Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: Павлодар қ., Минин көшесі, 31
(87182)515435
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі 9.00-13.00 Сәрсенбі 14.00-18.00
Тәрбиешінің кеңесі
 

“КІШКЕНТАЙ АСПАЗШЫ”

Картинки по запросу анимашки приятного аппетита БАЛАЛАРМЕН БІРГЕ АС ӘЗІРЛЕЙМІЗ «Кедергі болма, одан да барып ойна!» деген сөздерді біз тамақ әзірлеп жүргенде, бала көмектескісі кеп айналшақтаса жиі айтамыз! Қыз бала болсын, ұл болсын көмектескісі келеді. Ал олар өсіп кеткен кезде осындай көмектері қайда кетеді екен? Егер осындай сөздерді жиі айтсаңыз, кішкентай аспазшының көмектесем деген ниеті өте жылдам жоғалып кетеді. Тамақ әзірлеу сияқты қызықты үдерісте баланың көмектесем деген ниетін мадақтау және әлпештеу қажет. Ас үйде сіз тамақ әзірлеп жатырсыз ба әлде басқа жұмыс істеп жатырсыз ба, балаға жасына сай қандай да бір жұмыс табылары хақ: көкөністерді жуу, піскен жұмыртқа мен картопты аршу, салат немесе бутербродты әшекейлеу, араластыру не болмаса турау. Мейлі варениктердің жабыспай қалған жерінен құлпынайдың шырыны ағып тұрсын, кремнің жартысы киімінде болсын, еденде ұн шашылып жатсын. Жарамай қалған қамыр, кірлеп қалған киім немесе еден үшін баланы ренжі-туге тұра ма? Әрине, жоқ. Егер де сіз анда-санда балаңызбен бірге қандай да бір дәмді ас әзірлеген болсаңыз, бұның пайдасы өте зор және жан-жақты.

ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР МЕН ӘКЕЛЕР! СІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА.

Автор: №7 сәбилер бақшасы
Картинки по запросу анимации стеснение

Өз балаларыңыздың сенімділігі мен ұялшақтығын жеңу үшін ата- аналарға арналған жаднама.

-Ешқашанда баланың ұялшақтық мінезін сызып тастамаңыз.

-Бөтен адамдарға қыр көрсетуге жол бермеңіз.

-Есіңізге сақтаңыз, педагогтар оқушылардың ұялшақтық жақтарын оқу үлгеріміне енгізеді.

-Балаңыздың өзінен жас балалармен бірге ойнағанын мақтан тұтыңыз. Бұл өзіне деген сенімді күш туғызады.

-Егер балаңыз өзіне жас ортаны таңдаса, онда кедергі келтірмеңіз.

-Баланы екі ортада қалдырмаңыз, әсіресе кісі көп жерде.

-Баланы өз күшіне сендіруге тырысыңыз.

Бірге «Мен сен үшін қатты қорқамын», орнына мына сөз естілсін «Мен саған сенемін».

-Балаңыздызды мүмкіндігінше аз қорлаңыз.Мүмкіндігінше жақсы жаттарын көрсетуге тырысыңыз.

-Балаңызды басқа балалармен қарым –қатынас жасауға үйретіңіз, өз үйіңізге шақырыңыз.

-Үйіңізде болатын балаңыздың мінезін балалардың мінезімен салыстырмаңыз.

-Өз балаңыздың ынтасын көрсете білуге рұқсат етіңіз, өз уақытында бағалаңыз.

ҚҰРМЕТТІ АНАЛАР МЕН ӘКЕЛЕР! СІЗДЕРГЕ АРНАЛҒАН ЖАДНАМА.

Құрметті аналар мен әкелер! Сіздерге арналған ЖАДНАМА. Сіздің балаңыз өзіне сенімді емес пе? Сіздің қолдауыңызға мұқтаж емес пе? Біз жетекшілік ететін кейбір ережелер.

-Еңбекпен жеткен табысы үшін балаңызды мақтаңыз.

-Жат қылықтарын бетіне баспаңыз.

-Бала алдына мақсат қоя біліңіз, табысын бағалаңыз.

-Баланың әр ісін назардан тыс қалдырмаңыз.

-Балаңызбен ашық сөйлесіңіз, сырласыңыз, ішінедегі дертін тыңдаңыз.

-Балаңызға қателік жасауға жол бермеңіз, өз тәжірбиеңізбен бөлісіңіз.

-Өз балаңыздың өзіңізге деген қарым – қатынасына қорқыныш үрей туғызбаңыз.

-Балаңыз ашылып ештеңе айтпаса сұраңыз: үнемі солай жасаңы

-Оның жеңісіне қуаныңыз

-Егер бірдемеге мұқтаж болса, қасынан табылыңыз.

МЫНА ЗАҢДАР АТА – АНА РЕТІНДЕ СІЗГЕ КӨМЕКТЕССІН:

Мына заңдар ата – ана ретінде сізге көмектессін:

Мына заңдар ата – ана ретінде сізге көмектессін:

1.Өз балаңыздың махаббатын қадірлеңіз. Сүйіспеншіліктен, өшпенділікке дейін бір қадам, өрескел қателікк жол бермеңіз!

2.Өз балаңызды қорламаңыз. Баланы қорлау арқылы сіз өзіңізге кері әсер тигісесіз, бала бұл әдеттерді басқа адамдармен қарым – қатынас жасағанда қолдануы мүмкін.

3.Балаға қысыдық көрсету қорқыныш пен үрейге әкеп соғады.

4.Балаңызға қажетті шара өз уақытында қолданып, ата – аналық жауапкершіліктеріңізді дұрыс атқара біліңіздер.

5.Бала қамқорлыққа мұқтаж болмаған сәтте қамқор болмаңыз. Өз бетінше шешуге мүмкіндік туғызыңыз.

6.Әзілдесіп, қалжыңдасыңыз. Өз әлсіздігіңізге сізбен бірге күлуге рұқсат беріңіз. Өз –өзіңізге күліңіз.

7.Балаңызға беталды өсиет оқымаңыз, ол оны жай естімей жүр.

8.Өз талаптарыңыздың жүйесін біліңіз. Өз бағдарыңыз жақсы «ИӘ» немесе «ЖОҚ»

9.Өз балаңыздың құқығын бала құқығынан айырмаңыз. Аз да болса еркелеуге мүмкіндік беріңіз.Жастық шақта өзін бала ретінде сезінсін, әйтпесе үлкен өмірде де солай жалғасады.

Есіңізде сақтаңыз!

Ата – ананың ең үлкен бақыты – тәлімді де тәрбиелі бала өсіру.

АТА-АНАЛАРҒА ПАЙДАЛЫ КЕҢЕС

Ата-аналарға пайдалы кеңес

Мұрын қанағанда не істеу керек?

Әдетте мұрынна қан кету бірер минуттардан кейін өздігінен қояды. Ал егер қан кету тоқтамаса, кейбір оңай шараларды қолдану оны тоқтатады. Мұрыннан қан кеткенде мынандай шараларды қолдану керек:

1. Көмек көрсетілетін бала отыруы керек.

2. Қан кетіп жатқан мұрынның тесігіне таза мақта тығу керек. Егер қолда таза мақта болмаса, майлықтың немесе дәретхана қағазының кішкене тілімін қолдануға болады.

3. Мұрынның тесігіне таза мақтамен немесе майлықпен бітегеннен кейін, мұрынды саусақтармен қысу қажет. Мұрынды қысқан күйде он минуттар шамасында ұстаған дұрыс.

4. Қан тамаққа кетіп қалмасы үшін бала сәл алға еңкеюі керек.

5. Қанды тоқтатқаннан кейін мақтаны мұрында әлі бірнеше сағатқа шейін қалдыру қажет.

6. Егер қан кету тоқтамаса, баланы міндетті түрде емханаға апару керек. Ол жерде қан кетуді тоқтатады: мұрынға қажетті дәрі тамызып, қанап жатқан мұрын тесігіне мықтылап мақта тампонын тығады.

«ОТБАСЫНЫҢ СУРЕТІ» ТЕСТ

Картинки по запросу анимашки семья

Баланың ішіне тереңірек кіріп және ол қалай тұрады, оны не мазалайды, ол нені армандайды, қоршаған әлемді, отбасын және Сіздің өзінізді қабылдауы қалай екенін түсінгіңіз келе ме? 4-5 –жастан бастап Сіз сүретті «Менің отбасым»-атты тест өткізе аласыз. Балалар қоршаған әлемді үлкендер сияқты қабылдамайды. Ерекше бала ұғынулары үлкендер түсінбейтін және қабылдамайтын, эмоциялық реакцияларды шақырады. Баланың ішкі дүниесінде, сыйыспайтын, кездейсоқ сияқты фантастикалық бейнелер, өз «теориясы» құрылады. Тесттің мәні Балаға қағаздың стандарттық парағын, түрлі-түсті қарындаштар жиынтығын береді (жай қарындаш, қалам, өшіргішті бермесе дұрыс болады), сосын: «Өз отбасынды сүретте»-дейді. Бірақ отбасы құрамына кім кіретінің есіне салу керек емес, өзі қалай көрсе, солай салсын. Егер бала сұраса кімді салайын деп, оған толық ерік берініз, тіпті аңдарды салса да салсын, бәрібір сүрет жеткілікті ақпаратты болады. Сүрет салып болғаннан кейін, жетекші сұрақтар қойыңыз: кім қайда сүреттелді, отбасы мүшелері не істеп жатыр, кім қандай көңіл-күйде және т.б. Сурет салуды бастау алдында Баланың әдеттегі көңіл күйін байқаңыз. Бұл тапсырманы отбасылық жанжалдан, ұрыстан және қайғы-қасіреттен кейін, беруге болмайды. Әйтпесе Сіз сол мезеттегі баланың көңіл күйіне сәйкес ситуациялық сүрет аласыз. Тапсырма орындап жатқан уақытта баланың үстінде тұрмаңыз, бірақ кейіпкерлердің және нәрселердің бейнелеу тәртібін білдірмей байқаңыз. Баланы сүреттеу кезінде түземеңіз («сен әкенді салуға ұмыттың», «құлақ, қолды сал, т.б.») Алған нәтижелерді баланың көзінше талқыламаңыз – бұл тест Сіз үшін, Сіздердің ойлануларыңыз үшін. Аса дәл ақпарат алу үшін, бірнеше күн аралығында 3-4 рет тест өткізіңіз және сүретте жиі қайталанатын детальдарды анықтаңыз. Сүретті «түсіндіру» кезінде зор маңызда болатыны, ол «түсініктеме берушінің» дұрыс күйі, өз қиялын мен интуициянды қосу қажет. Түсініктеме беру Сүретте ештене кездейсоқ болуы мүмкін емес. Себебі бала заттарды натураға қарап салмайды, ол өз эмоциясын және күйзелісін білдіреді. Міне балалар шығармасының бірнеше мысалы. 1- сурет. Бұл суретте бала өте астарлы отбасылық рольдің бөлу ерекшелігін сезген. Мама – жанұя басы, онда бәрі үлкен – көздер, мұрын, ал әсіресе ауыз. Бірақ мамасының көздері мұнды, және жүректе гүлмен жабылған, қолдары жоқ, ол ештене өзгерте алмайды. Папасы мөлшер бойынша (баланың қабылдауында) мамасынан көбірек кіші. Мамасының бір жағында 12-жасар ағасы тұрып кеткен шашы бар және екінші жағында, сондай бойдағы, ұқыпты, бірақ барлық түймесіне салынған 6-жасар сүретшінің өзі. Маманы тыңдауды тек папа жақсы көреді, ол үшін онда құлақ та бар, ал балаларда ата-аналарын естімейтін берікті қалаңбау бар. 2-сурет. Бұл суретте де отбасы. Адам тұрмайтын, көп бос, терезелер саны бар, үлкен үй. Шатырдың астында, тордың артында сүретшінің өзі тұрады. «Мамам мен папам жұмыста, мен серуендеп жүрмін...». Сүрет авторын төменде, машинаның қасында көруге тырысыңыз. Балақай өзін таң қаларлық кішкентай, мүсәпір, жалғыз сезінеді, дұрыс емес пе? Түрлі түсті гаммасы да мұнды: сұр түс басымды және машинада кішкене жасыл түс бар (ол папасы кейде оны қыдыртады). Ал зор «қолдар» – шатырдағы антенналар баланың үстіндегі тұрған, оның сезімдерін басатын, оны жалғыздық пен үрей торына артына қамайтын ата-анасын есіне түсіреді. Осындай сүретті көріп, баланың халі нашар екенін, оған көмек қажет екендігін түсінесін. 3-сурет. Ал мында бәрі де жақсы! Отбасы жиналған, жүздерінде күлкі, бәрі бір- біріне қолдарын созып қолдап немесекөмектесіп отыр. Бала бәрін жақсы көреді өзін де қоса, кішкентай ұсақ детальдар, ашық түстер көп. Суреттен куаныш пен еріктің лебі келіп тұр ИНТЕРПРЕТАЦИЯ ЕРЕЖЕСІ 1. Сурет салып бітіргеннен соң баланы сұраңыз, «кім не екенін», кім немен айналысады. «мен ағамды салуға ұмытып кетіппін» немесе әпкем симай қалды» - сияқты ескертулер маңызды емес. Егер отбасынан біреу сүретте жоқ болса, ол мынаны білдіреді: • Осы адамға жағымсыз санасыз сезімдердің болуы. Мысалға, кіші інісіне қатты қызғаншақтық; Бала өзінше ойлайды: «Мен інімді жақсы көруім тиіс, ал ол менім ашуымды келтіреді, бұл жаман. Сондықтан тіпті ештене салмаймын.». Сүретте «ұмытылып қалған» адаммен эмоциялық жалғасу толығымен жоқтығы. Бұл адам баланың эмоциялық дүниесінде жоқ. 2. Суретте автордың өзі жоқ. • Жақындармен қатысудағы қиындықтар:« Мені мұнда байқамайды», «Мен өзімді, шеттетілген болып сезінемін», «Маған отбасында өз орнымды табу қиын» • Бала отбасынан «кетеді»: «Мені мұнда қабылдамайды, жарайды керек емес, маған оларсыз да жаман емес.» 3. Суретте – ойдан шығарылған отбасы мүшесі. Бала отбасында аяғына дейін алмаған, сезімдердегі вакуумды толтыруға тырысады. Балалар жиі шынында да үйде тұрмайтын, құстарды, жануарларды салады, ол баланың біреуге керек және қажет екендігін ансауын маңыздайды, демек, ата-аналар сүйіспеншілікте, мейірімділікте, еркелікте мұқтажын қанағаттандырмайды. 4. Бейнеленген кейіпкерлердің көлемі бала үшін оның маңыздылығын көрсетеді (4-суретті қара). Баланың ойлауынша, адам тым үлкен болса, солайша ол белсенді екені. Жиі кішкентай балаларда барлық дене бітімді орналастыру үшін қағаздың беті жетпейді.. 5. Қағаз бетіндегі баланың көлемі. Егер бала өзің кішкентай қылып, беттің бұрышында орналастырып салса, онда сол мезетте өте төмен өзін-өзі бағалауы, немесе, ол өзін ең кішкентаймын деп санайды. Өзін-өзі жоғары бағалайтын балалар өздерін ата-аналарынан да ірілеу, үлкен қылып сүреттейді. (5-суретті қара). 6. Баланың сүреттегі орналасу орны, оның отбасындағы жағдайын көрсетеді. Ортада, әке мен шешесінің арасында, немесе өзін бірінші қылып салғанда, онда ол өзін үйде керек және қажетті екендігін сезінеді. Егер бала өзін басқалардан бөлек сүреттесе, немесе өзін ең сонында салса, онда ол қызғаншақтықтың, сәтсіздіктін белгісі. 7. Бейнелердің арасындағы қашықтық эмоциялық жақындықты немесе керісінше қарым-қатынас үзілгендікті мәлімдейді. Фигуралар бір-бірінен қаншама алыста болса, соншама олардың эмоциялық бірікпеушілігі үлкен. Кейбір сүреттерде балалар бірікпеушілікті сезінетіндерің, отбасы мүшелері арасындағы бос кеңістікке әртүрлі заттарды (жиһаз, вазалар, ...), бөгде, ойдан шығарған адамдарды, кіргізіп көрсетеді.Эмоциялық жақындық кезінде туысқандар бір біріне тіпті жақын сүреттелген, олар қолдармен тиіп тұр. Бала қаншалықты өзін бір отбасы мүшесінің қасына бейнелесе, соншалықты оның жақындасу дәрежесі осы адамға биік болады және керісінше. 8. Отбасы мүшелерін бейнелеу реттілігі. Әдетте бірінші, бала өзін не, не өз пікірі бойынша отбасындағы отбасы мүшесінің, ең сүйіктісін, ең маңыздысын салады. Әдетте ең соңғы сүреттелген туысқан өте төмен белсенділікте болады (ол баланың өзі де болуы мүмкін). 9. Қағазда фигураларды орналастыру Зер салып қараңыз, сүретте кім жоғары, кім төмен орналасқан. Аса биікте орналасқан кейіпкер, баланың пікірі бойынша, отбасында көбірек маңыздылығы бар (тіпті егер ол мөлшер бойынша кішкене болса да). Мысалы, егер бәрінен де жоғары қағазда теледидар бейнеленсе немесе тіпті алты айлық қарындасы болса да, онда ол баланың сезімінде дәл осылар қалған отбасы мүшелерін «басқарады» (6-сүретті қара). 10. Балада мазасыздықты туындыратын, кейіпкер немесе нәрсе. Қарындашты қатты басумен бейнеленеді, немесе қатты штрихтелінеді, оның нұсқасы бірнеше рет, айналдыра жиектеледі, бірақ бала мұндай кейіпкерді аса көрінбейтін де қылып «дірілдеген» сызықпен сүреттейтіні де болады. 11. Дене мүшелері. Бас. Бұл – маңызды және өте бағалы дене мүшесі. Ой, ептілік – баста. Отбасының ең ақылды, ойшылын бала үлкен баспен сүреттейді. (7- сүретті қара). Көздер. Тек қарау үшін ғана емес, олар уайымды да білдіреді. Кейіпкердің үлкен, кен ашылған көздері баламен мазасыз, тынышсыз, көмекте мұқтаж ретінде қабылданады. (8-сүретті қара). «Нүкте» немесе «сызықша» көздері бар кейіпкерлер – өздерінің ішінде жылауға ішкі тыйым салуды ұстайды (яғни, адам тұйық, түйсіксіз немесе саналы түрде, өз эмоцияларын көрсетпейді, жиі теріс). Құлақтар. Бұл – сынды және тіпті кез келген өзін туралы ақпаратты қабылдау органы. Үлкен құлақтары бар кейіпкерлер айналасындағыларды тыңдайды.Егер құлақтар тіпті де болмаса, онда адам ешкімді тыңдамайды, ол туралы айтқандарды ескірмейді (9-сүретті қара). Ауыз. Суретте ауыз – «шабуыл органы», ауызбен агрессияны білдіреді, ұрыссады, тістейді, ренжиді.Үлкен немесе/және штрихтап тастаған аузы бар кейіпкер қауіптің көзі болып қабылданады.Егер тіпті аузы болмаса, ол нүкте, сызық түрінде салынса – адам өз сезімін жасырады, сөздермен айта алмайды немесе басқаларға ықпалы тимейді. Мойын. Бастың сезімдерге деген өзін-өзі бақылау мүмкіндігін символмен көрсетеді. Мойны бар адам өз сезімдерін басқаруға қабілетті (жиірек ол үлкен адам). Қолдар. Қолдар функциясы – жабысу, қосылу, айналадағы адамдармен қарым-қатынаста болу, яғни әрекет жасау қабілеті. Қолдарда саусақтар көп болған сайын, кейіпкер күшті болады. Қолдың ұзындығы оның көпшілдігін айтады, қысқа қолдар ішкі дәрменсіздігін, жасқаншақтығын, қатынас жетіспеуін білдіреді. (10-сүретті қара). Аяқтар. Жұруге, тірек үшін, қозғалу еркіндігі үшін керек. Аяқта тіреу орны көбірек болған сайын, кейіпкер нық және сенімді жерде тұрады.Оң аяғы - отбасы ақиқатынан тыс тіреуді білдіреді, сол аяғы – отбасындағы (11-сүретті қара). 12. Суреттің түрлі түсті гаммасы – сезім палитраның индикаторы. Ең жақсы көретін түстермен бала отбасындағы ең жақын мүшелерін, өзін салады, жақсы көрмейтін түнеріңкі түстер баланың жақсы көрмейтін адамдарына қалады. Жалпы түрлі түсті палитраға назар аударыңыз: жарқын түстің басым болуы жақсы көңіл күй туралы айтады, ал түнеріңкі түстер, мазасызданғанға және жабырқанқығанға көрсетеді (егер, әрине, қара түс бала үшін сүйікті болмаса). Мамалар әншейінде әдемі көйлекпен, шашында шаш тұтқышы бар болып бейнеленеді, ұсақ детальдардың көбі бар, шаштың түсі де ерекеше болуы мүмкін, мұқият детальдар салынады, себебі бала өз махаббатын көрсетеді. Балалар өз-өздерін бағалап сайма-сай мұқият сүреттеп, әдемі киіндіріп салады. Баланың барлық жақын және сүйікті туысқандары сияқты, сүйікті әкесі де сәнді, . 13.Бала тек өзін салады, барлық қалғандарды салуға «ұмытып», бұл оның өзі өзін отбасы мүшесі екенін сезбейтінін айтады. Баланы отбасында шеттейді, сәтсіздік пен эмоциялық проблемалар оны басады. Дене бітімі кішкентай болуы мүмкін, парақтың бұрышында «тығылып» қалған, қараңғыда, жағып тастаған бетпен. Бірақ болады, өзін-өзі бағасында көтермеленген бала тек өзін, өз маңыздылығын көрсету үшін сүреттейді. Ол мұқият киімнің, жүзінің детальдарын сүреттейді,дене бітімі өте үлкен, жарқын. 13.Суреттегі Күн – қорғау және жылылықтың символы. Бала мен күннің ортасында болатын, адамдар мен нәрселер– ол өзін қорғалдым деп сезінуге, энергия мен жылулықты пайдалануға кедергі болатындар. (12-сүретті қара). 14. Ұсақ детальдердің көптігі, жабық детальдар (шәрпы, түймелер) баланы оларға жібермейтін тыйымдар, құпиялар туралы білдіреді.

Құрметті ата-аналар әріптестер бұл тест жинағы сіздерге баланы тез түсінуге, сезуге көмектеседі деп ойлаймыз.

АТА-АНАЛАРҒА ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ КЕҢЕС

Картинки по запросу анимашки семья "Үш-ақ нәрсе - адамныц қасиеті, Ыстық қайрат, нұрлы ақыл, жылы жүрек" АБАЙ. Адам баласы — өмір бойы психологиялық көмекке зәру болмақ. Әсіресе, оның нәрестелік, сәбилік, балалық шақтарында, тіпті ауадай қажеттілік деп айтсақ та болады. Бірақ, біз өмір сүрген бұрынғы қоғамда, адамның психикасын тәрбиелеуге еш уақытта мән берген емес. Соның салдарынан балабақшаларда да, мектептерде де, тіп-ті жоғары оқу орындары мен адамның қызмет істейтін орындарында да, адамның психологиялық тәліміне көңіл аударылмады. Осындай қалыс тәрбиенің ауыр кемшіліктерін ескере отырып, азды-көпті психологиялық көмектің қасиеттеріне тоқталуды жөн көрдік. Психологаялық көмектің бағыттары. Бала атаулының бойындағы біртіндеп қалыптасатын психологиялық ауыр өзгерістер мен невроздың негізгі себепкері, жалпы бала тәрбиесінен хабары шамалы, ал бала психологиясы дегенді естіп көрмеген ата-аналардың үкімді де, сорақылыққа толы қатыгездіктерінен екенін ашып айтқымыз келеді. Олардың көпшілігі бала тәрбиесінің қиын да қызық сәттерін іздеп үйренудің орнына, тек жазалау, қорқытып-үркітумен ұстағанды білетіндіктерімен шектелетіндіктері белгілі. Тіршілік тартыстарына енді келген сәбилер үшін, бұны аттап өте алмастай ауыр күйзелістерге апарады. Айта берсе, үлкендер тарапынан болатын дөрекі қылықтар толып жатыр. Ең бірінші психологиялық көмектің бағдары — осындай жағдайларға тап болған балалардың ауруға шалдыға бастаған психикасын сауықтыру болып табылады. Екінші бағыт — тез арада ата-аналар мен бала тәрбиесіне қатысты үлкендердің арасында жүргізілетін ПСИХОЛОГИЯЛЫҚ көмектерді атауға болады. Мұның өзіне тән әдістері де толып жатыр. Үлкендерге бала психикасының мән-жәйі туралы түсінік беру, оны мұқалтпаудың маңызы жайлы, психологиялық тәрбиелерді үйретудің жолдарын — кітаптардан, кино-фильмдерден, арнайы жасалынған оқулық фильмдерден — терендей талдап көрсету арқылы, ата-аналар мен үлкендердің бала тәрбиесіндегі қатыгездіктен тыйылуын талап ету. Осылайша, жас баланың психикасындағы ауыр өзгерістер мен қорқыныштардан туындайтын, оның жан дүниесіндегі жапа шегушіліктің зардабымен қатаң да жедел күресетін мезгіл жеткен сияқты. Сөз жоқ, мұндай жағдайды ата-аналардың көпшілігі білмегендіктен істейтінін де ескеру керек. Жалпы бала психологиясына белгілі психикалық ауыр әсерлердің түрлерін атап өтсек; бірінші, баланың жігерін жасытатын үкімді баға беру (мысалы, "Сен ойнай білмейсің", "сен дұрыс сөйлей алмайсың" деген сияқты кесімді ұғымдардың әсері жаман). Осыдан кейін, баланың тауы шағылып, талабы қайтып қалатындығы анық. Тіпті, оған бұдан былай ойнаудың да, сөйлеудің де қиындай беретіні рас. Сәбилерді үнемі көтермелей жетелеп тәрбиелеудің психикалық мәні зор. Екінші сәт, баланың істеген әрекеттеріне теріс те, зілді баға берумен қоса, оның жеке басының намысына тиетін сөздер айту. Мәселен, "Сен ойнай білмейтініңмен қоса, мақтаншақсың, өтірік мақтанасың" деудің әсерімен, баланың бүкіл жан-дүниесін терең жаралауға әбден болады. Сондықтан да, балалардың іс-әрекеттерін дұрыс бағаламау, төмендетіп бағалау арқылы, оның қалыптасу қабілетін тұтылдырумен қоса, ұстамдылығы мен парасатына да қаяу түсіреді. Мұндай әрекеттер баланың өміршең талпыныстарын бірден тоқтатып, тіпті тіршілігінен де жиренері хақ. Оның алдындағы армандарын да, сенімдерін де жоғалта бастайды. Үшінші бір ыңғайсыз сәт, басқа бір баламен салыстыра бағалаудағы жіберілетін әділетсіздік. Мұндай әрекеттер арқылы, баланың бойына қызғанушылық пен өзімшілдікті қалай сіңіріп алғандарын да байқамай қалады. Міне, тәрбиедегі психологиялық әдістерді білмеудің салдары осындай аса қиын жайсыздықтарға әкеп соғады екен. Бұл бала тәрбиесіндегі кезек күттірмейтін мәселе дегіміз келеді.

ДИДАКТИКАЛЫҚ ОЙЫНДАРДЫҢ МАҢЫЗЫ

Картинки по запросу анимашки дидактические игры Ойын үстінде бала өзін еркін ұстайды. Ал еркіндік дегеніміз барлық дамудың баспалдағы. Сондай-ақ ойын баланың болашақ өміріне есік ашып, оның іздемпаздық, тап-қырлық қабілетін оятады. Осы тұрғыда баланың байқағыштық, зерттеп-салыстыру, сезім қабілетін дамытуға, баланың заттарды белгілері бойынша тану, түйсіну қабілетін ұштап қана қоймай, сонымен қатар сөздік қорын молайтуда дидактикалық ойындардың орны ерекше болып табылады. Ойын көп жоспарлы, күрделі педагогикалық процесс болғандықтан мектепке дейінгі жастағы балаларды оқытудағы ойындық әдіс болып табылады. Оқыту формасы балаларды жан-жақты тәрбиелеудегі негізгі құрал болып есептеледі. Дидактикалық ойын оқытудың әдістерінде 2 жолмен қарастырылады. Ойын сабақтар және дидактикалық тапсырмалар не болмаса автодидактикалық ойындар. Өз тәжірибемде ойындық сабақтардың көмегімен балаларға білім беріп қана қоймай, оларға қалай ойнауды да үйретемін. Бір мезетте оқытушы және ойынның мүшесі ретінде де балаларды ойнатуға талпындырамын, ал балалар ойнай отырып үйренеді, сондай-ақ ойын өзіндік ойын әрекеті нәтижесінде де қалыптасады. Өзіндік ойын әрекеті балалардың ойынға деген қызығушылығы артқан кезде ғана іске асады. Балалар ойын ойнағанды ұнатады және өз ынталарымен беріліп ойнайды. Тапсырмаларымды балалар өз беттерімен орындап және ойынды ұйымдастырып бір-біріне әділ баға беруге үйренеді. Балабақшада жиі қолданатын дидактикалық ойын түрлерін төмендегі жүйе бойынша өткіземін: 1.ойыншықпен ойналатын ойындар. 2.Үстел үстінде ойналатын ойындар. 3.Сөздік ойындар Әр топта балалардың жас ерекшеліктеріне байланысты ойындар іріктеймін, сондай-ақ тапсырмалар арқылы балалардың білімін тереңдете түсемін және ойлауын, зейінін, есте сақтауын дамытуға көмектесемін. Ойынның мазмұны бірнеше элементтен құрылады: Дидактикалық тапсырмалар, мазмұны, ережесі және ойынның орындалуы, мұнда басты элемент-дидактикалық тапсырмалар болып табылады, ал қалған элементтер осы тапсырмаға және оның орындалуына көмектеседі. Тапсырмалар әртүрлі болады (табиғат, жануарлар және өсімдіктер әлемі, адамдар, еңбек т.б.) және қарапайым математикалық ұғымдарды бекітуге байланысты. Ойын ережелерге сүйенеді, ережелер әр баланың ойында не істеу керектігін, қалай істеу керектігін, мақсатқа жетудің жолдарын көрсетеді және ақыл-ой қабілеттерін дамытады, әсіресе, кішкентай топтағы балалар өзін-өзі ұстауға, өздерінің мінез-құлықтарын қадағалауға үйренеді. Сонымен бірге, психологиялық жағдайларын жақсартады: көңіл аударғыштығын, байқағыштығын және мейірімділікке, кішіпейілділікке үйретеді. Көптеген дидактикалық ойындар балалардың жеке-дара ойнауына арналған (мозаика, пирамида), олар баланың дербестігін, аңғарғыштығын, өздігінен еңбек етуін жетілдіреді. Кейбір ойындар 4-6 баламен ойналады, сандық лотолар сан үйрету үшін өте қолайлы қызықты. Дидактикалық ойынды қолдану үшін үлкен педагогикалық шеберлік қажет. Ойынды таңдап алған соң, ойынның көмегімен қандай тапсырманы орындайтынын анықтаймын және ойынды өткізу үшін алдын-ала дайындаламын, сонымен қатар балаларға ойын түсінікті, анық, жас ерекшеліктеріне сай болуы тиіс. Мысалы: табу, көрсету, белгілеу естияр топқа лайықты, ал ересек балаларда салыстыру басым болады. Мінез-құлықты тәрбиелеуде ойынның рөлі маңызды болып есептеледі. Қорыта айтқанда, ойын-баланың жан серігі. Ойын сырттай қарағанда ешқандай қиындығы жоқ, оп-оңай көрінуі мүмкін. Ал іс жүзінде бала ойынға қатысу үшін басқалармен тіл табысып, өзінің ойлаған ойын іске асыру мүмкін емес. Баланың рухани жетілуі мен табиғи өсуінің, денесінің дамуы мен ой дүниесінің өркен жаюы ойынға тікелей тәуелді.

Маржан Бейсенбекқызы Камешева тәрбиеші