Телефон доверия
Адрес: Павлодар қ., Гагарин к., 58/4
Қабылдау бөлмесі: 87182 650727
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Сәрсенбі: 15.00 -17.00
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Бегежанова Тлектес Амантаевна
Категория: Мектеп әкімшілігі
Бегежанова Тлектес Амантаевна

Білім беру ұйымы (негізгі орта, жалпы орта) басшысының (директорының) оқу жұмысы жөніндегі орынбасары

Тлектес Амантаевна Бегежанова

Лауазымдық міндеттері:

  • Оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;
  • Мемлекеттік стандарттың, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларының орындалуы, сондай-ақ құжаттаманың әзірленуі бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді;
  • Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;
  • мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарты шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді игеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;
  • Педагогикалық кеңестің жоспарын құрастырады, күн тәртібі мен материалдарын дайындайды (хаттамасының толтырылуы);
  • Мектептің даму, жалпы мектеп жоспарларын құрастыру жұмысын ұйымдастырады;
  • Мектептің жылдық жұмысының қорытынды талдау жұмыстарын бақылап жинақтайды;
  • Педагог кадрларды және қосымша қызметшілерді іріктеуді және жұмысқа тартуды жүзеге асырады, басқару құрылымын, қызметкерлердің штаттық кестесін, лауазымдық нұсқаулығын арттыру үшін жағдай жасайды;
  • Мұғалімдердің біліктілігін арттыру, курстық дайындықтан өткізу жұмыстарын ұйымдастырады;
  • - Кадрлық НОБД, Е-портфолио, Е-өтініш, өзі басқаратын мұғалімдерінің «БІЛІМ-КЛАСС» бағдарламасын бақылайды;
  • 8-9 сыныптар аралығының оқу-тәрбие үдерісін бақылайды;
  • Мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымнан босату (бұдан әрі – қағидалары Қағидалар) ҚР Үкіметінің 19.08.2022 жылғы № 581 Қаулысымен бекітілген ҚР Оқу-ағарту Министрлігі туралы Ережесінің 15 тармағының 33) тармағына сәйкес (33) еңбек жөніндегі уәкілетті органмен бірлесіп, мемлекеттік білім беру ұйымдарының бірінші басшылары мен педагогтерін лауазымға тағайындау, лауазымынан босату қағидаларын орындау жұмыстарын үйлестіруді жүзеге асырады;
  • Педагогтердің аттестаттау жұмысын басқару, мемлекеттік қызмет көрсетуді бақылау, біліктілік санатын беру (растау) рәсімін ұйымдастырады;
  • Педагогикалық этика бойынша кеңестің ұсынымдарын ескере отырып, өз құзыреті шегінде жаза қолданады, білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтер және тағы басқа қызметкерлер арасында академиялық адалдық қағидаларын, сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениеттің алдын алады;
  • «Білім алушылардың білім жетістіктеріне мониторингісі» (МОДО) 4, 9 сынып оқушыларының функционалдық сауаттылық деңгейін анықтауды бақылайды;
  • Өзі басқарып отырған пәндердің білім сапасының жиынын құрайды (пәндік білім олқылықтарын жоюдың және перспективалық болжауды бақылау);
  • Гуманитарлық пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды.
  • Гуманитарлық 1-11 сыныптар аралығындағы пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді (орыс тілі, шетел тілі);
  • Білім беру ұйымының пәндік әдістемелік бірлестіктері жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады (барлық ӘБ жұмыстарын бақылау);
  • Педагогтердің кәсіби шеберлігін арттыру және біліктілігін арттыру мақсатында педагогикалық ұжымның қызметін үйлестіреді: оң педагогикалық тәжірибені жинақтау және тарату бойынша, педагогтердің әдістемелік бірлестігінің жұмысын ұйымдастырады (озық тәжірибе);
  • Оқу зертханалары мен кабинеттерін қазіргі заманғы жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жарақтандыру бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп баламалы оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады;
  • «Аттестациядан өту үшін құжаттарды қабылдау» мемлекеттік көрсетілетін қызмет стандартына жауапты болуды бақылайды;    
  • Ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық қолдау қызметінің жұмысын үйлестіреді;
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.