Размер шрифта:
↑Наверх
Сенім телефоны
8(7182)-20-42-05
Мекенжайы: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
Бір жылда0
Бір айда0
Бір аптада0
Кеше0
Касымканова Раушан Кабиденовна
Дәреже: Әкімшілік
Касымканова Раушан Кабиденовна

Басшының оқу жұмысы жөніндегі орынбасарының міндетін атқарушы

- қоғамдық – гуманитарлық циклдің оқу-тәрбие процесін, білім беру ұйымының қызметін ағымдағы жоспарлауды ұйымдастырады;

- оқу-тәрбие процесінің, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық қамтамасыз етудің жай-күйін талдайды;

- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттарын, оқу жұмыс жоспарлары мен бағдарламаларын орындау, сондай-ақ қажетті құжаттаманы әзірлеу бойынша педагогтердің жұмысын үйлестіреді. Педагогтердің қысқа мерзімді жоспарларын тексереді;

- Мемлекеттік жалпыға міндетті білім беру стандарттары шеңберінде білім беру процесінің сапасын және білімді меңгеру нәтижелерін бағалаудың объективтілігін бақылауды жүзеге асырады;

- ағымдағы және қорытынды аттестаттауды өткізуді ұйымдастыру бойынша жұмысты жүзеге асырады;

- білім беру процесіне жаңа тәсілдерді, тиімді технологияларды енгізуді қамтамасыз етеді;

- пәндер бойынша мектепішілік бақылауды ұйымдастырады және жүзеге асырады, білім бөлімін жүргізеді, мектепішілік бақылау, БЖБ және ТЖБ қорытындысы бойынша білім сапасын талдайды;

- пәндер бойынша білімді тақырыптық бақылауды қамтамасыз етеді;

- білім алушылар мен педагогтердің олимпиадаларға, конкурстарға, жарыстарға қатысуын ұйымдастырады;;

- ҚГБ пәндік әдістемелік бірлестіктерін және білім беру ұйымының эксперименттік жұмысын үйлестіруді жүзеге асырады, ғылыми-әдістемелік және әлеуметтік-психологиялық жұмысты және оның талдауын қамтамасыз етеді;

- педагогтердің тиімді тәжірибесін тарату бойынша шараларды жинақтайды және қабылдайды. Педагогтерді іріктеуге қатысады;

- тәлімгерлік, біліктілікті арттыру және біліктілік санаттарын беру (растау) жөніндегі жұмысты ұйымдастырады ;

- оқу кабинеттерін заманауи жабдықтармен, көрнекі құралдармен және оқытудың техникалық құралдарымен жабдықтау бойынша жұмысты жоспарлайды және ұсыныс енгізеді, пән мұғалімдерімен бірлесіп балама оқулықтарды таңдауды жүзеге асырады, оқулықтар мен оқу-әдістемелік кешендерді, оның ішінде электрондық оқулықтар мен цифрлық ресурстарды сатып алуға, әдістемелік кабинеттер мен кітапханаларды оқу-әдістемелік және көркем әдебиеттермен толықтыруға өтінім ұйымдастырады.

- белгіленген есептік құжаттаманы сапалы және уақтылы жасауды қамтамасыз етеді және кері байланыс ұсына отырып, педагогтердің сабақтарына талдау жасайды;

- оқу үдерісін жетілдіру бойынша әдістемелік сағаттар, оқыту семинарлары, тренингтер өткізеді;

- педагогикалық кеңестердің күн тәртібі мен материалдарын дайындайды;

- қоғамдық-гуманитарлық бағыт пәндеріне жетекшілік етеді;

- тәлімгерлік бойынша жұмысты ұйымдастырады;

- «Тілдер туралы» ҚР Заңының іске асырылуын ұйымдастырады;

- ЖОО-мен серіктестікті ұйымдастырады.