Размер шрифта:
↑Наверх
Телефон доверия
8(7182)-20-42-05
Адрес: 140001, Павлодар қ, Нұрсұлтан Назарбаев даңғылы, 190
қабылдау бөлімінің хатшысы 8(7182)-22-42-50
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
Дүйсенбі сағат 11.00-ден 13.00-ге дейін
In a year0
In a month0
In a week0
Yesterday0
Наскенова Айсулу Сайленовна - математика мұғалімі
Категория: Ветераны педагогического труда
Наскенова Айсулу Сайленовна - математика мұғалімі

Туған жылы: 09.03.1962

Білімі: жоғары, ППИ, 1984.

Мамандығы: математика және физика мұғалімі

Педагогикалық еңбек өтілі: 41 жыл

Еңбек жолын 1984 жылдан Павлодар облысы Железин ауданының Жолтаптық орта мектебінде бастады. Павлодар қаласының №24 ЖОМ-де 1995 жылдан бері жұмыс істеп келеді.Ұстаздық қызметімен қатар директордың оқу ісі жөніндегі орынбасары қызметін де атқарды. Баланың жоғары зияткерлік, биік рухани-адамгершілікті тұлға ретінде қалыптасуына септігін тигізу өзінің негізгі борышы деп есептейді.

Әлем жаратылысында күн нұрына бар дүниенің тартылып тұратын таңғажайып сыры бар. Сондай сәулелі нұр бүкіл болмысынан төгіліп тұратын, әрқашанда жанға жылы рухани-адамгершілік биігінде танылатын адам. Жарқын жаратылысты, мерейлі, қамқоршы, ұлағатты ұстаз. Қазіргі таңда құрметті зейнетте болса да, білім беру жүйесінде тәлімгерлік көмек жасап, септігін тигізуде. Көптеген марапатқа ие. Павлодар қаласы білім беру бөлімінің «Табыс-2013» кітабына енгізілді. Оқушылары республикалық, облыстық деңгейдегі олимпиадалардың жеңімпаздары мен жүлдегерлері.

2022 жылы зейнетке шықты.