Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Фролов Виктор Фёдорович
Категория: Ветераны педагогического труда
Фролов Виктор Фёдорович

Туған жылы: 19.06.1939

Білімі: жоғары, Павлодар ПИ, 1970

Мамандығы:химия және  биология мұғалімі

Марапат:ҚР Құрмет граматосы, «ҚР білім беру ісінің үздігі» төсбелгісі.

Педагогикалық еңбек өтілі: 45 жыл

Виктор Федорович Павлодар педагогикалық техникумын бітіргеннен кейін еңбек жолын Железин ауданындағы ауылдық мектептердің бірінде бастады. Одан кейін әскери борышын өтегеннен кейін Май ауданына қарасты Қазан сегізжылдық және Белогор орта мектептерінде 25 жыл химия-биология пәнінің мұғалімі болып еңбек етіп, еңбек және дене шынықтыру пәндерінен сабақ берді.

1989 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №21 орта мектепте және №24 орта мектепте жұмыс істеді. Қай жерде қызмет атқарса да әріптестері, шәкірттері, мектеп бітіруші түлектер, ата-аналар қауымы оның жоғары кәсіби шеберлігін, қаталдығын, турашылдығын, сонымен бірге әр оқушыға деген мейірімділігін, сезімталдығын, әдептілігін, ілтипатын ерекше атап өтті.

2002 жылы зейнеткерлікке шықты

2017 жылдың ақпан айында дүниеден өтті.