Телефон доверия
8-(7182) 22-04-10
Адрес: ул. Ак. Чокина, 159/4
8-(7182)22-04-10
Вернуться на главную страницу отдела образования
График приема граждан:
Среда: 15.00-17.00
За год0
За месяц0
За неделю0
Вчера0
БАЙСОЛТАН ЖАНБОЛАТ
Категория: Администрация
БАЙСОЛТАН ЖАНБОЛАТ

БАЙСОЛТАН ЖАНБОЛАТ  -  тәрбие ісі жөніндегі басшы орынбасары

Білімі: жоғары

Жұмыс өтілімі: 7 жыл

  • Тәрбие процесін ұйымдастыруды қамтамасыз етеді;
  • Тәрбие жұмысын ағымдағы және перспективалық жоспарлауды ұйымдастырады;
  • Аға тәлімгерлердің, ұзартылған күн топтары тәрбиешілерінің, сынып жетекшілерінің, педагог-психологтардың, әлеуметтік педагогтардың және қосымша білім беру педагогтерінің қызметін жоспарлауды және бақылауды жүзеге асырады;
  • Тәрбие жұмысы, мәдени-тәрбие іс-шараларын дайындау және өткізу бойынша құжаттаманы әзірлеуді қамтамасыз етеді;
  • Тәрбие процесінің мазмұны мен өткізілу сапасына жүйелі бақылауды жүзеге асырады;
  • Педагогтарды іріктеуге қатысады, кәсіби даму, педагогтердің біліктілігін және кәсіби құзыреттілігін арттыру бойынша жұмысты ұйымдастырады;
  • Тәрбие процесін қамтамасыз ететін білім беру ұйымдары әкімшілігінің, әлеуметтік – психологиялық қызметтері мен бөлімшелерінің жұртшылық және құқық қорғау органдарының өкілдерімен, ата-аналар қоғамдастығының, қамқоршылық кеңестің өкілдерімен өзара іс-қимылын үйлестіреді;
  • Білім беру процесінің барлық қатысушыларының толерантты мінез-құлық мәдениетін қамтамасыз етеді;
  • Психологиялық қызметтің жұмысын және білім алушылар мен тәрбиеленушілерді, оның ішінде ерекше білім беру қажеттіліктері бар білім алушыларды психологиялық-педагогикалық сүйемелдеу процесін үйлестіреді;
  • Мектеп-ата-ана қатынастарының жаңа нысандарын, мектеп пен отбасының толық өзара іс-қимылын қамтамасыз етеді;
  • Білім алушыларға медициналық қызмет көрсету жағдайын бақылауды жүзеге асырады;
  • Тәрбие іс-шараларын өткізу кезінде ақпараттық-коммуникациялық технологияларды қолданады;
  • Киберкультураны (компьютерлік технологиялар мүмкіндіктерін пайдаланады) және кибергигиенаны дамытады (интернет желісінде жұмыс істеу дағдылары мен білімі бар);
  • Білім алушылардың, педагогтердің конкурстарға, слеттерге, конференцияларға қатысуын қамтамасыз етеді;
  • Кәсіптік бағыт беру жұмыстарын жүргізеді;
  • Есептік құжаттаманың сапалы және уақтылы тапсырылуын қамтамасыз етеді;
  • Ата-аналар үшін педагогикалық консилиумдар ұйымдастырады және өткізеді;;
  • Мектеп парламентінің, дебат қозғалысының, оқушылардың өзін-өзі басқаруының, "Жас қыран", "Жас ұлан" балалар ұйымдарының жұмыстарын ұйымдастырады;
  • "Қоғамға қызмет ету", "Отанға тағзым", "Үлкендерге құрмет", "Анаға құрмет" қоғамдық-пайдалы жұмыстарын ұйымдастырады.;
  • Адамгершілік-рухани білім беруді қамтамасыз етуде "өзін-өзі тану" пәнінің педагогымен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Білім беру ұйымдары түлектерінің қауымдастығын құру және қызметін қамтамасыз ету бойынша жұмысты үйлестіреді;
  • Педагогикалық еңбек ардагерлерімен өзара іс-қимыл жасайды;
  • Білім беру ұйымы мұражайының жұмысын ұйымдастырады;
  • Туристік жорықтар мен экскурсиялар ұйымдастырады;
  • Білім алушылардың бойында патриоттық тәрбие, іскерлік қарым-қатынас дағдыларын, тамақтану мәдениетін қалыптастыруды қамтамасыз етеді;
  • Білім алушылар, тәрбиеленушілер, педагогтар және басқа да қызметкерлер арасында сыбайлас жемқорлыққа қарсы мәдениетті, Академиялық адалдық қағидаттарын бойына сіңіреді.