Телефон доверия
8(7182) 352906
Адрес: Павлодар қаласы, Кенжекөл ауылы, Токина көшесі-3
8(7182) 352906, 8(7182) 352902, азаматтарды қабылдау күн: сейсенбі, бейсенбі 15.00-18.00
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:

Павлодар облысының білім беру басқармасы, Павлодар қаласының білім беру бөлімінің"Кенжекөл ауылының №20 сәбилер бақшасы" коммуналдық мемлекеттік қазыналық кәсіпорын

 

Біздің мекен-жайымыз:

  

  Қазақстан Республикасы

140014   Павлодар қаласы,

Кенжекөл ауылы,  Токин көшесі 3

Басшы телефоны :  352906

Жалпы телефоны: 352902

 

 

 

Біздің сайтымызда біздің БҰ жұмысы туралы,  нормативтік құжаттамалар туралы, қызметтері туралы, жаңалықтары, бала бақшада жұмыс істейтін мамандар туралы ақпараттар жарияланған

 

Балабақша – базарлы үй,
Қаладағы ажарлы үй.
Күлкісі бар шуақты,
Өз үйіміз сияқты…
Иә, балабақша – балалық шақтың бақытты мекені.

Балабақша — мектеп жасына дейінгі балаларды тәрбиелейтін мекеме.

Сәбилер бақшасы2008 жылғы 27 ақпанында ашылып, 171 бала тәрбиеленуде.

Жобалану қуаттылығы – 140 бала, қазіргі уақытта нақты– 171 бала бар.

Сәбилер бақшасы тәрбиелеу және оқыту қазақ тілінде жүргізіледі, 6 топ қызмет көрсетеді:

Ортаңғы  А,  Б тобы – 2

Ересек А, Ә, Б – 3

Мектепалды тобы – 1

 

 

Сәбилер бақшасында тәрбие, білім беру жұмыстары баланың жас ерекшелігіне, күн режиміне сәйкес жасалған бағдарламалар арқылы жүзеге асырылады. Тәрбие жұмыстарын арнайы мамандықтарыбар тәрбиешілер жүргізеді.

 

Мекеменің материалдық - оқу базасы  жоғарғы деңгейде жабдықталған,  мұнда медициналық,  психологиялық, логопедтік қызмет, ән – күй залы  бар.

Топ бөлмелері заманауи модулдік жиһаздармен және дамыту ойын, ойыншықтар, дидактикалық материалдарымен қамтылған.

Балабақшада мектеп жасына дейінгі балалардың зияткерлік, шығармашылық қабілеттерін дамытуға арналған ағылшын тілі, жүзу, би сабақтарын жүзеге асыру бойынша авторлық бағдарламалар құрастырылған.

 

Денсаулық сақтау саласында: бала денсаулығын нығайту шынықтыру, сауықтыру мақсаттарында мекемеде медициналық блок, дене шынықтыру, ән-күй залдарымен жабдықталған.

 

Психологиялық салада: баланың  жеке танымдылық, эмиоцияналдық дамуына әсер ету қамқор болу мақсатында мекеме психологы тәрбиешілер мен жеке мамандармен тығыз қарым-қатынас жасауда. Бала дамуын қалыптастыратын тәсілдерді зерттеу және қолданып көру, психикалық процестердің, баланың мектепке психологиялық және ынта жағынан даярлығының мониторингін өткізу.

 

Әлеуметтік салада: баланың рухани - адамгершілік және әлеуметтік дамуының негіздерін қалыптастыру бағыты алға қойылған.

 

Басқару саласында: мекемеде педагогикалық ұжымды белсендіру, шеберліктерін арттыру мақсатында ғылыми – әдістемелік жұмыстың жүйесі қалыптасқан. Оған педагогикалық қызметкерлердің зерттеу жұмысы мен жобалық іс - әрекет тәсілдерін меңгеру мен жалпылау жоспарланған.