Сенім телефоны
87182546323
email: sosh5@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қаласы, Лермонтов көшесі 129
8(7182)549580
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
Сәрсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты

Қазақстан Республикасы Білім және ғылым министрлігі

 

ҰЛТТЫҚ АҚПАРАТТАНДЫРУ ОРТАЛЫҒЫ

Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындау стандарты

 

 

Кіріспе

 

XXIғасырдағы білім беруді дамыту стратегиясы ашық ақпараттық білімдік кеңістіктегі ұшқыр ақпарқатынастықтың өзара әрекеттестігінің негізінде, «ғұмыр бойы оқып үйрену» қағидасы болуы тиіс мектеп бітірушілерді дайындауға бағытталған. Заңды объективтік процесс ретінде бүгінгі таңда мектеп қабырғаларында оларды дайындаудың тұғыры оқытудың жаңа ақпарқатынастық парадигмасы болып саналады. 

Оқытудың жаңа парадигмасына өтудің тетігі оқытудың тиімділігін батыл арттыру мен жаппай сапалы білім беруді қамтамасыз ететін педагогикалық және ақпараттық қатынастық технологияларды ұштастыру негізінде электрондық оқыту болып саналады. 2011-2020 жылдары Қазақстан Республикасы білім беруді дамытудың Мемлекеттік бағдарламасының басым бағыты болып электрондық оқыту мойындалған. 

Оқып үйренетін пән бойынша білім мен білікті меңгеруде электрондық оқыту есебінен танымдық іс-әрекеттегі дәстүрлі оқу процесінде, сондай-ақ ақпараттық қоғамда тұлғаның  толық құнды өмірі мен іс-әрекетіне қажетті ақпараттық мәдениеттің бөлігі болып саналатын ақпарқатынастық өзара әрекеттің нақты тұрмыстық міндеттерін, тәсілдерін шешу үшін әмбебап ақпаратты іздестіру, сұрыптау, талдау және алынған ақпаратты пайдалану мен ұсынуда  өзгерістер болады.

Электрондық оқыту жүйесін (е-learning) құру жеткілікті түрде өзекті міндет болып саналады. Жүйенің мақсаты – жапай сапалы білім беруге бағытталған жақсы білімдік ресурстар мен техногогияларға білімдік процестің барлық қатысушыларының тең қатынас құруын қамтамасыз ету.

Электрондық оқыту жүйесінің ішкі жүйелерінің бірі контенттік (мазмұндық) жасақтама болып саналады: ашық қатынас құруда орта, техникалық және кәсіптік білім беру мекемелерін цифрлық білімдік контентпен толық қамтамасыз ету жоспарланады; оқытушылар дайындайтын электрондық білімдік ресурстар дамиды (орталықтандырылған медиатек ресурстары дайындалынады және толықтырылады).

 Цифрлық білімдік ресурстар Порталға қосылу орнынан тәуелсіз түрде әрбір пайдаланушы үшін ыңғайлы әр түрлі форматтағы ақпарат болып табылуы тиіс. 

Цифрлық білімдік ресурстарды педагогтар сабақ жүргізу үшін де, оқушылар оны өз беттерімен сабаққа дайындалу үшін және анықтамалық материалдар ретінде пайдалана алатын болады. Цифрлық білімдік ресурстар оқытушыларға оқытудың әр түрлы мақсаттары үшін оқу материалын қалыптастыруға мүмкіндік беруі тиіс. 

 

 

 

 

 

 

Жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту

жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды

дайындау стандарты

 

1. Қолдану саласы

Осы стандарт жалпы орта білім беру мекемелеріндегі электрондық оқыту жүйесі үшін цифрлық білімдік ресурстарды дайындауға қойылатын педагогикалық, психологиялық, техникалық және дизайн-эргономикалық талаптардың жиынтығын ұсынады.

Стандарт электрондық басылымдарды дайындаушыларға арналған және электрондық оқыту жүйесі (е-learning) үшін әзірленетін барлық цифрлық білімдік ресурстар үшін қолданылады.

 

2. Нормативтік сілтемелер

Осы стандартта келесі стандарттарға сілтемелер пайдаланылды:

Мемлекеттік стандарт 7.82-2001. АКБСЖ. Библиографиялық жазба. Электрондық ресурстардың библиографиялық сипаттамасы. Жалпы талаптар мен құрастыру ережелері.

Мемлекеттік стандарт 7.83-2001. АКБСЖ. Электрондық басылымдар. Негізгі түрлері және басылымдық мәліметтер.

Мемлекеттік стандарт 7.4-95. АКБСЖ. Басылымдар. Басылымдық мәліметтер.

СТ ҚР СТ 1.5-2004 Қазақстан Республикасының Мемлекеттік техникалық реттеу жүйесі. Стандарттардың дайындалуына, баяндалуына, безендірілуіне және мазмұнына қойылатын жалпы талаптар.

 ҚР МЖМБС2.003-2002 Қазақстан Республикасының Жалпы орта білім беру Мемлекеттік жалпыға міндетті стандарты.

 

3. Анықтамалар

3.1. Осы стандартта Мемлекеттік стандарттың 7.83-2001-не сәйкес терминдер мен анықтамалар қолданылды.

 

3.2. Осы стандартта оған толықтыруға сәйкес анықтамалары бар келесі термин пайдаланылды.

3.2.1. Цифрлық білімдік ресурстар –  бұл білімдік процесс субъектілерінің интерактивтік қашықтықтықтан өзара әрекеттестік ретінде электрондық оқытудың ақпарқатынастық білімдік ортасының жинағын құруды қамтамасыз ететін электрондық тасуыштардағы дидактикалық материалдар.

 

4. Қысқартулар

МЖМБС – мемлекеттік жалпыға міндетті білім стандарты

АБО – ақпараттық білімдік орта

ЦБР – цифрлық білімдік ресурстар

5.   Жалпы талаптар

5.1. Қазақстандық білім беру мазмұнын анықтайтын мемлекеттік құжаттарға сәйкестігі;

5.2.  Оқыту процесінің заңдылықтары мен қағидаларын есепке алу;

5.3. Пән саласы білімдеріндегі педагогика ғылымының жетістіктерін есепке алу;

5.4. ЦБР-дың мазмұны ұлттық дәстүрлер ескеріліп дайындалынады.

 

6. Цифрлық білімдік ресурстарға қойылатын жалпы педагогикалық талаптар:

6.1.  Ғылымилық қағиданы қамтамасыз ету:

6.1.1. Оқу материалының мазмұнын баяндаудың ғылыми дұрыстығы.

6.1.2. Пайдаланылатын терминологиялардың қазіргі заманғы түсіндірмелерге сәйкестігі.

6.1.3. Оқу материалын баяндау түсінікті, нақты, толық және қайшылықсыз болуы тиіс.

6.2. Түсініктілік қағидасын қамтамасыз ету:

6.2.1. Оқу материалын оқушылардың нақты жас ерекшеліктеріне бейімді түрде ұсыну.

6.2.2. Оқушыларда парасаттық, адамгершілік, физикалық артық жүктемелердің болмауы.

6.3. Көрнекілік қағидасын қамтамасыз ету:

6.3.1. Оқу материалын қабылдауға және қайта өңдеуге сезім мүшелерін мақсатқа лайықты қатыстыру;

6.3.2. Оқу материалын барынша көрінерлік ету.

6.4. Жүйелілік қағидасын қамтамасыз ету.

6.4.1. ЦБР-дың оқу процесінің белгілі бір құрылымдық құрамдас бөлігіне сәйкестігі: құлшыныстық-мақсаттық; мағналы мазмұндық; операциялық іс әрекеттік немесе бағалаушылық нәтижелік.  

6.5. Саналылық қағидасы мен интерактивтікті қамтамасыз ету

6.5.1. Пайдаланушылар үшін оқу міндеттерінің айқын қойылымы.

6.5.2. Оқушылар мүддесіне тірек және ілім түрткілерін қалыптастыру.

6.5.3.Оқушылардың белсенді ақыл-ой іс-әрекетін ұйымдастыру.

6.5.4. Шынайы уақыт режімінде өзара әрекеттестікті және кері байланыстарды ұйымдастыру.

6.6.  Теорияның практикамен байланыс қағидасын қамтамасыз ету.

6.6.1.Оқу материалының практикалық бағдарланғыштығы.

6.1.2. ЦБР-Дың қоғам мен экономиканың қазіргі заманғы даму процесіне бағдарлануы.

7. Электрондық оқытудыңқұлшыныстық-мақсаттық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР – оқушылардың оқыту мақсаттарын жете түсінуі мен рефлекциясына және оқып білетін материалға немесе сабақ тақырыбына олардың қызушылығын қалыптастыруға бағытталған ресурстар.  

7.1. Электрондық оқытудыңқұлшыныстық-мақсаттық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР-дың типтері: мультимедиалық дыбысталған таныстырылым; ойындық дыбысталған таныстырылым; анимацияланған дыбысталған логикалық құрылымдық схема;  интерактивтік тапсырмалар; автоматтандырылған сауалнамалар; ойын тестілері.  

7.2. Электрондық оқытудыңқұлшыныстық-мақсаттық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР:  

7.2.1. көрнекі және бейнелі түрде оқыту мақсатының айқын түсініктерін қабылдауға;

7.2.2. жергілікті, жүйелік және қызметтік білімдердің логикалық құрылымдық жиынтығы ретінде оқыту мақсатын ұғынуға; оқып білетін заттардың, құбылыстар мен процесстердің  елеулі, елеусіз белгілері мен қасиеттерін логикалық топтастыруға;

7.2.3. дыбыстық түсініктеме беру арқылы оқыту мақсатын түсінуге;

7.2.4. пән бойынша базалық ұғымдарды иерархияланған блок-схемада талдап қорытуға;  

7.2.5. жадқа ұзақ сақтауға мүмкіндік туғызатын оқыту мақсатын түсінуді бекітуге;

7.2.6. оқыту мақсатын шығармашылық ой елегінен өткізу және толықтыру арқылы оны практикада қолдануға

бағытталған болуы тиіс.

  

8. Электрондық оқытудыңмағналық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР – жаңа материалды түсіндіруге, оқыту мазмұнын жүзеге асыруға бағытталған ресурстар.

8.1. Электрондық оқытудыңқұлшыныстық-мақсаттық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР-дың типтері: жаңа материалдың мультимедиалық түсініктемесі; оқулық бейнефильм; ойындық дыбысталған таныстырылым; мультимедиалық дыбысталған таныстырылым; анимацияланған дыбысталған логикалық құрылымдық схема; мұрағаттық құжаттар; фотожинақтар; анимацияланған карталар; статикалық карталар; дыбыс жазбалары, дыбысталған мәтіндер; есептерді шешу мен түрлерін талдаудың анимацияланған үлгілері.

8.2. Электрондық оқытудыңмағналық құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР:

8.2.1. оқу-танымдық ақпаратты қабылдауға, танылатын заттардың, құбылыстар мен процестердің сезілетін сыртқы қасиеттері, сапалары мен белгілерін оқушылардың жете түсінуіне; ұсынылатын ережелердің дұрыстығын дәлелдейтін айқын және көз жеткізетін мысалдар мен деректердің жеткілікті санын енгізуге; оқу ақпаратының мазмұнын ашуды жетілдіру мен қолданушылығын қамтамасыз етуге;

8.2.2. оқу-танымдық ақпараттың мәнін түсінуге, келесі операцияларды: түсініктерде тіркелген оқып білетін заттар мен құбылыстардың қабылданған қасиеттері мен белгілерін талдау, олардың маңыздылық дәрежесі бойынша осы заттар мен құбылыстардың мәнін ашу, оқып білетін заттардың, құбылыстар мен процесстердің мәнін (себеп пен салдарын) қалыптастыруға;

8.2.3. оқу материалын түсінуге және білім алушылардың ойлау іс-әрекетін: мәселелік элементтері, мәселелік баяндалуы (көрсеткіштік және сұқбаттық мәселелік баяндалуы) бар хабарламалық баяндалатын құбылыстарды салыстыруды және талдауды белсенді етуге; оқып білетін материалдыңдұрыс айқын бейнелерін жасауға;

8.2.4.оқу ақпаратын қорытуға:оқып білетін құбылыстардың маңызды және маңызды емес белгілерін ажырата білуге; пайымдау (пікір айту), болжамдар мен теориялық қорытындылар ұсынуға;

8.2.5.жаңа мәтіндік көздерге оқып білген заттарды, құбылыстар мен процестерді тасымалдау, қызметтік сауаттылықты қалыптастыру – әр түрлі формада берілген ақпаратты қабылдау және талдау, көптеген шынайы байланыстардың мүмкін болатын сипатын түсіну арқылы оқып білетін материалдыбекітуге;

8.2.6.ақиқаттың нақты міндеттерін шешуге абстракты теориялық білімдерді практикада пайдалануға

бағытталған болуы тиіс.

9. Электрондық оқытудыңоперациялық іс-әрекеттік құрамды бөліктерін қамтамасыз ететін ЦБР – білімдерді бекіту, пән саласындағы білімдерді, біліктер мен машықтарды қалыптастыру бойынша оқушылардың практикалық іс-әрекеттерін ұйымдастыруға бағытталған ресурстар.

9.1.Электрондық оқытудыңоперациялық іс-әрекеттік құрамды бөліктерін қамтамасыз ететін ЦБР-дың типтері: виртуальдық зертханалық жұмыстар; интерактивтік тапсырмалар; электрондық есеп кітаптары; электрондық практикумдар; интерактивтік модельдеу; электрондық сөздік; интерактивтік ойындар; электрондық құрастырушылар; компьютерлік өлшеуіштер; анимацияланған интерактивтік карталар. 

9.2.ЦБР:

9.2.1. оқушылардың тапсырмаларды өз беттерімен орындау біліктерін мақсатты түрде қалыптастыруға бағытталған міндеттерді, мәселелердің мәнін, сұрақтарды, педагогикалық нұсқауларды дәл және айқын тұжырымдау арқылы интерактивтік тапсырмалардың шарттарынқабылдауға;

9.2.2. есептерді шешудің тәсілдерін ұғынуға, жаңғыртушы, ауызша, жазбаша, жаттығушылық, графикалық, мәселелік іздестірушілік жаттығуларды орындауға, жобалық және шығармашылық тапсырмаларды жүргізуге; оқушылардың тапсырмаларды өзіндік орындау біліктерін мақсаттылық қалыптастыруға бағытталған практикалық пен зертханалық жұмыстардың анимацияланған үлгілерінің негізінде оларды орындауға;     

9.2.3. жай механикалық есте сақтауды емес, жауапты құрастыруды талап ететін ойлау іс-әрекетіне бағдарланған және бақыланатын жаттығушылық әрекеттер (ауызша-жазбаша, жаңғыртылатын, жаттығушылық, жобалық, графикалық, мәселелік іздестірушілік, эвристикалық, зерттеушілік, шығармашылық тапсырмалар; практикалық және зертханалық және б. мүмкіндігін ұсынатын тапсырмалардың алуан түрлі формаларының есебінен іс-әрекеттердің барынша мүмкін түрлерін енгізушілік негізінде оқу ақпаратын түсінуге; 

9.2.4. есептерді шығару тәсілдерін, жаттығулар типтерін, жобалық және шығармашылық тапсырмаларды жүргізу реттерін; практикалық және зертханалық жұмыстарды шешу алгоритмін; білімдерді жүйелеуді, қорытынды жасауды қалыптастыруды қамтамасыз ететін әр түрлі интерактивтік тапсырмаларды талдап қорытуға;

9.2.5.білімдерді ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға және игерілген оқу ақпаратын біршама үзілістен кейін жаңа жағдаятта, «жаңа негізде», жаңа мысалдарда, оқып білетін құбылыстардың, заңдардың, заңдылықтардың, себеп-салдарлық тәуелділіктердің өзіндік мысалдарында қолдануға мүмкіндік туғызатын оқып білетін материалды бекітуге;

9.2.6. практикада: шығармашылық жобалардағы игерілген білімдерге, біліктер мен машықтарға шығармашылық қолдануға интерактивтік есептердің бар болуына; эссе, шығарма жазуда, тарихи оқиғаларды бағалауда білім алушы өз ниетін жүзеге асыруға, өз атынан әрекет етуге

бағытталған болуы тиіс.

     

10. Электрондық оқытудың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР – оқушылар олардың көмегімен өздерінің оқу жетістіктерін тексере алатын тестілеуші бағдарламалар.

10.1. Электрондық оқытудың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР-дың типтері: сабақтардың тақырыбы бойынша, тоқсандық қорытынды бойынша, жылдық қорытынды бойынша, УБТ-ға дайындық бойынша тестілейтін бағдарламалар; психологиялық сараптамалық тестілер; жатжазбалардың әр түрлі түрі; интеллектіні зерттеу тестілері; оқу құлшынысын зерттеу тестілері; шығармашылық ойлауды зерттеу тестілері; теориялық ойлауды зерттеу тестілері.

10.2. Электрондық оқытудың бағалау-нәтижелік құрамдас бөлігін қамтамасыз ететін ЦБР:

10.2.1. оқушылардың оқу жетістіктерін тәуелсіз бақылау мен бағалауды қамтамасыз етуге негізделген педагогикалық тағайындаулары мен нұсқаулары бар тестілеуші бағдарламаларды, қорытатын тестілерді, жатжазбаларды қабылдауға; дұрыс және дұрыс емес жауаптардың санын, нәтижесін  көрсетуге;

10.2.2. бақылау-түзетуші, бақылау-ескертуші, бақылау-ынталандырушы және бақылау-қорытушы сияқты; бастапқы, аралық, қорытынды сияқты; көп деңгейлік сияқты бақылаудың алуан түрі бар тестілейтін бағдарламалардың мәнін түсінуге;  

10.2.3. Өзінің оқу нәтижелерінің деңгейін түсінуге және кемшіліктерін анықтауға;

10.2.4. тестілейтін бағдарламалардың мазмұнын, олардың электрондық оқулықтың мазмұнымен сәйкестігін және тестілік материалдың білім алушы іс-әрекетінің бағаланатын деңгейімен сәйкестігінқорытуға;

10.2.5. сұрақтарды кездейсоқ таңдау әдісімен тестілерді бағдарламалау негізінде білімдерді ұзақ уақыттық жадқа ауыстыруға мүмкіндік туғызатын оқып білетін материалды бекітуге;

10.2.6. практикада абстрактылы теориялық білімдердің қосымшасын ақиқаттылықтың нақты міндеттерін шешуге

бағытталған болуы тиіс.

 

11. Дизайн-эргономикалық талаптар

11.1. Дизайн қазіргі тазалық және эргономикалық нормаларға сәйкес және жүйені пайдаланушыларға ең тиімді түрде оң сезімдік реакция тудыратын болуы тиіс.

11.2. Интерфейстің бір түрлілігі: жазбалар, анықтамалар жүйесі, ЦБР әр түрлі құрамдас бөліктерін айқын ажыратуды қамтамасыз ететін бір типті таңбашаларды (икондарды) және басқа арнайы символдарды пайдалану.

11.3. Монитор экранында түстік көзге көрінерлік ортаның қолайлылығы: пайдаланылатын түстердің тұрақтылығы, фонға қатысы бойынша кескін қанықтылығының ұтымдылығы; орнықты көру бірлестігіне түстердің сәйкестігі, бір экранда толқын ұзындықтары әр түрлі төрттен артық түстерді пайдаланудың мүмкін еместігі және т.б.

11.4. Бейнеқатарлардың, бейнеүзінділердің, анимацияның, безендірудердің, графикалық және фотобейнелердің, динамикалық модельдердің, қаріптік және суретті мәтіннің және т.б. жоғары сапасы.

11.5. Дыбыстық сүйемелдеудің жоғары сапасы: кадрды сүйемелдейтін мақамның (дыбыс ырғағының) сапасы, дыбыстық сүйемелдеу ырғағының жағымдылығы, дыбыстық фонның, әуеннің және т.б. сапасы.

11.6. Бағыттау жылдамдығының қолайлығы, қарапайымдылығы, біркелкілігі: жауапқа реакция уақыты немесе басқару әрекеті 10 секундтан артық болмауы тиіс.

11.7. Пернетақтаны, тышқанды, микрофонды, сканерді, принтерді және басқа құрылғыларды пайдаланудың мақсатқа лайықтылығы, әдептілігі және қолайлылығы.

11.8. Нұсқаулар мен көмектің бар болуы, олармен жұмыс істеудің қолайлылығы.   

11.9. Қаріптер мен графикалық шешімдердің оқушылар жасына сәйкестігі: 1-4 сынып үшін ЭО-тың қарпінің кеглі 14-тен аз емес, 5-9 сынып үшін 12-ден аз емес.

 

12. Техникалық талаптары

 

12.1. SCORM талаптарына сәйкестілілігі.

12.2. Сілтемелердің биязы жұмыстары, басқару элементері және навигациясы, көркем бейнелері, анимациялары және бейне көріністері, синхрондық, үйлестірілген дыбыстарымен сүйемелденеді.

12.3. Аса кең тараған операциялық жүйелер жұмысы; жетекші  дерекқорларымен үйлесімділігі; (SNMP v2) ашық стандарттарда  қолдау көрсетіледі.

12.4. Электрондық оқыту Жүйесінен Интернет желісіне қатынас құрмастан келесіде пайдалануға мүмкіндігі бар CD/DVD  дискіге экспорттау мүмкіндігін қолдау.

12.5. ЦБР-дың рұқсат етілген форматтарын пайдалану (Қосымша 1-ді қараңыз)

12.6. Стандарттық плеерлерді пайдалану (Қосымша 2-ні қараңыз).

12.7. ЦБР-дың оның қысқаша сипаттамасына сәйкестігі.

12.8. Метамәліметтердің барлық өрісін толтырудың дұрыстығы мен толықтығы.

12.9 Ехе-қосымша түрінде ЦБР өңдеуін мүмкіндігінше орындау, олар бағдарламалаудың кез келген жүйесінде өңдей алады, сондықтан олар дербес болуы шарт, өздігінен қосылып,  сытқы файлдарға сілтемесіз оралған ЦБР ресурстарын қолдану. Бұл әріптер, бейнелер мен дыбыстарға қатысты болып келеді.

12.10. Файл пішімдерін мүмкіндігінше Adobe Flash-9-да пайдалану және одан әрі де.

12.10.1. Flashфайл пішімдері порталда (бетше босағасында) орналасуы  үшін   *.swf   кеңейтілуі тиіс.

12.10.2. Әрбір жүктелетін файлда міндетті түрде  прелоадер қатысуы тиіс.

12.10.3. Құжаттың көлемі 800х600 пиксель болуы тиіс.

12.10.4. Жаңғыртылатын анимацияның жылдамдығы  25 fps болуы тиіс.

12.10.5. Бейнебаянның ішінде пайдаланылатын бейнеүзінділер SteelOverAll дербес плеерлі түрде *.FLV пішімде болуы тиіс.

12.10.6. Дыбыстық файлдар *.MP3 (mono,birate-64kbps) пішімде болуы тиіс.

12.10.7. Фотомәліметтер мен суреттер *.JPG пішімінде болуы тиіс. 

12.11 ЦБР On-line тәртібінде қажеттілігін орындау үшін, HTML,XML,PHP және  басқа да пішімдерін қолдана алады.  

12.12. Файлдың жалпы көлемі – 10 Мб-қа дейін.

 

 

13. Декларация  құрылымы мен ресурсты сипаттамасы

13.1. Безендірілген MS Word, HTML пішімдегі мақала, PDF және т.б.;

13.2. JPEG пішімінде безендіру;

13.3. HTML пішіміне ілестірілген мәтінді JPEG пішімінде безендіру;

13.4. Мазмұны HTML  пішіміндегі кітаптың  GIF, JPEG пішіміндесканерленген беттерсілтемесі;

13.5. HTML пішіміндегі кітап (HTML  файлдары суреттерімен);

13.6. mp3 пішіміндегі аудиожазбалар;

13.7. FLV  пішіміндегі бейнежазбалар (флеш-бейне);

13.8. MS Power Point пішіміндегі таныстыру рәсімі;

Қосымша 1

Ресурстардың рұқсат етілген форматтары

 

Формат

Mime

Сипаттама

Кеңею

FLASH

application/x-shockwave-flash

Файл Flash

swf

DCR

application/x-director

Файл Shockwave

dcr

PDF

application/pdf

Portable Document Format (PDF) кескіндері бар форматталған мәтін

pdf

Java Applet

text/html

Java Applet қосымшалары. object тегі көмегімен htm бетке кірістірілген болуы тиіс

html

ASF

video/x-ms-asf

Advanced Systems Format, динамикалық бейне- және дыбыстық қатар (шынайы және синтезделген)

asf

AVI

video/avi

Audio Video Interleave (AVI) форматыдағы бейнефайл

avi

MPEG

video/mpeg

Видеофайл в формате Moving Picture Experts Group (MPEG)

mpg

WMV

video/x-ms-wmv

Windows Media Video форматыдағы бейнефайл

wmv

WAV

audio/wav

Звуковой файла формата Waveform audio format форматының дыбыстық файлы

wav

MP3

audio/mpeg

MPEG-1 Audio Layer 3 (MP3) форматындағы дыбыстық файл (әуендік шығармалар үшін: стерео, мынаған қарағанда жаман емес: 44100 Гц, 16 бит, 160 Кб/с)

mp3

MIDI

audio/midi

Дыбыстық қатар

mid

GIF

image/gif

Graphics Interchange Format (GIF) форматындағы кескін

gif

DOC

application/msword

Microsoft Word форматындағы құжат

doc

XLS

application/vnd.ms-excel

Microsoft Excel форматындағы электрондық кесте

xls

TIFF

image/tiff

Tagged Image File Format (TIFF) форматындағы кескін

tif

RTF

text/richtext

 (rich-text format) форматталуы бар мәтін

rtf

DJVU

image/djvu

Мәтіндік құжаттардың графикалық кескіні

djvu

VRML

model/vrml

Виртуальдық шынайылықтың және интерактивтік моделдеудің объектілері

vrml, wml

SHP

application/octet-stream

Географилық карталар (Shape file)

shp

SXF

application/octet-stream

Географилық карталар (SXF)

sxf

MAP

application/octet-stream

Географилық карталар

map, sit

EXE

application/octet-stream

Қосымшалар

exe

 

Қосымша2

Стандарттық плеерлердің тізімі

 

 

Нұсқа

{браузер}Internet Explorer

8 және жоғары

MozillaFirefox-пен үйлесімдікті қамтамасыз ету

3 және жоғары

Macromedia Flash Player

9 және жоғары

Macromedia Shockwave Player

10  және жоғары

Adobe Reader

9 және жоғары

Windows Media Player

10және жоғары

MS Office

2007

DjVu Browser Plug-in

6 және жоғары

Sun Microsystems, Java 2 Runtime Environment Standard Edition

1.4.2 және жоғары

ExpressView Browser Plug-in

 

Cosmo Player

2.1 және жоғары

TechExplorer