Адам баласы өзінің жан
дүниесін қайырымдылық пен
қайғыны түсіне білу қасиеттерімен
нығайтып, шынайы өмір сүре білу керек.
Сара Алпысқызы.
Жасөспірімдік кезең адамның өз болашағына айрықша үңіліп қарайтын кезең, яғни өзімен – өзі ақылдасып, «жан дүниесіне үңілуге құштар» шағы деуге болады. Өзінің ішкі жан дүниесін, алуан түрлі сырларын адам өзі жақсы білсе, ол сыртқы дүниенің тәнге күнбе-күн жасайтын ықпалын түсініп, адамзат қоғамына пайдалы істер жасауға тырысады. Адамдардың өмір сүру құштарлығы, олардың мақсаттары, бәрі адамның өзін-өзі тани білуімен сабақтас. Дәл осы кезеңде білім беру саласындағы жаңа идеяларды және тәрбие бағыттарын жүзеге асыру үшін балаларды өзін-өзі тәрбиелеу идеяларымен толықтырып, сондай-ақ оқу-тәрбие әдістерін жаңарту, баламен мен педагогтың қарым-қатынасын өзара ынтымақтастыру арқылы адамгершіліктерін дамудың жоғары деңгейіне жетуді көздеуде С.А. Назарбаеваның оқу жоспарына «Өзін-өзі тану» пәнінің енгізу туралы авторлық жобасы орынды да көкейтесті.

«Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім берудің жалпы мақсаттары:
өзінің өмірлік айқындамасын анықтау;
түрлі мәселелерді адамгершілік қағидаларға сәйкес сындарлы түрде шешу;
өзіне, адамдарға және қоршаған әлемге ізгілікті қарым-қатынас жасау;
адамдарға көмек көрсету, туыстарына және жақындарына мейірімді, қамқор болу;
өзімен-өзі үндестікте өмір сүру, ойы, сөзі және іс-әрекеттерінде шынайы болу;
жасампаздық пен белсенділік, азаматтылық және елжандылық таныту;
өз ойын, сөзі мен ісін адамгершілік тұрғысынан таңдауға дайын болу және оған жауапты болу;
қоғамға қызмет ету дағдыларын іс жүзінде дамыту.
|
 |