Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі 16 жыл, педагог-сарапшы
- Оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Мектептің ағымдағы және алдағы іс-әрекетін жоспарлауды ұйымдастырады.
- Мектептің педагогикалық кеңесін дайындауға, өткізуге ат салысады, оның қаулысының орындалуын қадағалайды. Оқу үрдісіндегі әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Пәндер бойынша күнтізбелік жоспар мен күнделікті сабақ жоспарының талапқа сай болуына жауап береді.
- Бастауыш сыныптарды, гимназиялық сыныптарды (бастауыш сынып, қазақ тілі мен әдебиет) басқару.
- Оқу жоспарлары, мектептің жұмыс жоспары, мектепті дамытудағы жұмыс жоспары, табельдеу, тарификация.
- 9-сыныптардың емтихандары және емтихан материалдары.
- Мектептің рейтингі.
- Қатаң есептегі құжаттар (9 сыныптар, мақтау қағаздары).
Директордың оқу-тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Қазақ тілі мен әдебиеті пәнінің мұғалімі
Еңбек өтілі 20 жыл, педагог-зерттеуші
- Оқу процесінің ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді.
- Сыныптардың сабақ кестесі, оған басшылық және бақылау жасау. Оқу бағдарламаларының орындалуы, оқушылардың білім сапасына жауап береді.
- Денсаулығына байланысты үйден оқытылатын оқушылардың оқу үрдісінде сабақ кестесіне сай өткізілуін, журналын қадағалайды.
- Жалпыға бірдей білім беру заңдарының орындалуына басшылық жасайды. Оқушылар қозғалысына жауапты.
- Білім үрдісінің мониторингін жүргізеді, оқу сапасын тексереді.Әр тоқсан сайын және жыл соңындағы білім сапасы мен үлгерім сапасының есебін білім бөліміне өткізуге жауапты
- Ата-аналарды оқу-тәрбие үрдісін ұйымдастыру мәселелері бойынша қабылдайды.
- Бекітілген есептік құжаттардың мезгілімен құрастырылуын қамтамасыз етеді, мұғалімдер мен сынып журналдарын, басқа құжаттардың дұрыс және уақытында жүргізілуін бақылайды.
- Мемлекеттік қорытынды аттестаттау жоспарын жасап, жыл бойы оқушыларды дайындау жұмысын ұйымдастырады.
- Педагогикалық кеңестің хаттамаларының жүргізілуін қадағалайды;
- Оқу үрдісіндегі әдістемелік жұмыстың ұйымдастырылуына басшылық етеді, оқу жоспары мен бағдарламалардың сапалы орындалуын қамтамасыз етеді. Пәндер бойынша күнтізбелік жоспар мен күнделікті сабақ жоспарының талапқа сай болуына жауап береді.
- Педагогикалық мамандардың кәсіптік шеберлігі мен біліктілігін арттыруды ұйымдастырады. «Жас мамандар» мектебінің жұмысына басшылық жасайды.
- Инновациялық бағдарламалар, технологияларды меңгеруде педагогикалық қызметкерлерге көмек керсетеді.
Директордың тәрбие ісі жөніндегі орынбасары
Бастауыш сынып мұғалімі
Еңбек өтілі 3 жыл, педагог-модератор
- Сынып, үйірме жетекшілерінің, психологтын, аға тәлімгерлердің тәрбиелік іс-әрекетін жаңа модель тұрғысына бейімдеу, тәрбиелік және дамытушылық маңызы бар іс-шаралар ұйымдастыру, бақылау, жасау.
- Тәрбие үрдісінің дұрыс ұйымдастырылуын қадағалау, оқушылармен жүргізілетін жұмыстар бағдарламасын ағымдағы және алдағы тәрбие үрдісін жоспарлау, тәрбие іс-шаралар кестесін жасау.
- Оқушылардың тәрбиелік деңгейін айкындау. Жеке тұлғаны қалыптастыру мақсатында оның жанұясымен байланысты қамтамасыз ету.
- Оқушыларды тәрбиелеуде бірігіп жұмыс істеу үшін, мектеп пен мектептен тыс мекемелердің, шығармашылық ұжымдардың байланысын нығайту.
- Ата-аналармен жұмысты ұйымдастырады, Қамқоршылық кеңестің жұмыстарына басшылық жасайды.
- Оқушылардың өзін-өзі басқару ұйымына басшылық жасайды.
- Тәрбие саласындағы озат тәжірибені зерттеп, жинақтау, тарату: тәрбие ісіне барлық жұртшылықты тарту.
- Мектептегі сынып жетекшілерінің ӘБ және эстетикалық бағыттағы пәндер (дене шынықтыру, музыка, өзін – өзі тану, АӘТД) басшылык жасайды.
-
Мектептегі сыныптан тыс іс-шараларға қатысу.
Оқушылардың жазғы демалысын, еңбек лагерін ұйымдастырады - Мектептің ішкі тазалық жұмыстарын ұйымдастырады.
- Мектеп ғимаратына мұғалімдердің және оқушылардың кезекшілігін ұйымдастырады.
