Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Медбикенің кенестері

Құмарлыққа бой алдыру-зиянды дағды    Мұрын қанағанда не істеу керек?

Әдетте мұрынна қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек: 1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек. 2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады. 3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс. 4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек. 5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет. 6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады. Медбике Рабиға Оралбайқызы Раимова

Құрметті ата-аналар!

Балалардың дені сау даму құқығы көптеген жағдайлармен қамтамасыз етілуі керек: медициналық қызметтердің сапасы мен қол жетерлігі, өз денсаулығын қорғау мәселелерінде ақпараттандыру, ауруларды алдын алу. Өкінішке орай, қазіргі кезде ата-аналар балаларға вакцина егуге қарсылық білдіретін жиі кездеседі. Қазіргі уақытта, балаларды инфекциялық аурулардан қорғау жолы ол қазіргі замандағы вакцинасы, сондықтан да барлық балалар Қазақстан Республикасы халықтың күнтүзбе егiлуне сәйкес вакцинасын алу керек. Осы әрекетті регламенттейтін, ең басты нормативтік құқықтық құжаттары: Қазақстан Республикасы 2009 жылғы 30 желтоқсандағы № 2295 «Қарсы профилактикалық егу жүргiзiлетiн аурулардың тiзбесiн, оларды жүргiзу ережесiн және халықтың жоспарлы егiлуге жатқызылатын топтарын бекiту туралы» Үкiметiнiң Қаулысы, Қазақстан Республикасының 2009 жылғы 18 қыркүйектегi N 193-IV «Халық денсаулығы және денсаулық сақтау жүйесi туралы» Кодексi 156 бап. 1 тармағына сәйкес «Қазақстан Республикасының аумағында жүрген жеке тұлғалар тегiн медициналық көмектiң кепiлдiк берiлген көлемi шеңберiнде инфекциялық және паразиттiк ауруларға қарсы профилактикалық егiлуге мiндеттi». Біздің балаларымыздың денсаулығы өзіміздің қолымызда дегенді біз есте сақтаумыз керек.

   

КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.КӨК ТАЙҒАҚ КЕЗІНДЕГІ ҚАУІПСІЗДІК.

Көкмұз - бұл қалың мұздың беті, көкмұз жерде, тротуарларда болады. Көкмұз - ауа температурасы 0С-ден - 3 С пайда болады, мұздың қалыңдығы бірнеше см. жетеді.

  • Мұздақ - жер үстінде пайда болатытн мұздың жұқа қабаты, күн суығаннан кейін, не жаңбырдан кейін пайда болады.
  • Мұздақ үстінде жүргенде табанды нық басып, асықпай, тізені бос қолды ұстап жүру керек.
  • Асығу - көкмұз үстінде құлауға әкеліп соқтырады.

Қарттарға бірнеше кеңес:

  • Үйден шығара қолыңызға сүйеніп жүретін арнайы ағаш алып шығыңыз.
  • Сөмкеңізді арқаңызға асыныңыз. 60 жастан асқан адамдардың көбісі жарақатқа құлағанда ұшырайды.
  • «Қалай дұрыс құлау» керек:
  • Егер сіз тайсаңыз, отыра қалыңыз. Құлап бара жатып, өзіңді жинап, жерге тигенде домалау қажет.

   

 

Құмарлыққа бой алдыру-зиянды дағды

Бала тезірек өсіп жетілгісі келеді. Ер бала ержетуге құмар да, қыз бойжетуге құмар. Үлкендерше сөйлегісі, үлкендерше киінгісі, үлкендер жасаған қылықты қайталап, ересек көрінгісі келеді. Және осы кезеңде соның оңай мүмкіндіктері бар. Ең бастысы, балалардың бос уақытының дұрыс ұйымдастырылмауы дей отырып, мектептерде бірыңғай киім үлгісінің талап етілмеуі, кез келген жердегі дүңгіршектердің сауда мәдиниетін сақтамауы, үлкендердің қылмыстық істерге балаларды араластыруы сияқты көптеген факторларды алға тартуға болады. Отбасында және мектепте жүйелі берілмеген тәрбие жасөспірімдерді көзсіз еліктеушілікке, құмарлыққа бой алдырушылыққа, нәпсісін тыя алмаушылыққа, ақырында өз тағдырын өз қолымен құртатын келеңсіз оқиғаларға себепші болады. Зиянды дағдылардан баланы тыя білу, сақтандыру – ата-ананың парызы. «Доп ойнаған тозар» - деп мәтелдеген халқымыз доптан бұрын ойынның құмарлығынан шыға алмай қалуды меңзеп айтқан сыңайлы. Жанға жеңіл қай нәрсені де соңына түсіп қуалай берсең, даналар айтқандай, «неге құмар болсаң, соның азабын тартарың сөзсіз». Қай заманда да құмар ойындары адамзаттың қызығушылығын тудырып, адастырып, адамгершілік жолдан тайдыратындығын сан рет дәлелдеген. Ежелден де бәс тігіп бақ сынау ойындары болған. Одан бері карта ойындарының қаншалықты танымал ойын болғанын білеміз. Қазіргі кездегі атынан адам жаңылатын компьютерлік ойындар, автомат ойындар, козинорлар түрлі ерекшеліктерімен ойынпаздарын құмарлықтың құрдымына қол бұлғап тұр. Бұл тәуелділіктің қорқынышты түрі. Құмар ойындары деп аталу себебі неде? Қызығушылықтың жолына уақытын салып, ақшасын салып, денсаулығын салып ойынға берілушілік, бақ сынаушылықтың барлығын халқымыз бұрыннан-ақ «құмар ойын» деп атаған. Құмар ойындар – қылмысқа бастайтын бірден бір психологиялық фактор. Мұның қандай болсын, балалардың құмарлығын туғызуға, психикасын өзгертуге ықпалды. Бірге құмар ойнаған жолдастарымен басталған жанжал қылмысқа итермелейді. Немесе ақшасынан ұтылған жағдайда басқаға күш көрсетуге, ұрлық жасауға еріксіз барады. Құмар ойнаған адам бір жағынан табысынан айырылса, екіншіден денсаулығынан да айырылады.уақтылы ұйықтамау, уақтылы тамақтанбау, үнемі ширығып жүру, сондай-ақ, күдік, үрей, қорқыныш, табалану мен қорлық сезімдері ұдайы алмасып жүйкені әлсіретеді, денсаулыққа нұқсан келтіреді. Құмардың кесірінен жанұч тозып, берекесі кетеді. Әке-шеше құмарпаз болса, балашағаға қарауға, тәрбиесімен айналысуға да мүмкіндік болмайды. Ал, жасөспірім айналысса, болашағы бұлыңғыр. Құмар ойынға деген іңкәрлік әркімнің-ақ бойында жасырын жатады. Оның құмарлыққа ұласпауын ата-ана қадағалау керек:

  • Баланың бос уақытын дұрыс ұйымдастыру;
  • Баланы мектептен мектепке ауыстырғанда, балаға қолайсыздық туғызбайтын жағын қарастыру;
  • Ата-ана өз ісімен үлгі болу, ертіп жүріп пайдалы еңбекке, өнерге баулу;
  • Қызығушылығын спортқа, музыка тәрізді өнер үйренуге бұру;
  • Музыка тыңдау, теледидар, компьютер алдында ұзақ отыруға тыйым салу;
  • Үйде отырса болды деп, компьютерлік ойындарға беріліп кетуіне жол бермеу;
  • Компьютерге, ұялы телефонға т.с.с. байланысты талаптардың бәрін орындай беруге тырыспау;
  • Ұтыс ойындарына қызықтыратындай әңгіме айтпау;
  • Лотерея сияқты ұтыс қағаздарына әуестіндірмеу.

Медбике Рабиға Оралбайқызы Раимова