Сотник Надежда Николаевна
Туған жылы: 27.07.1954
Білімі: орта-арнаулы, Павлодар ПУ, 1973
Мамандығы: бастауыш сынып мұғалімі
Марапат: ҚР БҒМ Құрмет грамотасы
Педагогикалық еңбек өтілі: 39 жыл
38 жыл №24 ЖОМ бастауыш сынып мұғалімі ретінде қызмет етті. Шәкірттері алған білімдерінің тереңдігімен, мықтылығымен ерекшеленіп, оны іс жүзінде қолдана білді, халықаралық, республикалық зияткерлік сайыстарға үнемі қатысып, жүлделі орындарға ие болды. 2002-2010 жылдар аралығында «Өзін-өзі тану» адамгершілік-рухани білім беру бағдарламасын апробациялауға қатысты. Республикалық деңгейде тәжірибе жинақтады. Ол үнемі өзінің жұмыс тәжірибесімен бөлісті, оқушылар мен жас мұғалімдерге тәлімгер болды.
2012 жылы зейнетке шықты.
