«№1 сәбилер балабақшасының» 50 жылдық мерейтойы атап өтілді.
Бүгін«№1 сәбилер балабақшасының» 50 жылдық мерейтойы атап өтілді.Жарты ғасыр — бұл үлкен тарих, мағыналы жол, өлшеусіз еңбек пен төгілген тердің жемісі. 50 жыл — бұл тек уақыт өлшемі емес, бұл — сан мың баланың балалық шағы, шат күлкісі мен тәтті естелігі. Осы жылдар ішінде балабақша мыңдаған балаға мейірім мен тәрбие беріп, олардың жарқын болашағына жол ашты. Бұл — ең алдымен, осында еңбек еткен және етіп жүрген тәрбиешілер мен қызметкерлердің адал еңбегінің нәтижесі. Сіздерге зор денсаулық, шығармашылық табыс, отбасыларыңызға амандық тілейміз! Балабақшаның керегесі кеңейіп, абыройы асқақтай берсін!
