Сенім телефоны
+7 (7182)78-70-44
email: sosh19@goo.edu.kz
Мекенжайы: 140000, Камзин көшесі, 62/2
+7 (7182) 61‒52‒23
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі - сағ. 16.00-18.00 Жұма - сағ. 16.00-18.00
Отзывы о школьном питании
Голосовать
Отзывы о школьном питании - 0
Всего проголосовало: 0
Смотреть результат
За год
За месяц
За неделю
Вчера

Сұрақ-жауап

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

Бекбаева Айнұр Тлегенқызы

 

Құрметті web-сайтының қонақтары!

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделеріне нұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады.

Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады.

Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады.

Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.

2009 жылғы 26 желтоқсаннан Қазақстан Республикасының азаматтардың жеке өміріне қол сұғылмаушылық құқықтарын қорғау мәселелері жөніндегі Заңы күшіне енді. Осыған байланысты, көпшілік алдында сөйлеген сөзде немесе бұқаралық ақпарат құралдарында адамның жеке өмірі туралы, оның жеке және отбасы құпиясын құрайтын азаматтардың құқықтарына және заңды мүдделерінен ұқсан келтіретін мәліметтерді оның келісімінсіз таратуға тыйым салынады. Иесі бүркемеленген өтініштер сондай-ақ қарауға жатпайды. Иесі бүркемеленген өтініш болып ол бойынша авторын белгілеу мүмкін емес, қолтаңбасы, оның ішінде электрондық цифрлық қолтаңбасы, арыз берушінің пошталық мекен-жайы жоқ өтініш табылады. Жоғарыда аталған талаптар бұзылған жағдайда мұндай өтініштер оларды орналастыру құқығынсыз жойылады. Осыған байланысты, толғантқан мәселелеріңіз бен сауалдарыңызды сындарлы және әдепті баяндауды өтінемін.
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Наурыз мерекесімен №19 мектептің барша ұстаздардын құттықтағым келіп отыр! Сіздерге үлкен аналық алғысымды білдіре отыра шығармашылық табыстар тілеймін!
Добавлен: 24 Наурыз 2017
Ответ:
Жылы лебізіңізге көптен - көп рахмет!
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Балаларымызды жазғы демалыс уақытында ЭКСПО-2017-ге апарып демалып келдіретін іс-шаралар жоспарларыңызда бар ма?
Добавлен: 17 Наурыз 2017
Ответ:
Құрметті ата-ана! Маусым айының 29-на "Пять звезд" туристік агенттігінің қолдауымен Астана қаласына ЭКСПО-2017-ні тамашалауға балаларды апару жоспарда бар. Толық ақпаратты 787044 телефоны арқылы білуге болады.
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№19 мектептің ұстаздарын жыл басы наурыз мерекесімен шын жүректен құттықтаймыз! Ұстаздық жолдағы еңбектеріңіздің жемісін көріңіздер, әрқашан биіктерден көрініңіздер. Балаларымның мектептен қуанып келгені,мен үшін үлкен қуаныш. Бұл сіздердің еңбектеріңіз. Рахмет сіздерге!
Добавлен: 15 Наурыз 2017
Ответ:
Құрметті Ата-ана! Сіздің отбасыңызды да осы бір Ұлыстың ұлы күнімен құттықтаймыз. Жылы лебізіңізге Үлкен рахмет!
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе?! Баламды ауылдық мектептен сіздердің мектептеріңізге ауыстырайын деп едім. Ол үшін қандай құжаттар қажет және оларды қай уақыт аралығында тапсыру керек?Сіздердің мөлтек ауданында тұратындығымыхды растайтын құжат бар!
Добавлен: 14 Наурыз 2017
Ответ:
Aуылдан баланы қала мектебіне ауыстыру үшін әке-шешесі міндетті түрде баламен бірге тұру талап етіледі.Мөлтек ауданында тұратындығызды растайтын құжат- мекенжай анықтамасы болу керек.Осы талаптар орындалса кез келген уақытта мектептің қабылдау бөлмесіне келіп балаңызды орналастыруға болады. Қосымша ақпаратты 615223 телефоны арқылы алуға болады.
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
Менің балам қыркүйектен 1 сыныпқа барады, біз Суворово (6) көшесінде тұрамыз. №19 мектепке қабылдайсыздар ма?
Добавлен: 13 Наурыз 2017
Ответ:
Құрметті ата-ана! 1 сыныпқа оқушыларды мөлтек аудан бойынша қабылдаймыз. Сіздер мөлтек аудан бойынша №1 мектепке қарайсыздар. Толық ақпаратты 615223 телефоны арқылы білуге болады.
Аты-жөнi: Ата ана!
Вопрос/обращение:
Наурыз айындағы демалыс күндері оқушылар неше күн демалады?
Добавлен: 11 Наурыз 2017
Ответ:
Құрметті ата ана! Наурыз айында оқушылар 21.03.2017-03.04.2017 аралығында демалады!
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№19 мектептің мұғалімдерін 8 наурыз халықаралық әйелдер мерекесімен құттықтаймын. Шығармашылық табыс тілеймін!
Добавлен: 09 Наурыз 2017
Ответ:
Жылы лебізіңізге үлкен рахмет! №19 мектеп оқушыларының ата-аналарын мектеп ұжымы атынан біз де құттықтаймыз! Ұрпақ тәрбиесіндегі ортақ іске-бірлесе жұмыс жасауға тілектеспіз!
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
11 сыныптағы қызымның ҰБТ -ға дайындығы төмен.Қызым міне бір жыл дайындалды нәтиже жоқ. ҰБТ-ға дайындалу үшін қандай қосымша көмек құралдарын қолдануға болады.
Добавлен: 01 Наурыз 2017
Ответ:
Құрметті ата-ана! ҰБТ-ның жаңа форматы бойынша мектепте дайындық жұмыстары кезең кезеңімен өтуде.Түстен кейін 11 сынып оқушыларына дайындық курстары кесте бойынша апта бойы өткізіледі. Қосымша дайындыққа 5+ жаңа форматтағы тестілеу дискісі және ақылы онлайн тестілеуге қатысуға болады. Толық ақпаратты 87182615259 телефоны арқылы алуыңызға болады
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
№19 Мектеп әкімшілігі! Жана жылға арналған іс-шаралар мектепте өте жақсы өтті.Сіздерді,жаңа 2015 жылмен шын жүректен құттықтаймын! Жаңа жылда жағымды жаңалықтар мен телегей табыс мол болсын! Әрбір игі істер мен жаңа бастамаларыңызға сәттілік серік болып, отбасыларыңызға баянды бақыт пен бақ-береке келсін. Биіктерден көріне беріңіздер! Ізгі ниетпен, ата-ана
Добавлен: 29 Желтоқсан 2014
Ответ:
ЫҚЫЛАСЫҢЫЗҒА ҮЛКЕН РАХМЕТ!
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
16 желтоқсан мерекесіне қарсы балалар неше күн демалады?
Добавлен: 02 Желтоқсан 2014
Ответ:
16 Желтоқсан Тәуелсіздік мерекесіне қарсы мектептерде оқушылар үшін 16-17 желтоқсан демалыс күндері болып саналады Мектеп әкімшілігі
Аты-жөнi: ата-ана
Вопрос/обращение:
Мектепте сенім жәшігі жұмыс істейді ма? оған кімдер жауапты?
Добавлен: 01 Қараша 2014
Ответ:
Құрметті ата-ана, мектептің кіре берісінде сенім поштасы ілулі тұр! Аптасына бір рет арнайы комиссия жәшікті ашып, ішіндегі хатты немесе өтінішті оқып шешім шығарады. Сенім хаттарға мектеп директорының оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары Серімбаева Дана Төлеубайқызы жауап береді. Мектепте сенім поштасы және сенім телефоны жұмыс істейді: 78-70-44 Кез келген сұрақ бойынша осы номерге хабарласып жауап ала-аласыз! Мектеп әкімшілігі!
Аты-жөнi: Жуманова
Вопрос/обращение:
оқу ісінің меңгерушісі куніне қанша уақыт жұмыс істеу керек 1 ставка ж/е 9 сағат
Добавлен: 13 Қазан 2014
Ответ:
77-бап. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы 1. Жұмыс уақытының қалыпты ұзақтығы аптасына 40 сағаттан аспауға тиіс 82-бап. Күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы 1. Бес күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 8 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 7 сағат 12 минуттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 5 сағаттан аспауға тиіс. 2. Алты күндік жұмыс аптасы кезінде күнделікті жұмыстың (жұмыс ауысымының) ұзақтығы апталық норма 40 сағат болғанда - 7 сағаттан, апталық норма 36 сағат болғанда - 6 сағаттан жəне апталық норма 24 сағат болғанда 4 сағаттан аспауға тиіс.
Аты-жөнi: Мажитова Айгерим
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіздер ме! Сіздерде орыс тілі мұғалімне бос вакансия бар ма?
Добавлен: 23 Қыркүйек 2014
Ответ:
Орыс-тілі мен әдебиет пәнінің мұғалімдігіне вакансия жоқ! Дегенімен өзіңіз жайлы ақпаратты мектептің электронды мекенжайына жіберуіңізге болады!
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
14.09.2014ж сағ 10.00-де, №19 мектепте бірінші сынып ата -аналарына арналған семинар өтті. Осындай танымды іс-шаралар бұрын-сонды өтпейтін. Неге жексенбіде өтеді деп ренжіп келіп,қуанып қайттық. Көп нәрсе алдық. Рахмет мектеп ұжымына, ұйымдастырушыларға!
Добавлен: 15 Қыркүйек 2014
Ответ:
ЫҚЫЛАСЫҢЫЗҒА КӨПТЕН-КӨП РАХМЕТ!
Аты-жөнi: АТА -АНА!
Вопрос/обращение:
Денсаулық күніне арналған іс-шаралар мектепте өте жақсы өтті. Бәрін жақсы ұйымдастырған: спорттық шаралар,сурет салу, флешмоб т.б Биіктерден көріне беріңіздер!
Добавлен: 10 Қыркүйек 2014
Ответ:
ЫҚЫЛАСЫҢЫЗҒА ҮЛКЕН РАХМЕТ!
Аты-жөнi: Ата-ана!
Вопрос/обращение:
1 қыркүйек,білім күніне арналған салтанатты жиыннан жақсы көңіл күймен қайттық.Мектеп әкімшілігіне үлкен рахмет!
Добавлен: 05 Қыркүйек 2014
Ответ:
Рахмет!
Аты-жөнi: Ата-ана
Вопрос/обращение:
Мен баламды сіздердің мектебіңізе 1 сыныпқа бергім келеді, бірақ басқа мөлтек ауданда тұрамыз.Гимназия 1 сыныптары ашыла ма? 1 сыныпқа қабылдау қашан басталады?
Добавлен: 06 Мамыр 2014
Ответ:
№19 мектеп ауданында мектепке баратын оқушылардың саны көп болғандықтан, ең бірінші, мөлтек ауданында тұратын оқушылар қабылданады. Себебі мектеп 1054 балаға арналған. Сынып тығыздығы өте үлкен, кабинеттер жетіспейді. Басқа мөлтек аудандарынан 1 сыныпқа қабылдау мүмкіншілігі жоқ. Бірінші сыныпқа қабылдау тамыз айында басталады.
Аты-жөнi: Жагипарова Майгуль Болатхановна
Вопрос/обращение:
Сәлеметсіз бе?! 2014-2015 оқу жылына бастауыш сынып мұғаліміне орын бар ма? еңбек өтілімім: 5 жыл, ІІІ- деңгейлік курсты аяқтадым.
Добавлен: 24 Сәуір 2014
Ответ:
Майгүл Болатханқызы! Жұмыс туралы толық ақпаратты директордың жеке қабылдауында немесе 615259 телефоны арқылы білуіңізге болады.
Аты-жөнi: Досаева Айсұлу
Вопрос/обращение:
Неге жыл сайын сынып жөндеуіне ата-аналар ақша жинаулары керек (линолиум алуға)?
Добавлен: 16 Сәуір 2014
Ответ:
Сыныптарды жөндеуге, ата-аналардан қаржы жинауға тыйым салынады. Ата -аналардың жөндеу жұмыстарына ерікті түрде көмек көрсетуіне болады Аталған мәселеге қатысты, қай сынып жетекшісі (Линеолиумға)ақша жинап жатқанын жазғаныңыз дұрыс болар еді.
Аты-жөнi: Алғамбарова Жансая
Вопрос/обращение:
Құрметті 19 мектеп әкімшілігі! Сынып жөндеуге, сыныпқа жиһаз алуға ата-аналар қаржы бөлуі тиіс пе?
Добавлен: 16 Сәуір 2014
Ответ:
Сыныптардың жөндеу жұмыстарына және жиһазбен жабдықталуына ата аналардан қаржы жинауға қатаң тыйым салынады. Осындай фактілер көрініс берсе, қай сыныпта болғандығын жазсаңыз дұрыс болар еді!

бiрiншiсi 1 6 7 8 9 10 соңғысы

Сұрақ қою