Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Жазу дағдысын меңгеру бойынша болашақ бірінші сынып оқушылары ата-аналарына ұсыныс
Жазу дағдысын меңгеру бойынша болашақ бірінші сынып оқушылары ата-аналарына ұсыныс

 

 

 

   Қолдың кішкентай бұлшық еттерінің дамуы ойлаумен, сөйлеумен тығыз байланысты және мектеп оқуына интеллектуалды дайындық көрсеткішін көрсететінін естен шығармау керек. Мектепке дейінгі жаста дұрыс жазбау техникасын қалыптастыруға әкеп соқтыратын оқытуға емес, жазуға дайындық маңызды. Заттармен ұсақ қозғалыстар жасай білу ересек мектепке дейінгі жаста дамиды, негізінде 6-7 жасқа келгенде бас миының тиісті аймағының, қол буынының ұсақ бұлшық еттерінің дамуы тоқтайды. Сондықтан ұсақ моториканы дамыту бойынша жұмыс мектепке түсуге дейін ерте басталу керек. Жазу – қол қимылдарының шебер үйлестірілген қызметін қосатын қиын дағды. Жазу қол буынының ұсақ бұлшық еттерінің және бүкіл қолдың үйлестірілген жұмысын, көру түйсігінің жақсы дамуын, ерікті зейінді, ми қабығы бөлімінің барлық үйлестірілген қызметін талап етеді.


         Жазуда нерв жүйесі орталығының бес деңгейі қатысады. Төменнен жоғары қарай қозғалып бақылайық.


 А деңгейі қолдың және саусақтың тонусын қамтамасыз етеді. Ол өте төмен және бұрынғы филогенетикалық, кез келген қимылды ұйымдастыруға қатысады.


В деңгейідене мүшелерінің өзара жағдайы және қимылы туралы хабар айтатын бұлшық ет буындары рецепторларынан сигнал жасайды. Ол сыртқы кеңістіктен бөлек, бірақ «дене кеңістігінде» не жасалынатынына жақсы «хабардар». В деңгейі жазу қимылына басты дөңгелектік береді, шапшаң жазуды қамтамасыз етеді.

 
С деңгейі– кеңістіктік жол деңгейі. Оған көру, есту, сезу органдарынан сигнал, яғни, сыртқы кеңістік туралы барлық ақпарат түседі. Бұл деңгей әріптердің геометриялық формасын, қағаздағы жолдардың түзу қалпын ұйымдастырады.

 

Д деңгейі(қабықтық) – заттармен әрекетті ұйымдастыруды меңгеретін заттар қызметінің деңгейі. Жазуда қаламды дұрыс игеруді қамтамасыз етеді.


Е деңгейі – ең жоғары,  интеллектуалды қозғаушы акттердің деңгейі, бірінші кезекте сөйлеу қимылы және жазудың маңызды жағын қамтамасыз етеді.  


         Жазуды тағы да «негізгі» дағды деп атайды, өйткені мұнда барлық оқу негізделеді, яғни, уақытында мұны игермеген бала орыс тілі бойынша ғана емес, оқуда басқа сабақтардан да қалып отырады.

 

   Жазу процесі психологиялық және физиологиялық тұрғыдан өте күрделі. Жазу кезінде қозғалыс қимылының техникасы 6-7 жастағы балаларда қол буынынынң ұсақ бұлшық еттері әлсіз дамығанмен, білек сүйектенуінің және саусақ бөлігінің аяқталмауымен күрделенеді, оған қоса статистикалық жүктемеге төзімділігі төмен, яғни, күшті қолдың бұлшық еті ғана емес, жазу кезінде қозғалмайтын дене қалпын демейтін кеуде бұлшық еті де сезеді де.
Жазуға дайындалмау мектепке негатив тудырады, баланы қорқынышты жағдайға түсіреді.