбиелеу істерімен қатар, әсіресе, дене шынықтырумен тығыз байланысты. Осы бағытта төмендегідей жұмыс жүргізу үлгісін ұсынамыз, бұл іс-әрекетіміз балалардың қимыл-қозғалыс дағдыларын дамытуға арналған. Негізгі дағдылар 1. Дене шынықтыру а) Негізгі қимыл түрлері ә) Гимнастикалық жаттығулар б) Сапқа тұру 2.Кейіпкерлендіру сюжетті-бейнелік қимылдар 3. Би қимылдары разноцветное пианино

 

ҚУЫРШАҚ ТЕАТРЫ БАЛАЛАРҒА ҰСЫНАДЫ!

Қуыршақ театры балаларға ұсынады!
Бұл жағдайлар бөбектердің ана тіліне қаршадайынан қанығып, оны уыздай меңгерулеріне, бар байлығын бойларына ана сүтімен сіңіріп, дамыта түсулеріне, сөйтіп рухани дүниесінің кеңи түсуіне жол ашады. Ал осы айтылғандарды олардың сүбесіне құйып, бойына дамытуда өнердің алатын орыны ерекше. Өнер – мектеп жасына дейінгі балалардың психикалық қалпын, ой-өрісін, мінез-құлқын орнықтырудың басты құралдарының бірі ретінде эстетикалық тәрбие қайнарларының негізгілерінің негізі болып саналады, келешекте көркемдік талғамдарының биік сатыға көтеріліп, саналы да мәдениетті болып өсулеріне игілікті әсер етеді. Адам бойындағы ең тамаша қасиеттер балалық шағынан қалыптасады. Ұрпағым өнегелі, жақсы азамат болып өсіп жетілсін десең, ең алдымен бесігіңді түзе, - деген ұлы жазушы Мұхтар Әуезов сөзі тегін емес. Тәрбиенің әліппесі баланың белі бесіктен шықпай жатып ана сүтімен сіңіріліп, ұлттық өнегенің ең асыл, ең нәрлі қасиеттері сол сәби шақтарынан-ақ үлгі етіп тартыла басталуы керек. Осы көріністер біздің балабақшамызда да жыл сайын бой көрсетіп келеді. Әлгінде айтқанымыздай тәрбиенің түрі, оны бала зердесіне құюдың әдістері, мақсатты міндетті жүзеге асырудың жолдары сан алуан. Соның ең бір ұтымды да әсерлі, ықпалды саласы музыкалық тәрбие. Егер өткенімізге көз жүгіртсек, ата- баба тарихына, ауыз әдебиетіне жүгінер болсақ, бала шыр етіп көрінгеннен-ақ, ана әлдиінде, ананың мейір-мерейінің қайнарынан қайнап шыққан «Айналайын ақ бөпем...» деп емірене ескен сазды әуенімен ауызданарына күмән бар ма? Қарап, бағалап көріңіз: «Әлди, әлди, ақ бөпем, Ақ бесікке жат бөпем, Жылама, бөпем, жылама, Жілік шағып берейін, Байқұтанның құйрығын Жіпке тағып берейін... Әлди, әлди, шырағым, Көлге біткен құрағым. Жапанға біткен тірегім, Жаным – менің жүрегім.» Міне, бесікте жатқан сәбиді асыл ананың әнмен, жырмен әлдилей тербеткен дүниедегі ең тәтті, ең жақын, ең құдыретті үн- әуезі бала қанына осылай тарап, сіңіріледі, жан- жүрегін баурайды. Сондықтан ес біліп, тіл сындырып келді деген бөбектердің өзі ана тілін шала- шарпы ұғып, тіпті кейбіреулері мүлдем білмей келетін болса балабақшада, оның тәрбиешілеріне жүктелер міндеттің жеңіл болмайтындығы түсінікті жәйт. Сонымен, біздің балабақшада да бөбек зердесіне құйылатын өнердің тұсау кесері ретінде сазды- сахналық өнерді, яғни музыкалы- сахналық өнерді басты мұрат етіп өрістетіп отырмыз. Бұл жұмысты міне,осы жаз маусымынан жүргізүді бастадық. Енді мұны қалай жүзеге асырамыз, соған тоқтала кетейік. Бұл жұмысты біз құыршақ театры арқылы өткіземіз: Қуыршақ театры. Музыкалық, яғни, сазды- сахналық өнерге екінші кішкентайлар тобынан даярлық тобына дейінгі балдырғандарды қамтыдық. Мұның барлығы балалардың шығармашылық қабілет- дарынын дамытып, оны қоршаған ортаның ерекшеліктеріне орай бейімдеп, сонымен тығыз байланыстыра отырып ұғындырып, олардың өмірді түсінуіне жағдай жасап, қиял- армандарын жетілдіруге тырыстық. Осы жұмыстарды педагогикалық талаптарға сай ешбір күштеп, зорлаусыз- ақ, өздерінің әдеттегі ойындарын қызықты да әсерлі етіп ұйымдастырған шақта балалар одан сайын ынталанып, оның жемісі де айтарлықтай болады. Жалпы театрландырылған ойындарда балалардың шығармашылық қабілет-мүмкіндіктері айқын аңғарылады. Театрландырылған ойындардың мазмұнына ерекше мән бердік. Бұл – негізінен адамгершілік, достық, кішіпейілдік, ерлік, батылдық, адалдық, әділдік, шыншылдық қасиеттерді уағыздаудан тұрады. Әдетте балалардың өздері жақсы көретін кейіпкерлеріне еліктеп өсетіні белгілі. Осыған қарап, шапшаң, ширақ балаларға жуас, қарапайым ролдер, ал мінездері салмақты байыпты балаларға жағымсыз ролдер тапсырылды. Бұл арқылы біз балалардың шындық өмірге тереңірек үңіліп, ненің жаман, ненің жақсы екенін айқындырақ ұғынып, жаманнан жиіркеніп, жақсыдан үйренуге, өз қылықтарын дұрыс бағалап, жақсы кейіпкерлерге еліктеуге үйреттік. Театрландырылған ойындарды ұйымдастыру үшін қолайлы жағдайлар керек. Осыны ескере отырып, бізде әрбір топта театрбұрыштары жасалды. Бибабо, саусақтар, үстелдік және саусақты- қолғап, тағы да басқа түрлері қолданылып отырады. Екінші кішкентайлар тобының балалары сахналық өнердің қарапайым көріністерін ғана бейнелеуге, өлеңдердің мағынасын қимылмен көрсетуге үйретіледі. Алғашында балалар жануарларға еліктеп, олардың сыртқы кейпін салып келтірді, бірақ жануарлардың мінез-құлқын ашуға қиынсынды. Мысалы: «Тауық пен балапандар», «Қоян мен көжектер», «Аю мен қонжық», «Түлкі мен қасқыр» деп аталатын ойындарда балаларға кішкентай көңілді құстардың қанаттарын қалай қағатынын, олардың балпаңдап жүретінін көрсеттік. Сабақтар мен күнделікті өмірде балалар тұрмысынан көріністер ойналды. Мысалы: қуыршақ пен қонжық балалардың орнына бала болды. Балаларға өз еріктерімен қуыршақ алып, осы ойыншық туралы кішкентай сюжет ойлап құрастыру және соны ойлап беру жаттығулары жүргізілді. Қозғалыс әдеттерін жетілдіру жұмысында мына әдістерді қолдандық: 1. Қимылды көрсету. 2. Жеке баламен немесе топпен жаттығу жасау. Сөздік суреттеме бере отырып, біз балаларды ролдерін толық орындауға үйреттік, өздерінің ролдерін қызықты ойнаған балаларды көтермелеп, мадақтап отырдық. Естиярлар мен ересектер тобының балалары сахналық өнерді үйреніп, сезіне бастағанда олардың тілі, ойлау түйсігі, өнерге құштарлығы артты. Қандай да сахналық қойылымның алдында балалармен бірнеше кіріспе жұмыс жүргіздік. 1. Тәрбиешілер балаларға ертегі, әңгімелер оқып, не әңгімелеген кезде ертегідегі кейіпкерлердің мінез- құлқына, дауысының ырғағына, қимылдарына назар аударылды. 2. Әр кейіпкердің киіміне көңіл бөлінді. Қуыршақ театрында қуыршақтардың киімі өзгертіліп отырады. Мысалы: орыс ертегілерінде түлкі басына орамал тартады, қазақ ертегілерінде түлкіге жейде кигізіледі. 3. Сұрақ-жауап арқылы кейіпкердің қимылын, іс-әрекетін байқап, бағалап отырамыз. 4. Қимыл мен сөз арасындағы байланысын қадағалаймыз. Мысалы: «Алдар көсе мен Шықбермес Шығайбай»туралы ертегіні оқып бергенннен кейін тәрбиеші балаларға мынадай сұрақтар қойды: 1. Алдар көсенің мінез- құлқы қандай? 2. Алдардың жүрісін кім көрсете алады? 3. Байдың мінезі қандай? 4. Оның жүріс- тұрысын кім көрсете алады? 5. Кім бай мен Алдар көсе болып ойнай алады? Балалардың тілін жаттықтыру үшін, қазақ халқының асыл сөздерімен сусындата отырып, әрбір сахналық қойылымның алдында қазақ әндерін, қазақтың ауыз әдебиетіндегі өтірік өлеңдерді, мақал-мәтелдерді, жаңылтпаштарды, санамақтар мен жұмбақтарды, түрлі ұлттық ойындарды, ән- күйлер мен билерді кіріктіріп отырдық. Мысалы, «Үйшік» ертегісінде әр кейіпкерлердің сахнаға шығуын «Қонақ келсе құт» деген мақалмен бастадық. Театрлық ойынға қатысушы даярлық тобының балалары кейіпкерлердің мінезін, жүріс- тұрысын, әдеттерін айнытпай салып көрерменге иланымды етіп ойнауы үшін, талмай жаттығып, қажетті элементтерін меңгеріп алуға тырысты. Ол үшін балалармен жоғарыда айтылып кеткен арнаулы жаттығулар жүргізілді. Одан басқа «Сәлеметсіз бе?» және т.б. дағдылы сөздерді әртүрлі дауыс ырғағына сап айтып үйренуге жаттықтырамыз.