Телефон доверия
8(718)2641552 - балабақша, 8(718)2320560 - білім беру бөлімі, 8(718)2321937 - білім беру басқармасы
email: sad4@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар қаласы, Ш.Айманов к.13 үй
8(718)2641552 - басшы 8(718)2641553 - бухгалтер
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі сағат 7.00ден 11.00ге, жұма сағат 14.00 ден 18.00ге дейін
Нужно ли отдавать ребенка в детский сад?
Да - 70
Нет - 44
Всего проголосовало: 114
Смотреть результат
In a year
In a month
In a week
Yesterday
Әкімшілік

Әдіскер Фариза Назымбекқызы Абильмажинова

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: сағат 9.00 - 18.00

         Білім беру қызметін әдістемелік қамтамасыз етуді ұйымдастырады. Оқу, оқу-тақырыптық жоспарларын және пәндер мен оқу курстары бойынша бағдарламаларды құрастырады. Балаларға арналған білім беру бағдарламаларын таңдауға (әзірлеуге) қатысады, білім беру ұйымдарымен, балалар орталықтарымен және басқа да ұйымдармен ынтымақтастықты дамытады. Тәрбие мен оқытудың мазмұнын, нысанын, әдістері мен құралдарын анықтауға көмек көрсетеді. Оқу-әдістемелік құжаттамаларды әзірлеуді, рецензиялауды және бекітуге дайындауды ұйымдастырады. Зерттеулер мен әзірлемелердің жаңа бағыттарын қалыптастырады және жас топтары бойынша сабақтар ретін құрады. Алдыңғы қатарлы практикалық тәжірибені таратуды және енгізуді қамтамасыз етеді. Білім беру деңгейлерінің үздіксіздігі мен сабақтастығы принциптерін сақтау, ата-аналармен өзара іс-әрекет жасау бойынша іс-шаралар ұйымдастырады. Жабдықтарды ауыстыру және қазіргі заманғы жабдықтарды сатып алу туралы ұсыныс енгізеді, топтарды оқу құралдарымен, ойыншықтармен, ойындармен жинақтауды ұйымдастырады.

Медбике Гүлмира Рамазанқызы Дюсембаева

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: сағат 8.00 - 17.00

               Санитарлық-эпидемиологиялық режимнің сақталуын бақылайды, балаларды шынықтыру бойынша іс шараларды ұйымдастырады,  сауықтыру іс шараларын ұйымдастыруды қамтамасыз етеді, күн тәртібінің сақталуына бақылау жасауды жүзеге асырады, таңғы жаттығудың дұрыс жасалуын, дене шынықтыру сабақтарын және балалардың серуендеуін бақылайды, жарақат пен улануды алдын алады,  тәрбиешілердің өткізетін балалардың таңғы астарын қабылдауды бақылайды. Балаларды түгендеу, сырқаты бойынша келмегендерді түгендеу жұмыстарын жүргізеді, оңашаланған балаларды күту жұмыстарын ұйымдастырады. Ата-аналар, мектепке дейінгі мекеме жұмыскерлері арасында санитарлық ағартушылық  жұмыстарын жүргізеді, мекеме жұмыскерлерінің медициналық тексерістен уақтылы өтуін қадағалайды. Тиісті медициналық құжаттама жүргізеді, әкімшілікпен бірігіп ай сайын балалардың сырқаттану себептерін қарастырады және оларды жою бойынша ұсыныстар енгізеді. Балалардың физикалық дамуы мен денсаулықтары мәселесіне бағытталған  педагогикалық кеңестерге қатысады.

Шаруа ісінің меңгерушісі Жанар Дулатбекқызы Сулеева

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: сағат 9.00 - 18.00

           Шаруа ісі меңгерушісінің негізгі міндеті басшылықты  МДМ шаруашылық қызметі бойынша жұмыстарды жүзеге асыру. МДМ балалардың өмірі мен денсаулықтарын қорғау бойынша нұсқаулықты орындауды және еңбекті қорғау нормаларын, қауіпсіздік техникасын және еңбекті қорғауды қамтамиасыз етеді. МДМ шаруашылық қызмет көрсету бойынша кіші қызмет көрсететін персоналдар жұмысына жетекшілік етеді және оны бақылауды;  шаруашылық құрал-жабдықтардың сақталуын, оның қайта қалпына келтірілуін және толығуын қамтамасыз етеді;  үй-жайлардағы және іргелес аумақтардағы тазалықтың сақталуын бақылайды.

                  Бухгалтер Алия Темірбекқызы Борибаева 

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: сағат 9.00 - 18.00

        Мекемедегі бухгалтерлік есепті ұйымдастыруды қамтамасыз етеді және материалдық және қаржылық ресурстарды тиімді, үнемді қолдануға бақылау жасайды. Бухгалтерлік есепті, яғни оны дұрыс жүргізу ережесінде белгіленген негізде ұйымдастыруды жүзеге асырады, сондай-ақ: - түскен ақшалай қаражаттарды, тауар-материалдық құндылықтар мен негізгі қаражаттардың толық есебін, сондай-ақ уақытында бухгалтерлік есепте олардың қозғалыс операцияларымен байланысының толық есебін көрсетуді; - белгіленген ережелерге сәйкес мекеменің шаруашылық-қаржылық қызметінің нәтижелерін есепке алуды; - төлемдер мен мемлекеттік бюджетті, мемлекеттік әлеуметтік сақтандыру, зейнетақы қорына жарналар төлеу  және басқа да жарналар мен төлемдерді дұрыс есептеуді және уақытында ақша аударуды, - ақшалай қаражаттар мен тауар-материалдық құндылықтардың жетіспеушілігі мен ұрлануы бойынша материалдарды рәсімдеу бойыншазаң қызметтерінің жұмысына қатысуды; - алғашқы құжаттар мен бухгалтерлік жазба негізінде ең нақты бухгалтерлік есеп беруді құруға, оны тиісті органдарға белгіленген уақытында ұсынуды; - ішкі шаруашылық резервтерді анықтау, шығындар мен өнімсіз шығындарды ескерту мақсатында бухгалтерлік есеп және есеп беру деректері бойынша мекеменің шаруашылық- қаржылық қызметіне экономикалық талдауды жүзеге асыруды; - бухгалтерлік құжаттарды сақтауды, белгіленген тәртіпте оларды рәсімдеу мен мұрағатқа тапсыруды қамтамасыз етуге міндетті.

Хатшы-аудармашы Меруерт Серікбайқызы Жұманова

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: сағат 8.00 - 17.00

         Хат-хабарларды қабылдайды және тіркейді, оларды басшыға береді. Басшы хат-хабарларды қарап, бұрыштама қойғаннан кейін, ол құжаттарды орындауға береді. Құжаттарды есепке алу, келген және жіберілген хат-хабарларды есепке алу журналын жүргізеді, жүйелейді және құжаттарды мұрағатта сақтайды. Басшының, бухгалтердің өкіміне сәйкес, бұйрықтарды дайындайды, ол бұйрықтарды басшыға қол қоюға апарады. Қызметкерлердің жеке істерін жүргізеді, ф.Т-2. жеке карточкаларын толтырады. Жеке еңбек, материалдық  шарттарды тіркейді.Қызметтік құжаттардың сақталуын қамтамасыз етеді. Мектепке дейінгі ұйымның қызметіне қатысты барлық құжаттарды, басқа ұйымдармен өзара жазысқан хат-хабарларды, сондай-ақ конференция, кеңестер, семинарлардың материалдарын аударады. Түпнұсқа құжаттардың лексикалық, стилистикалық және мәтіндік мазмұнының нақты сәйкестігін, сондай-ақ ғылыми және техникалық терминдер мен анықтамаларға қатысты белгіленген талаптарды сақтауды қамтамасыз ете отыра, белгіленген мерзімде ауызша және жазбаша, толық және қысқарған аудармаларды орындайды.
Аудармаларды редакциялауды жүзеге асырады. Материалдар мен басқа да құжаттарға қажетті аннотация мен рефераттар дайындайды. Тақырыптық шолуларды құруға қатысады.

Психолог – Шалаева Галина Евгеньевна

Жұмыс уақыты: жұмыс күндері: сағат 9.00 – 18.00

         Мектеп жасына дейінгі балалардың психологиялық және әлеуметтік жағдайын сақтауға және түзетуге бағытталған қызметті жүзеге асырады. Бала құқықтарын қорғау Конвенциясына сәйкес тұлғаның құқықтарын қорғауына көмектеседі. Білім беруді ұйымдастырудың әлеуметтік саласының үйлесімділігіне себін тигізеді және әлеуметтік бейімделе алмаушылық туындауы профилактикасы бойынша алдын алу шараларын жүзеге асырады.
      Мектеп жасына дейінгі балалар тұлғасының дамуына кедергі келтіретін факторларын айқындайды және әртүрлі психологиялық көмек (психикалық түзету, сауықтыру және кеңес беру) көрсету бойынша шараларды қабылдайды. Мектеп жасына дейінгі балаларға, ата-аналарға немесе оларды алмастыратын тұлғаларға, педагогикалық ұжымға психологиялық бағыттағы проблемаларды шешуде көмек көрсетеді. Әртүрлі бейіндегі және мақсаттағы психологиялық диагностиканы жүргізеді.
      Педагогикалық ұжымның, сонымен қатар ата-аналар немесе оларды алмастыратын тұлғаларды бағдарлау мақсатында зерттеу жұмыстарының материалдары бойынша, мектеп жасына дейінгі балалардың тұлғалық және әлеуметтік даму мәселелеріне психологиялық-педагогикалық қорытындылар жасайды. Белгіленген нысанда құжаттарды жүргізеді және оны мақсаты бойынша қолданады.
      Мектеп жасына дейінгі балалардың жеке және жыныс-жас ерекшеліктерін ескере отырып, білім беру қызметінің дамытушы және түзету бағдарламаларын жоспарлауға және дайындауға қатысады, балалардың өмірдегі әртүрлі жағдайларда бағдарлануға дайындығын дамытуға көмектеседі. Мектеп жасына дейінгі шығармашылық жағынан дарынды балаларға психологиялық қолдау көрсетеді, олардың дамуына көмектеседі.