Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
(87182)518026
Адрес: г.Павлодар, ул.Минина 31
(87182)515935
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Понедельник 9.00-13.00 Среда 14.00-18.00
Ата аналарға кеңес

      Мектепке баратың балалардың ата-аналарына  ұсыныс

       Мектепке дейінгі бала даму және танып білу қабілеттерінің мүмкіншіліктеріне зор ие. Балада дүниені танимын және зерттеймін деген негіз салынған, сол мүмкіншіліктерді дамытуда көмек көрсетіңіз. Өткен уақытыңызды аямаңыз, кейін ол көптеп қайтарылады.

         Мектеп табалдырығын аттағанда балаңыз өз күшіне сенімді болады, оқу ол үшін қиын болмай, қуаныш қана әкеледі, сізде оның үлгеріміне алаңдамайтын боласыз.

         Сіздің жігеріңіз тиімді болу үшін, мына кеңестерді қолданыңыз:

1.  Оқу барысында бала зерігіп кетпесін. Егер бала көңілді оқыса, ол жақсы оқитын болады. Қызығушылық – мотивациялардың ең жақсысы, ол балаларды шығармашылықты тұлғалар етіп шығарады және ақыл-ой сабақтарынан қанағат алады.

2. Жаттығуды қайталаңыз. Баланың ақыл-ой қабілетін дамыту уақыт пен тәжірибеде айқындалады. Егер де небір жаттығу келіспей жатса, үзіліс жасаңыз, кейін қайтып келсеңіз де, не басқа жеңілдеу тәсілге көшсеңіз болады.

3. Жеткіліксіз жетістіктерге жетпей жатса не алға ештеңе жылжымаса үрейленбеңіз.

4. Шыдамдылық танытыңыз, асықпаңыз, баланың ақыл-ойын бөліп тастамайтын, басқа жағынан назар аударатын жаттығуларды бермеңіз.

5. Сабақта балаға деген бір өлшем болу керек. Бала шаршап, айналшақтап, не көңілсіздеу болса жаттығу жасамай-ақ қойыңыз. Баланың шыдамдылығын байқап және сабақты дайындағанда әр кез сайын аздап қана уақыт мерзімін қосып отыру керек. Кей кезде өзіне ұнайтын істерімен айналысуға мүмкіндік беріңіз.

6. Мектепке дейінгі бала қайталай беретін, бірқалыпты, нақты уақытымен ғана берілетін сабақтарды қабылдамайды. Сондықтан ойын түрінде өткізген жөн.

7. Балада қатынас жасаудың машықтарын дамытыңыз, бірлесіп істеуді, ұйымшыл болуды, басқа балалармен достасып кетуіне, олармен жетістіктерді және қиыншылықтарды бөлісуге үйрету керек, бұның бәрі ертең мектепке барғанда әлеуметтік атмосферада керек болады.

8. Немқұрайлы баға бермеңіз, ылғи да сүйемелдеп отырыңыз, жиі балаңызды шыдамдылығы мен жетістігі үшін мақтап отырыңыз. Басқа балалармен оның әлсіздігін салыстырмаңыз, оның өзіне деген сенімділігін қалыптастырыңыз. Ал ең негізі, баламен оқыған сабақты ауыр еңбек түрінде қабылдамаңыз, керісінше қуанып, ләззат алыңыз, күліп-ойнап жүрсеңіз жақсы болады. Баламен тіптен дос болу мүмкіншілігі туғанын есіңізге сақтаңыз.

         Сонымен, сіздерге жетістіктер, өзіңіздің, балаңыздың мүмкіншіліктеріне сенімділік тілейміз!