Туған жылы:28.06.1964
Білімі:жоғары, ПМУ, 2004
Мамандығы:тарих және география
Марапат: Павлодар кәсіподақ ұйымының Алғыс хаты, 2021 ж.Павлодар кәсіподақ ұйымының ҚГ 2010 ж.
Еңбек өтілі:35 жыл
Тарих-география факультетін бітірген соң, ол Павлодар облысының мектептерінде осы пәндер бойынша сабақ берді.
2014 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде тарих және география пәндерінің мұғалімі болып еңбек етті.
Бағдангүл Әлімжанқызы білім беруде заманауи педагогикалық технологияларды пайдаланып, уақыт талабына сай оқыту әдістерін үнемі жетілдіріп отырады. Оның оқушылары қалалық пәндік олимпиадалардың жүлдегерлері атанып жүр.
Бағдангүл Әлімжанқызы өзін білікті сынып жетекшісі ретінде көрсете білді, қоғамдық жұмыстарға да белсенді атсалысады. Бұл кісі — адал, абыройлы жан, бар ғұмырын жас ұрпақты оқыту мен тәрбиелеуге арнаған ұстаз. Ол туған елінің болашағы үшін аянбай еңбек етіп, төзімділік пен табандылықтың жарқын үлгісін көрсетіп келеді.
2025 жылы зейнеткерлікке шықты.
