Туған жылы: 16.11.1953
Білімі: жоғары, Абай атындағы КазПИ, 1975
Мамандығы: математика, бастауыш сынып мұғалімі 1990 жылдан бастап
Педагогикалық еңбек өтілі: 38 жыл
Математика факультетін бітіріп, математикадан сабақ беріп, жұмысы әрдайым жоғары бағаланған. Кейіннен мамандығын «Бастауыш сынып мұғаліміне» ауыстырды. 1995 - 2012 жылдар аралығында №24 ЖОББМ бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет атқарды. Осы жылдар аралығында балаларға мейірім шуағымен, білім берумен қатар өз уақытын аямай, қоғамдық жұмыстарға белсене қатысқан, сабақ беру әдістемесін сол кездегі ағынға сай өзгертіп отырған рухы таза, өрісі биік, Отанының болашағы үшін тер төгіп, шыдамдылық пен табандылықтың үлгісі болған, өмірін ұстаздыққа арнаған ұлағатты ұстаз.
2011 жылы зейнетке шықты.
