Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday

Questions and answers

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Биылғы жылы жаңа стандарт енгізілді деп естідік, яғни, сол стандартта қандай өзгерістер бар?
Добавлен: 08 November 2013
Ответ:
Білім берудің тиісті деңгейлерінің мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын бекіту туралы ҚР Үкіметінің 2012 жылғы 23 тамыздағы № 1080 Қаулысы шықты. Бұл Қаулы 2013 жылғы 1 қыркүйектен бастап енгізілді. Соның ішінде - Орта білім берудің (бастауыш, негізгі орта, жалпы орта білім беру)мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты негізінде: 1. Жалпы ережелер 2. Білім мазмұнына қойылатын талаптар 3. Білім алушылардың оқу жүктемесінің ең жоғарғы көлеміне қойылатын талаптар. 4. Білім алушылардың дайындық деңгейіне қойылатын талаптар 5. Білім беруі процесін ұйымдастыру жағдайларына қойылатын талаптар нақты жазылған. Ескерту: 2013-2014 оқу жылында ағылшын тілі 1 сыныптан бастап кіргізіледі, 2 сыныпқа - 2014-2015 оқу жылында,3 сыныпқа - 2015-2016 оқу жылында, 4 сыныпқа - 2016-2017 оқу жылында кіргізіледі. "Шет тілі" кіргенше жүктемеде "әлемтану" пәні жүре береді.
ФИО: Жасұлан Берік
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Сіздерге математика пәні мұғалімі керек емеспе? ПГУ 2007 жылы аяқтадым.
Добавлен: 06 November 2013
Ответ:
Құрметті Берік. Әзірше бізге математика пәнінің мұғалімі керек емес.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе! 9 сынып оқушылары ОЖСБ тапсырыма? Рахмет!
Добавлен: 05 November 2013
Ответ:
Әзірге белгісіз. ОЖСБ-ға дайындық жұмыстары жүргізілуде. Алдын ала тест жұмыстары жүріп жатыр. ОЖСБ-ға байланысты түсетін қосымша мәліметтер туралы ата-аналарға және оқушыларға арнайы хабарлаймыз!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№19 Мектеп қай жылдан, қазақ мектебі болып қалыптасты?
Добавлен: 31 October 2013
Ответ:
№19 ЖББОМ 1999-2000 оқу жылынан бастап, қазақ тілінде білім беретін білім ошағына айналды.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Мектептеріңізде мұражай бар ма? Мұражай жұмысымен қалай танысуға болады?
Добавлен: 29 October 2013
Ответ:
Мектепте Машһұр Жүсіп Көпейұлына арналған мұражай, 2008 жылдан бастап қызмет жасайды, мұражай жетекшісі тағайындалған. Егер Сіз мұражай жұмысымен танысқыңыз келсе, қабылдау бөліміне қоңырау шалып, ақпарат алуыңызға болады. тел:615223
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Мектептеріңізде биыл бастауыш сыныптарда орындық, парталар жаңартылды ма?
Добавлен: 29 October 2013
Ответ:
Иә, 2013 жылдың тамыз-қазан айында мемлекеттік сатып алу бағдарламасы бойынша мектепке 12 комплект орындықтар мен парталар сатып алынды. Оның 6 комплектісі бастауыш сыныптарға берілді.
ФИО: Ата -ана!
Вопрос/обращение:
Құрметті Даулет Аманкелдіұлы! Сізден 1 сыныпқа арналған асханадағы ас мәзіріне көңіл бөлуіңізді және түскі аста бірінші емес тек екінші тамақты берсеңіздер деп сураймын.
Добавлен: 28 October 2013
Ответ:
Жалпы ас мәзірінде баланың денсаулығына қажетті сұйық астың, яғни бірінші тамақтың болғаны дұрыс. Алайда балаңыз тек екінші тамақты ұнатса, сынып жетекшісіне айтып, сол тағамға ғана тапсырыс беруіне болады. Сынып жетекшісі кез-келген баланың қалауын ескереді.
ФИО: АТА -АНА!
Вопрос/обращение:
Бізде мектеп стадионында футбол алаңын ретке келтіру жұмысы қашан басталады?
Добавлен: 28 October 2013
Ответ:
Мектеп стадионын жөндеу жұмысы жоспарда бар, алайда оны іске асыру қаражат бөлінуіне байланысты
ФИО: Ата- ана!
Вопрос/обращение:
Медбике қай уақыт аралығында жұмыс істейді?
Добавлен: 28 October 2013
Ответ:
Медбикенің жұмыс уақыты 8.00 - 17.00.
ФИО: Ата -ана!
Вопрос/обращение:
Мен баламды сіздердің мектепке бергім келеді,бірақ басқа мөлтек ауданда тұрамыз.
Добавлен: 26 October 2013
Ответ:
Құрметті ата-ана! Балаңызды біздің мектепке ауыстыру мәселесі бойынша, дүйсенбі-жұма күндері 16.00-18.00 аралығында, директордың жеке қабылдауында шеше аласыз.
ФИО: Қорғанбаев Нуржан
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Сіздерге тарих пәні мұғалімі керек емеспе? "Семей" МУ 1997 жылы аяқтадым.
Добавлен: 26 October 2013
Ответ:
Құрметті Нұржан. Әзірше бізге тарих пәнінің мұғалімі қажет емес.

First 1 8 9 10 Next Last Last

Задать вопрос