Телефон доверия
8(7182)64-37-33
Адрес: Павлодар қ., Айманов к. 6
8(7182)643733-қабылдау бөлмесі 8(7182)654308-бухгалтерия 8(71852)643734-вахта
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
9.00-18.00 сағ.дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Біздің кәсіподақ

Кәсіподақ комитеті деген не?

Осы сұраққа жауап табу үшін біріншіден нормативтік актілерін қарайық. Кәсіподақ туралы заңында келесі анықтамалар берілген:

Кәсіподақ – Қазақстан Республикасы азаматтарының еңбек, өндірістік-кәсiптiк мүдделерiнiң ортақтығы негiзiнде өз мүшелерiнiң еңбек және әлеуметтiк-экономикалық құқықтары мен мүдделерiн бiлдiру және қорғау үшін ерiктi түрде құрылатын, тiркелген мүшелiгi бар қоғамдық бiрлестiк;

Бастауыш кәсіподақ ұйымы– кәсіподақтың тікелей ұйымдағы және осы ұйым қызметкерлері болып табылатын кәсіподақ мүшелерінен тұратын құрылымдық бөлімшесі.

 

Кәсіподақ бізге не береді?

  • Жұмыс қатынастардың тұрақтылығы.
  • Келісімдер және ұжымдық шарттар арқылы ұжымды басқаруға баурау.
  • Шығармашылық және кәсіптік әлуетін қолдау және дамыту.
  • Заңгерлердің кеңесі. Сотта қорғау. Қайғылы оқиға болған кезде еңбекті қорғау бойынша  және құқықтық көмек алу үшін мамандардың кеңестері.
  • Қызметкерлердің және олардың балаларының демалыстарын ұйымдастыру.
  • Мәдени шараларды ұйымдастыру және өткізу.
  • Қызметкерлерге материалдық көмек көрсету.

 

Бастауыш кәсіподақ ұйымының мақсаттары және міндеттері:

  • Кәсіподақ ұйымы мүшелерінің еңбек, әлеуметтік- экономикалық құқытары мен мүдделерін қорғау және өкіл болу жөнінде Кәсподақтың жарғысындағы міндеттерді жүзеге асыру;
  • Еңбек заңнамасын орындау және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау жасау;
  • Кәсіподақ ұйымы мүшелерінің материалдық жағдайын жақсарту, денсаулықтарын нығайту және тұрмыстық деңгейін көтеру;
  • Кәсіподақ мүшелерін ақпараттық қамтамасыз ету;
  • Кәсіподақ мүшелерін кәсподағының жұмысына кірісу үшін жағдай жасау;
  •  Кәсіподақ мүшелігінің уәждемесін көтеру жөнінде ұйымдастырушылық шараларын іске асыру. 

 

Қызметтің негізгі бағыттары:

  • Келісім шарттар жасау, ұжымдық келісім шарттарын жасауға көмектесу және олрады іске асыру, ұжымдық келіссөздер жүргізу;
  • Заңнамалық және басқа нормативтік актілерге ұсыныстар жасауға қатысу;
  • Кәсіподақ ұйымының мүшелеріне заңгерлік, материалдық көмек көрсету.
  • Еңбек заңнамасын орындау және еңбекті қорғау бойынша қоғамдық бақылау жасау
  •  Ұжымдық еңбек келіспеушіліктерін (дауларын)реттеуге қатысу.

 

Кәсіподақ мүшелеріне қарастырылған жеңілдіктер бар. Мысалы, жеңілдік бағамен курорт немесе санаторийда демалу, балаларды жазғы уақытта сауықтыру лагерлеріне жіберу және тағы басқалар.