Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Аширбекова Айгуль Кашаубаевна
Категория: Ветераны педагогического труда
Аширбекова Айгуль Кашаубаевна

Туған жылы: 06.04.1964

Білімі: жоғары, ПМУ, 1999

Мамандығы: математика

Еңбек өтілі: 43 жыл

Айгүл Қашаубайқызы 1998 жылдан бастап Павлодар қаласындағы №24 жалпы орта білім беру мектебінде математика пәнінің мұғалімі болып қызмет атқарып келеді. Осы жылдар ішінде ол теориялық және практикалық оқыту әдістемесін жоғары деңгейде меңгерген, өзін тәжірибелі, білікті педагог ретінде көрсете білді. Ол – ізденімпаз, жаңашыл ұстаз. Білім беру үдерісін оңтайландыру мақсатында түрлі озық технологияларды тиімді қолданады. Айгүл Қашаубайқызының сабақтары нәтижелілігімен ерекшеленеді, оқушылардың математикалық сауаттылығын дамытуға айтарлықтай үлес қосады. Оның оқушылары – республикалық зияткерлік ойындардың, пәндік олимпиадалар мен марафондардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері. Айгүл Қашаубайқызы айналасына әрдайым жайдары көңіл күй, ізгі ниет пен сенім орната білді. Ол оқушылармен, ата-аналармен және әріптестерімен қарым-қатынаста педагогикалық тұрғыдан тиімді әрі орынды қарым-қатынас стилін ұстанады.

Ұзақ жылдар бойы атқарған адал еңбегі үшін қалалық және облыстық білім бөлімдерінің Құрмет грамоталарымен марапатталған.

2025 жылы зейнеткерлікке шықты.