Туған жылы:18.06.1964
Білімі:жоғары, Қайнар/Екібастұз ПУ, 2006/1984 жыл
Мамандығы:қазақ тілі мен әдебиеті, бастауыш сынып
Еңбек өтілі: 39 жыл
Шаку Айнешовна Павлодар облысы Баянауыл ауданы Жаңажол совхозында дүниеге келген. 1984 жылы Екібастұз педагогикалық училищесін, ал 2006 жылы «Қайнар» университетін тәмамдаған. 2006 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде бастауыш сынып мұғалімі болып жұмыс істейді. Ол – тәжірибелі, шығармашылықпен жұмыс істейтін педагог. «Өзін-өзі тану» рухани-адамгершілік білім беру бағдарламасын сынақтан өткізу және енгізу бойынша республикалық эксперименттің қатысушысы болған.
Шаку Айнешқызы оқытуда жоғары нәтижелерге қол жеткізіп жүр. Оның оқушылары бастауыш сынып оқушыларына арналған «Зерде» ғылыми жобалар байқауында жүлделі орын алып, Құрмет грамотасымен марапатталған. Сондай-ақ Мұқағали Мақатаев оқуларының жүлдегерлері қатарында. Республикалық ғылыми-әдістемелік басылымдардың алғысхатымен марапатталған. Шаку Айнешқызы – мейірімді, қамқор педагог, әріптестері, оқушылары мен ата-аналар қауымының зор құрметіне ие.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
