Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
+7(7182)60-76-44
Адрес: Тәуелсіздік даңғылы 159/1
+7(7182)60-76-44
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
сейсенбі 8:00-10:00 бейсенбі 16:00-18:00
Ата аналарға арналған ескертпе

 

Ата-аналарға арналған ескертпе

№ 53 балабақша аптасына 5 күн 7.00-ден 19.00-ге дейін жұмыс істейді.

Демалыс күндері сенбі, жексенбі және ұлттық мерекелер.

  Ата-ана:

  •  «№53 сәбилер бақшасы» МҚКК Жарғысы мен осы келісімшарттың талаптарын сақтауға;
  • Ағымдағы айдың 10 - нен кешіктірмей баланың күтіміне төлемақы енгізуге;
  • Баланы кәмелет жасқа толмаған екінші біреуге, сонымен қоса мас күйдегі ата - анаға сеніп қалдырмай, тәрбиешіге өзі тапсыруға және әкетуге;
  • Мектепке дейінгі баланы мекемеге сағат 8.00 - ге дейін ұқыпты және таза түрде әкелуге;
  • Баланың қатыспайтындығы жөнінде мектепке дейінгі балалар мекемесіне ағымдағы күні сағат 8.00 - ге дейін хабарлауға (тәрбиешілерге немесе телефон 60-76-49 арқылы әкімшілікке);
  • Баланы тәрбиелеу және оқыту мәселелері бойынша «№53 сәбилер бақшасымен» өзара бірлесіп әрекет етуге міндетті.

   Мектепке дейінгі мекемеде балалар:

- қарым - қатынас жасауды;

- өз қызығушылығын қорғауды;

- өзгелердің пікірін есепке алуды;

- өзара келісімге келуді үйренеді.

- балабақшада балалар өздігінен жұмыс жасауға дағдыланады;

- балабақшада сәбилер балалық шағын ешбір уайым-қайғысыз, әрбір күнін қуанышты көңіл - күймен өткізеді.  

Сонымен қоса, балабақша – бұл сәбилердің алғашқы білім ордасы. Балаларды жалықтырмайтындай, балалық шағына деген құқығын сақтай отырып пәндік дамытушы ортаны қалай ұйымдастыруға болады? Біздің мектепке дейінгі балалар мекемесінде жұмыс істейтін тәрбиешілер мен мұғалімдер балабақшаның балалық шақ территориясы екендігін және мұнда барлық жағдайлардың ерекше болу керектігін түсінеді. Сондықтан, олар біздің балабақшамыздағы балалар мен ата - аналардың өмірі қызықты әрі мазмұнды болуы үшін барлық мүмкіншіліктерді жасайды. Бұл үшін олар тек білімдері мен тәжірибелерін қолданып қана қоймай, сонымен қатар білімқұмар бүлдіршіндермен қарым - қатынас жасауда барынша күш - жігерін салады.