Сенім телефоны
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Оқытушылар
Саменова Дина Сабарбековна
Саменова Дина Сабарбековна

Жас маман.2013 "Графикалық сәнгер" мамандығы бойынша Павлодар қаласының көркемсурет колледжін бітірді, және 2017 жылы "Бейнелеу өнері және сызу"мамандығы бойынша Павлодар қаласының мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді


Одарчук Екатерина Александровна
Одарчук Екатерина Александровна

Жас маман.2013 "Графикалық сәңгер" мамандығы бойынша Павлодар қаласының көркемсурет колледжін және 2017 жылы "Бейнелеу өнері және сызу" мамандығы бойынша Павлодар қаласының мемлекеттік педагогикалық институтын бітірді


Александра Станиславовна Ловина - Самошкина
Александра Станиславовна Ловина - Самошкина

Александра Станиславовна Ловина-Самошкина  №2 БКМ түлегі. Еуразия Инновациалық  университетін тәмамдаған. Мүсін пәнінен ойдағыдай сабақ береді. Жас әрі қайратты ұстаз. Өнерпаздықпен шұғылданады. Оның жетекшілігімен оқушылары "Амосс", пластилин және балшықтан мүсіндік туындылар жасауды үйренеді. Сонымен қатар ол СҚӨ және композиция пәндерінен сабақ береді. Оның оқушылары 2016 жылы "А.С.Пушкин балалар көзімен" халықаралық байқауында жүлдегер атанды. 

Наталья Васильевна Герусова
Наталья Васильевна Герусова

Наталья Васильевна Герусова Семей педагогикалық институтының көркем-графика факультетін тәмамдаған. Мектеп директоры, тәжірибелі және жан-жақты ұстаз. Кескіндеме және композиция пәндерінен сабақ береді. Наталья Васильевна оқушыларына игі тәжірибелік дағдылар бере отырып, білімінің беріктігі мен тереңдігі ерекшеленетін, пәнді игерудің теориялық жолдарын үйретеді. Оның оқушылары облыстық, республикалық және халықаралық балалар суреті байқауларының үздіксіз жеңімпаздары.  

Раиса Петровна Степанко
Раиса Петровна Степанко

Раиса Петровна Степанко дизайн саласы бойынша жоғары көркемсурет білімі бар. Кіші сыныптарда мүсін және сәндік-қолданбалы өнерден сабақ береді. Өрнек - пәні бойынша жетекші ұстаз. Ол балаларына өзінің еңбексүйгіштігін жеткізе біледі. Оның жұмыстары өте қызықты және әртүрлі техникада, сонымен қатар шығармашылық баппен орындалады. Оның оқушылары халықаралық балалар шығармашылығы байқауларында әрдайым жоғары жетістіктерге жетуде.

Ольга Ивановна Ловина
Ольга Ивановна Ловина

Ольга Ивановна Ловина  Қазақстан суретшілер одағының мүшесі. Ол Красносельск көркемсурет училищесін тәмамдаған суретші - зергер. Шығармашылықпен көп шұғылданады, көптеген көрмелердің үздіксіз қатысушысы, оқушыларының еңбекке деген қабілеттерін және ынталарын тәрбиелей отырып, өзінің шығармашылық ұстанымын оларға жеткізе біледі. Композиция мен сәндік-қолданбалы өнерден сабақ береді. Ол өнер арқылы өзге елдердің мәдениетін түсіне білуге және асқан сұлулықты сүюге үйретеді. Оның оқушылары. Халықаралық, Республикалдық, Облыстық сайыстардың жеңімпаздары. 

Анжела Николаевна Бамбуляк
Анжела Николаевна Бамбуляк

Анжела  Николаевна Бамбуляк  им.  В И..Суриков атындағы Красноярск көркемөнер училищесін тәмамдаған, сондай-ақ Санкт-Петербург қаласының Театр Академиясында білім алды. Сурет, композиция және кескіндеме пәндерінің оқытушысы. Сәндік қолданбалы өнер түрлерінің көбін игеріп үлгерген маман. Оқушыларды оқу үдерісіне оңай жетелейді. Оқу барысына қызықты тәсілдер мен әдістер таңдай біледі. Оның жетекшілігімен өте жоғары деңгейдегі жұмыстар туындалады. Өзінің еңбек сүйгіштігі мен жоғары еңбекқорлығы арқасында жоғары нәтижелерге ие бола алады. Оның оқушылары халықаралық, республикалық және облыстық сайыстардың үздіксіз жеңімпаздары. 

Татьяна Васильевна Ахметжанова
Татьяна Васильевна Ахметжанова

Татьяна Васильевна Ахметжанова Алматы көркемөнер училищесін, сонымен қатар Семей Мемлекеттік Университетін бейнелеу өнері пәнінің оқытушысы мамандығы бойынша тәмамдады. Тәжірбиелі ұстаз. Сурет, кескіндеме және композиция пәндерінен сабақ береді. Оқушылардың сурет және майлы кескіндемеде академиялық дағдылар мен тәсілдерді үйренуінің жоғары жетістіктері үшін жұмыс жасайды. Оның оқушылары хаықаралық, республикалық, облыстық және қалалық сайыстардың үздіксіз жеңімпаздары. 

Пернебаева Сәуле Бейбітханқызы
Пернебаева Сәуле Бейбітханқызы

С.Б.Пернебаева Алматы Мемлекеттік Университетінің көркем-графика факультетін «Бейнелеу өнерінің ұстазы» мамандығы бойынша тәмамдады. Суретші-график. Батик-матасы өнері бойынша өз ісінің шебері. Композиция, сәндік-қолданбалы өнер пәндерінің жетекші ұстазы. Балалармен жұмыс жасауда тәжірибесі мол. Оның оқушыларының әртүрлі техникада орындаған жұмыстары халықаралық, республикалық, облыстық және қалалық байқауларда үнемі жүлделі орындар иеленеді. 

Шайкенова Жанар Ержанқызы
Шайкенова Жанар Ержанқызы

Жанар Ержанқызы Шайкенова кіші сыныптардағы балалар өнер студиясында сабақ береді. Ол С.Торайғыров атындағы Павлодар Мемлекеттік университетін дизайнер-суретші мамандығымен тәмамдаған. Мемлекеттік тілде сабақ береді. Жанар Ержанқызы педагогикалық өнерге шығармашылықпен жақындайды және балалармен жұмыс жасағанда жетістіктерге жете біледі. Балаларды халықаралық байқауларға дайындағаны үшін көптеген дипломдарға ие.. 

Валентина Петровна Степанко
Валентина Петровна Степанко

Валентина Петровна Степанко Еуразиялық инновациялық университетін дизайн мамандығы бойынша тәмамдаған. Кіші сынып оқушыларына композиция, сурет, кескіндеме пәндерінен сабақ береді. Валентина Петровнаның өнерге деген құлшынысы оның оқушыларының жүректерін билеп алды. Ұстаз балалардың жарқын қиялдарын қажетті бағытқа сенімді бағыттай біледі.  

Оксана Валерьевна Сидоренко
Оксана Валерьевна Сидоренко

Сидоренко Оксана Валерьевна 1994 жылы О. Тансықбаев атындағы Алматы көркемөнер училищесін үздік тәмамдады. 2005 жылы Инновациялық Еуразия университетін "дизайн" мамандығы бойынша бітірді. Павлодар көркемөнер мұражайында өтетін облыстық көрмелердің қатысушысы. Оның оқушылары халықаралық, облыстық, республикалық және қалалық балалар суреті сайыстарының жеңімпаздары.