Телефон доверия
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Адрес: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
In a year
In a month
In a week
Yesterday

Questions and answers

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
ФИО: Гульмира Катимовна
Вопрос/обращение:
Биыл алған жетістіктеріңіз қайырлы болсын! Әрқашанда шын биіктен көріне беріңіз!
Добавлен: 03 April 2014
Ответ:
Рахмет!
ФИО: ата-ана
Вопрос/обращение:
№19 мектепке Мәшһүр Жүсіп Көпеевтің есімі кашан беріледі?
Добавлен: 03 April 2014
Ответ:
Мектептің атауын өзгертуге қатысты барлық қатынас қағаздарды, құзірлі органдарға жібердік, енді жауабын күтіп отырмыз! Барлығы уақыттың еншісінде! Мектеп әкімшілігі
ФИО: практикант студент
Вопрос/обращение:
Жыл басы Наурыз құтты болсын! Жаңа жылда жаңа табыстарға жете беріңіздер. Мен осы жылы №19 мектепте педагогикалық тәжірибеден өттім. Мектеп әкімшілігі мен ұстаздарға айтар алғысым шексіз. Мен ұстаздардан көп тәжірибе алдым.
Добавлен: 16 March 2014
Ответ:
Рахмет!
ФИО: Ата -ана!
Вопрос/обращение:
Жыл басы наурыз мерекесі баршамызға құтты болсын! №19 мектептің ұжымы биіктерден көрініп,қуанта беріңіздер! Балалрымыздың ұстаздарын наурыз мерекесімен құттықтап шығармашылық табыстар тілеймін
Добавлен: 14 March 2014
Ответ:
Рахмет!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Құрметті біздің балаларымыздың ұстаздары! Сіздерді келе жатқан 8 наурыз мерекесімен құттықтаймыз! Отбасылырыңызға амандық, дендеріңізге саулық, еңбектеріңізге жеміс тілійміз!
Добавлен: 01 March 2014
Ответ:
Рахмет!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Біз сіздердің шәкіртеріңіздің ата - аналарымыз. Сізге және ұжымға алғысымызды айтқымыз келеді. №19 мектеп шың биектерде көріне берсің!
Добавлен: 18 February 2014
Ответ:
Сәлеметсіздер ме, ата-аналар қауымы! Алғыстарыңызға рахмет! Шәкірт тәрбиелеудегі еңбек ұстаздар және ата-аналар қауымының ортақ жемісі деп ойлаймын.Балаларымыз қуанышқа кенелте берсін!
ФИО: Ата -ана!
Вопрос/обращение:
Құрметті мектеп әкімшілігі! Жаңа жыл мерекесіне арналған іс-шаралар өте тартымды өтті. Ертегі кейіпкерлерінің іс әреетіне тәнті болдық. Балалрымыз бен бірге қуандық! Рахмет сіздерге!
Добавлен: 27 December 2013
Ответ:
РАХМЕТ!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Биылғы Жаңа жылды өткізу шарасы қызықты болды. Барлық сынып оқушылары белсенді қатысып, би билеп, ән айтып, қуаныш сезімдерін білдірді. Мектеп ұжымын ата-аналар атынан Жаңа жыл мерекесімен құттықтаймыз! Елеулі еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер!
Добавлен: 26 December 2013
Ответ:
Жылы лебіздеріңізге көптен көп рахмет!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№19 мектептің ұстаздар ұжымын, келе жатқан жаңа жылмен құттықтаймын! Биіктерден көріне беріңіздер!
Добавлен: 20 December 2013
Ответ:
Рахмет!
ФИО: АТА -АНА!
Вопрос/обращение:
№19 мектеп ұжымын, тәуелсіздік мерекесімен құттықтаймын! Балаларымызғы тәрбие мен білім нәрін сусындатып жүрген мұғалімдерге алғысым шексіз! Шығырмашылық табыс тілеймін!
Добавлен: 16 December 2013
Ответ:
РАХМЕТ!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Құрметті Даулет Аманкелдіұлы! Мектеп асханасындағы балалардың тамақтануы, өткен жылдарға қарағанда тәртіпке келтірілгеніне көзіміз жетіп отыр. Тамақтың сапасысына да көңіліміз толып жүр. Балаларымыздың тапсырыспен тамақтануы дұрыс деп ойлаймын. Мектеп әкімшілігімен мұғалімдерге үлкен рахмет!
Добавлен: 14 December 2013
Ответ:
Рахмет! Оқушыларымыздың дұрыс тамақтануын әр кез назарда ұстауымыз қажет. Салауатты ұрпақ тәрбиелеудің бір бағыты, дұрыс тамақтанудан бастау алатыны сөзсіз!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе, Даулет Аманкелдіұлы! Сізді алда келе жатқан ТӘУЕЛСІЗДІК КҮНІМЕН құттықтаймыз! Сұрақ: Тәуелсіздік күні мейрамына орай неше күн демаламыз? Рахмет.
Добавлен: 12 December 2013
Ответ:
Құрметті ата-аналар тілектеріңізге көптен көп рақмет! Мемлекетіміздің береке-бірлігін, бостандығы әрі әлемдік туыстығын білдіретін, туған жердің мақтанышы болып келетін ҚР Тәуелсіздік күнімен баршаңызды шын жүректен құттықтаймын! Желтоксанның екпінімен келген Тәуелсіздіктің біз үшін орны қашан да бөлек. Көк байрағы желбіреген, бүгінгідей абыройлы да айбынды, беделді де берекелі, ынтымағы мен бірлігі жарасқан еліміздің тәуелсіздігі баянды болғай. Дәулетіміз шалқып, береке-бірлігіміз жараса берсін! Тәуелсіздік күні мейрамына орай 16,17 желтоқсан демаламыз.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Балаларға логин мен парольды берді, бага көру үшін соны кай сайтта көруге болады?
Добавлен: 12 December 2013
Ответ:
Баланың бағасын көру үшін: 1. e.edu.kz сайтына кіресіз. 2. "ХАБАРЫМ БАР" батырмасын басасыз. 3. "ЖҮЙЕГЕ КІРУ" батырмасын басасыз. 4. Логин және құпия сөзін еңгізесіз. 5. Тоқсанды және аптаны таңдайсыз да бағаларын көресіз.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№19 мектептің ұстаздар ұжымын, келе жатқан Тәуелсіздік мерекесімен шын жүректен құттықтаймын! Бала тәрбиелеудегі қажырлы еңбектеріңізге табыс тілеймін!
Добавлен: 08 December 2013
Ответ:
Рахмет! №19 ЖББОМ ата-аналарын, төл мерекеміз тәуелсіздік күнімен құттықтаймыз!
ФИО: 11 сынып оқукшысы
Вопрос/обращение:
Президент күніне өткізілген іс-шарадан жақсы әсер алып шықтым! Мектеп әкімшілігіне мың да бір рахмет. Осындай қызықты, танымды мерекелер бола берсін!
Добавлен: 03 December 2013
Ответ:
Рахмет!
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Баламды сіздің мектебіңізге қарасты шағын орталыққа орналастыру үшін қандай құжаттар жинап, тапсыруым керек?
Добавлен: 28 November 2013
Ответ:
Балаңызды шағын орталыққа орналастыру үшін Қалалық білім беру бөліміне өтініш жазуыңыз керек. Білім беру бөлімінің мамандары Сіздің тұрғылықты жеріңізге байланысты жолдама береді.
ФИО: 8-ші сынып оқушысы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме! Мен 8-ші орыс сыныбында оқимын. Қазақ тілінен бағам 5 . Сіздердің мектепке ауыссам қабылдайсыздар ма?
Добавлен: 26 November 2013
Ответ:
Біздің мектепке ауысуға болар еді, бірақ 8-сыныпқа дейін орысша оқысаң қазақ мектебінде оқуыңды жалғастыру қиындық туғызады ғой деп ойлаймын. Қазақ мектебінде оқытылатын пәндердің оқу бағдарламасы орыс тілді мектепте оқытылатын қазақ тілі пәнінен әлдеқайда күрделі.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Жасұланның әні керек
Добавлен: 16 November 2013
Ответ:
Құрметті Ата -ана! Жас ұланның әні біздін мектеп сайтынды, "Жас ұлан", "Жас қыран" рубрикасында Жас ұлан рәміздері бетінде орналасқан, әннің сөздері соңда жазылған.
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Менім балам №22 бала-бақшада тәрбиеленіп жүр. Сіздің мектебіңіздегі шағын орталыққа ауыстыруға болады ма?
Добавлен: 11 November 2013
Ответ:
Бүгінгі күні мектебіміздегі шағын орталықта бос орын жоқ, топтардағы бала саны толық
ФИО: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Баламды сіздің мектебіңізге қарасты шағын орталыққа орналастыру үшін қандай құжаттар жинап, тапсыруым керек?
Добавлен: 08 November 2013
Ответ:
Балаңызды шағын орталыққа орналастыру үшін Қалалық білім беру бөліміне өтініш жазуыңыз керек. Білім беру бөлімінің мамандары Сіздің тұрғылықты жеріңізге байланысты жолдама береді.

First 1 7 8 9 10 Last

Задать вопрос