Меңгерушінің шаруашылық бөлім жөніндегі орынбасары
Телефон:676196
Талдайды:
-
шаруашылық қажетіне бөлінген қаржылық және материалдық қаражаттың дер кезінде, орынмен және тиімді жұмсалған-жұмсалмағандығын;
-
материалдық-техникалық базасының жай-күйін;
-
кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының нәтижесін.
Жоспарлайды және ұйымдастырады:
-
кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының ағымдағы және перспективалық сипаттарын;
-
техникалық және қызмет көрсету персоналдарын жұмыс орнында үйретуді және нұсқамалар беруді (алғашқы және мерзімдік);
-
қажетті шаруашылық құжаттамаларын әзірлеуді;
-
кіші қызмет көрсету персоналы жұмыстарының сапасын жүйелі түрде бақылау жасауды;
-
өткізілетін емтихандар мен өзге де шаралар үшін орын-жайлар әзірлеу жөніндегі жұмыстарды;
-
ауланы көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын;
-
оқу кабинеттері мен өзге де орын-жайларын оқытудың заманауи жабдықтармен, көрнекі және техникалық құралдармен жабдықтау жөніндегі шараларды;
-
білім беру үдерісінде өрт қауіпсіздігі нормаларын сақтау жөніндегі жұмыстарды;
-
орын-жайларында электр қондырғылары мен электр желілерінің, жерге қосу қондырғыларының оқшаулағыш қарсылық күштерін өлшеу,жылу желісі мен сығымдалған және сұйытылған газ түрлеріне арналған баллондар қысымында жұмыс істейтін сауыттарды мезгілдік сынақтан өткізу мен куәландыру, нормативтік талаптар мен еңбек қорғау ережелері мен нормаларына сәйкес ауа құрамындағы шаң, газ, зиянды заттар буы мөлшерін талдау, жарықты өлшеу, радиацияның, шудың бары-жоғын тексеру шараларын жүргізуді;
-
медицина мекемесінен алынған материалдар негізінде мезгіл-мезгіл медициналық байқаудан өтіп тұруға тиісті кіші қызмет көрсету персоналы тұлғаларының тізімін жасауды; ол тізімде мерзімдік медициналық байқаудан өту қажеттігі себебін, яғни факторын көрсетуді:
-
мүліктерін инвентарлық есепке алуды; мүліктерге инвентаризация жасап, есеп беру құжаттарын дер кезінде жасайды, өзіне бекітілген жұмыс учаскесі бойынша құжаттама жүргізеді;
-
материалдық жауапты тұлғалардың материалдық жабдықтарды дер кезінде есептен шығару жұмыстарын;
-
кем дегенде 5 жылда 1 рет техникалқы персоналға арналған жұмыс түрлері
бойынша еңбек қорғау жөніндегі нұсқаулықтарәзірлеуді ұйымдастырады;
-
ағымдағы және күрделі жөндеу жұмыстарын ұйымдастырады;
Үйлестіреді және жүргізеді:
-
қажетті шаруашылық құжаттамаларын;
-
кіші қызмет көрсету персоналыжұмыстары мен жөндеу және материалдық-техникалық жарақтандыру ісін атқырушы сырт ұйымдар өкілдері қызметін;
-
бухгалтериямен бірлесе отырып материалдықжабдықтардың есептен дер кезінде және дұрыс шығарылуын;
-
техникалық персоналдың жұмыс уақыттарын есепке алуды;
-
мемлекеттік сатып алу жөніндегі шарттарды.
Басқарады:
-
шаруашылық қызметін;
-
ауланы көріктендіру, көгалдандыру және жинап тазалау жұмыстарын;
-
кіші қызмет көрсету пероналы жұмыстарын;
-
кіші қызмет көрсету пероналы жұмыстарының ынталандыру жүйесін жүзеге асыруды.
Бақылайды:
-
кіші қызмет көрсету пероналы жұмыстарының сапасын;
-
материалдық жабдықтау көздерінің (жиһаздар, жабдықтар, материалдар, су, электр және жылу энергиялары, шаруашылық қажеттеріне бөлінген қаржы қаражаттары және т.б.) тиімді жұмсалуын;
-
білім беру үдерісінде пайдаланылатын жабдықтардың, приборлардың, техникалық және көрнекі оқыту құралдарының қауіпсіздігін;
-
шарт бойынша жүргізілетін жөндеу, техникалық қызмет көрсету, материалдық-техникалық жарақтандыру жұмыстарының сапалы және дер кезінде атқарылуын;
-
бухгалтериямен бірлесе отырып материалдық жабдықтардың есептен дер кезінде және дұрыс шығарылуын;
-
ғимараттың, жабдықтардың, топтардың, оқу кабинеттерінің, спорт зал, музыка залдың, басқа да орын-жайлары мен мүліктерінің, медициналық кабинеттің, асхананың тіршілік қауіпсіздігі нормалары мен ережелеріне сәйкес тиісті техникалық және санитарлық-гигиеналық жағдайда ұсталуын, қажетінше күтім жасалуын;
-
судың, электр энергисысының, жылудың жұмсалу шығының есептеу приборлары көрсеткіштері негізінде тексеріп, жоғары тұрған және бақылаушы мамандандырылған ұйымдарға белгіленген нормамен сйәкестік жөнінде саластырып тексеру актісін тапсырады.
3.7. Жөндеу жүргізу, күтім жасау және жарықтандыру жұмыстарының орындалу барысына тузетулер енгізеді.
Әзірлейді:
-
өрт қауіпсіздігі жөніндегі нормативтік құжаттамаларды;
-
шаруашылық дербестігін кеңейту, коммуналдық және бас қызмет көрсету түрлері бойынша дер кезінде қажетті шарт жасау жөнінде тиісті шаралар.
Қамтамасыз етеді:
-
техникалық күтім жасау, жарақтандыру, жөндеу жұмыстары бойынша қажетті шаруашылық шарттарының дер кезінде және орнымен жасалуын;
-
материалдық-техникалық жарақтар мен жабдықтар алуға есептік шоттардың дер кезінде, дұрыс ресімделуін және уақытылы алуынуын;
-
оқу кабинеттері, тұрмыстық, шаруашылық және басқа орын-жайлар үшін тіршілік қауіпсіздігі ережелері мен нормаларына, еңбек қауіпсіздігі стандарттарына сай, кеңсе заттарының, жұмсалатын материалдардың, жуу құралдарының, жабыдқтар мен инвентарлардың дер кезінде алынуын;
-
аулада ауыр нәрселер тасымалдау, түсіру-тиеу жұмыстарын атқару кезінде қауіпсіздік талаптарының сақталуын;
-
негізгі ғимарат пен өзге де орын-жайларын, технологиялық, энергетикалық, жабдықтарын пайдалану кезінде еңбек қорғау және қауіпсізідк техникасы талаптарының сақталуын, олардың мезгілімен тексеріп, бақыланылуын;
-
жаңа оқу жылына дер кезінде дайын болуын;
-
шығын сметасында қарастырылған жергілікті бюджет қаржысы есебінен әкімшілігін кеңсе тауарларымен, күнделікті қолданылатын шаруашылық заттарымен;
-
материалдық құндылықтарының, мүліктерінің, жиһаздары мен инвентарларының Қазақстан Республикасының заңнамаларында белгіленген тәртіп бойынша жауапкершілікпен сақталуын;
-
өрт қауіпсіздігі инвентарларының есебі алынуын және сақталуын, жұмсақ және қатқыл инвентарлардың құрғатылуын, жуылуын және жөнделуін.