Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Сұрақ-жауап

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
І тоқсан демалысы қай уақытта дейін болады? Демалыс кезінде уйірмелер жұмыс істейді ме?
Добавлен: 02 Қараша 2012
Ответ:
І тоқсан демалысы 5.11.12-12.11.12. 13-ші қарашадан бастап ІІ тоқсан басталады. Демалыс кезінде мектепте үйірмелер жұмыс істейді.
Аты-жөнi: Аубакирова Салтанат
Вопрос/обращение:
Құрметті Нұрбике Тұрғанбайқызы! Сізді ұстаздар күнімен құттықтаймын. Сізге шығармашылық табыс, сыныбыңызда үздік оқушылар көп болсын, оқушыларыныз өзіңіз сияқты алғыр, шапшаң болсын деп тілмеймін. Ұядан ұшырып отырған әрбір балапандарыңыз өмірде өз орнын тапсын! Еңбегіңіз жанып, биік асулардан көріне беріңіз! Тілек білдіруші: Аубакирова Салтанат, Арынов Алмас, Уәлихан Мерейлім
Добавлен: 09 Қазан 2012
Ответ:
Ізгі ниеттеріңізге рахмет!
Аты-жөнi: ата ана
Вопрос/обращение:
мектепте қандай үйірмелер жұмыс істейді? ондай ақпараты қайдан алуға болады?
Добавлен: 28 Қыркүйек 2012
Ответ:
Мектепте дизайн, би, вокал, хор, домбыра, театр, экология, құқық, математикалық, дебат, тіл, этно-мәдениет үйірмелері жұмыс істейді. Үйірме туралы толық ақпаратты тәрбие-ісі бөлімінен алуға болады.
Аты-жөнi: Ата- ана.
Вопрос/обращение:
Салеметсізбе.Биыл баламыз 1сыныпқа барды.Сыныпта 30-шақты бала бар.Мұғалім бар баламен жұмыс жасауға уақыты жетеме?Жеке жұмыс, үлгермейтін балалармен т.б.жұмыстармен. Мұғалімге қиын болмайма,балалардың оқу үлгерімдері кеміп қалмайма.Рахмет.
Добавлен: 03 Қыркүйек 2012
Ответ:
Құрметтті ата-ана! Әрбір Қазақстан азаматының (баланың) мемлекет тарапынан берген стандартқа сай білім алуға құқылы. Бірінші сыныпқа қабылдау, әр сыныптағы оқушылардың көптігі жылда осы бір қиындыққа әкеледі. Егер былтырғы оқу жылымен салыстырғанда биыл 20 оқушыға кем алдық, яғни бір сынып оқушылар санын құрайды. Сынып санын көбейте алмаймыз, өйткені, мектептегі кабинеттер саны жеткіліксіз. Ал 1-сыныпты ІІ ауысымда оқытуға болмайды. Иә, сыныптарда балалар саны көп, бірақ бұл балалар мектептегі шағын ауданнан жақсы дайындықпен келген, кейбір ата-аналар балаларын балабақшадан кейін оқушылар сарайында жексенбілік бағдарлама дайындығынан өткен. Сондықтан бірінші сынып мұғалімге өте қатты қиындық білдіреді деп ойламаймын. Жылдағы берілген ұзартылған күн тобынан 1 сынып оқушыларына қосымша уақыт сағаттары берілді. Осыған қоса әр оқушының ата-анасы түсіністікпен қарап, балаға күнделікті көмек көрсетсе, барлығы ойдағыдай болады деп сенемін.
Аты-жөнi: оқушы
Вопрос/обращение:
сәлеметсізбе! мектеп формасы сол қалыпты қалады ма әлде біркелкі форма кие ме:?
Добавлен: 10 Тамыз 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! Мектеп формасы бұрынғы қалыпта, яғни ақ көйлек, қара костюм шалбар н/е юбка.
Аты-жөнi: Карина.Д Әсем.А Ләйлә.С
Вопрос/обращение:
Жұманбаева.Б.Б сіз ең жақсы мұғалімсіз!! Рахмет сізге сіз бізді 4 сыныпқа дейін апардыңыз,енді біз 5 сыныпқа көшеміз!!!!!
Добавлен: 17 Мамыр 2012
Ответ:
Рахмет. Тілектеспіз. Ақ жол тілейміз!
Аты-жөнi: Қонақбаева Мадина
Вопрос/обращение:
25 күні соңғы қоңырау сағат нешеде?
Добавлен: 17 Мамыр 2012
Ответ:
25 күні соңғы қоңырау 1,4,9,10,11 сыныптар үшін сағат 10.00, ал 2,3,5,6,7,8 сыныптар үшін сағат 12.00-де басталады.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Құрметті Төлеген Кәкімұлы және ұстаздар қауымы! Сіздерді Ұлыстың Ұлы күні Наурыз мерекесімен құттықтаймын. Дендеріңізге саулық, отбасыларыңызға бақыт, еңбектеріңізге табыс тілеймін. Осы қиын да қызық мамандық жолында ерінбей еңбек етіп, баланы оқыту мен тәрбиелеуде бар күштеріңізді шын жүректен салып, аянбай еңбек етіп жатқандарыңызды көріп отырмыз. Ұядан ұшырып отырған әрбір балапандарыңыз өмірде өз орнын тапсын! Еңбектеріңіз жанып, биік асулардан көріне беріңіздер!
Добавлен: 20 Наурыз 2012
Ответ:
Рахмет. Сізге де барлық жақсылықты тілейміз.
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Мектепте биыл лагерьге кай уакыттан бастап қабылдайды?
Добавлен: 30 Наурыз 2012
Ответ:
Қазіргі уақыттан бастап, құжат тапсырып жазылуға болады.
Аты-жөнi: Маговинов Алишер
Вопрос/обращение:
біз каникулда сабаққа барамыз ба?
Добавлен: 09 Наурыз 2012
Ответ:
Каникул кезінде үйірме, қосымша сабақтар болады.
Аты-жөнi: Маговинов Алишер
Вопрос/обращение:
5 сыныпта 4а сыныпқа қандай мұғалім береді
Добавлен: 09 Наурыз 2012
Ответ:
5 сыныпта 4а сыныбына жетекші болып Ульжагалиева Күмісай Жасқайратқызы болады.
Аты-жөнi: ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздерме, 11 - ші сыныптарды ҰБТ-ге дайындық қалай өтіп жатыр?
Добавлен: 05 Наурыз 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе. 11-ші сыныптарда ҰБТ-ға дайындық қауырт түрде жүріп жатыр. Барлық сабақтар, қосымша сабақтар кесте бойынша...
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе. Мектепте дзюдо, таэквондодан спорттық секция бар ма?
Добавлен: 03 Наурыз 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! Мектепте дзюдодан және таэквондодан спорттық секциялар бар.Дзюдодан тегін, таэквондодан уйірме ақылы түрде өтеді.
Аты-жөнi: Имангазинов Нурлан Серикович
Вопрос/обращение:
СӘЛЕМЕТСІЗБЕ.Сізде 1-ші гимназия сыныбы бар ма? Оған қалай түсуге болады? Құжаттарды қашан тапсыру керек?
Добавлен: 14 Ақпан 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе. 1-ші гимназия сыныбы бар. Құжаттарды жаз мезгілінде қабылдайды.
Аты-жөнi: magovinov alisher
Вопрос/обращение:
bizde mectepte neshe interactivti takta bar))))?
Добавлен: 04 Ақпан 2012
Ответ:
Біздің мектепте 8 интерактивті тақта бар.
Аты-жөнi: Жанузаков Ильяс Кайратович
Вопрос/обращение:
Бізде неще интирактив тақта бар
Добавлен: 26 Қаңтар 2012
Ответ:
Біздің мектепте 8 интерактивті тақта бар.
Аты-жөнi: Айткалиева Тоғанай
Вопрос/обращение:
Мұғалім Баян Бакиевна мен сізге көп қарыздармын сіз мені ақылға,білімге үйреттіңіз РАХМЕТ!!!
Добавлен: 26 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет сізге. Білім шыңынан көтеріліп, асқар асуларды бағындыруыңды тілеймін.
Аты-жөнi: Ә,Әсел
Вопрос/обращение:
барлық мектепті жаңа жылмен құттықтаймын!!
Добавлен: 26 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет.
Аты-жөнi: Оқушы
Вопрос/обращение:
Сәлеметсізбе. Мектеп директоры Төлеген Кәкімұлы біздің барлық сұрағымызға уақыт тауып жауап беретінізге рахмет айтамын. Сізге зор денсаулық, отбасыңызға бақыт тілеймін.
Добавлен: 21 Қаңтар 2012
Ответ:
Сәлеметсізбе! Рахмет.
Аты-жөнi: Аймульдина А.Т.
Вопрос/обращение:
Құрметті әріптестер! Жаңа 2012 жылмен құттықтаймын! Жаңа Жыл жаңа қуат, жаңа бақыт, жаңа табыс әкеліп, жағымды жаңалықтарымен таң қалдырсын!
Добавлен: 04 Қаңтар 2012
Ответ:
Рахмет. Сіздің де ойлаған армандарыңыз орындалып, бақытты болыңыз!

бiрiншiсi 1 2 3 4 10 соңғысы

Сұрақ қою