Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
«Отбасылық тәрбиелеудің стратегиясы» тесті
«Отбасылық тәрбиелеудің стратегиясы» тесті

 

Құрметті ата-аналар!

Бұл тесттің сұрақтарына жауап беріп, Сіздер өздеріңіздің тәрбиелеу стратегиясын бағалай аласыздар (стиль): беделді, өктемшіл, либералдық жәнебейтарап.

 

 

«Отбасылық тәрбиелеудің стратегиясы» тесті

 

 

1. Сіздің ойыңызша адамның мінезі көбінесе немен анықталады, тұқым қуалаушылықпен бе әлде тәрбиемен бе?

А. Көбінесе тәрбиемен.

Б. Туа біткен болашақтың ортаның талабымен үйлесуімен.

В. Бастысы - туа біткен болашағымен.

Г. Анау да емес, мынау да емес, өмірлік тәжірибемен.

 

2. Балалар өз ата-аналарын тәрбиелейді деген ойға қалай қарайсыздар?

А. Бұл шындыққа қатысы аз сөздер ойыны, сопышылдық.

Б. Әбден келісемін.

В. Егер өз балаларының тәрбиешісі ретінде ата-аналардың дәстүрлі ролі туралы ұмытпасақ, мұнымен келісуге дайынмын.

Г. Жуауп беруге қиналамын, бұл туралы ойланбаппын.

 

3. Тәрбие туралы қай пікірді дұрыс деп санайсыз?

А. Егер балаңызға айтарыңыз болмаса, жуынуға жіберіңіз. (Эдгар Хоу.)

Б. Тәрбиелеудің мақсаты – біздің көмегімізсіз мәселені шешу. (Эрнст Легуве.)

В. Балаларға нұсқау емес, мысал керек. (Жозеф Жубер.)

Г. Ұлыңды тіл алуға үйретсең, қалғанына да үйретерсің. (Томас Фуллер).

 

4. Ата-аналар балаларымен жыныс туралы әңгіме қозғау керек деп ойлйсыз ба?

А. Мені бұған ешкім үйретпеген, оларды да өмір өзі үйретер.

Б. Ата-аналар балалардың бұл сұрақтарына түсінерлік жағдайда қанағаттандырарлықтай жауап беруі керек деп ойлаймын.

В. Балалар есейген кезде, бұл туралы да әңгіме қозғау керек. Ал мектеп жасында ең бастысы – адамгершіліксіздіктен қорғау.

Г. Әрине, бірінші кезекте мұны ата-аналар жасау керек.

 

5.Балаға қалтасына күнделікті ақша беретін кезде сіз әдетте қалай жасайсыз?

А. Сұраса, беруге болады.

Б. Ең жақсысы нақты мақсаттар үшін тиісті соманы беріп тұру және шығынын бақылау.

В. Бала өз шығынын өзі жоспарлауға үйрену үшін мақсатқа сай кейбір мерзімге (бір аптаға, бір айға) ақша беріп тұру.

Г. Кейбір соманы белгілі бір мерзімге береміз, кейін ол шығынды сенімді әңгімелесу кезінде талқылаймыз.

 

6. Сіздің балаңызды сыныптасы ренжіткенін білсеңіз не істейсіз? 

А. Ренжимін, баланы жұбатуға тырысамын.

Б. Ренжіткен баланың ата-анасына мәселенің басын шешу үшін барамын.

В. Балалар өз қарым-қатынастарын өздері шешсін, оның үстіне олардың реніші көпке созылмайды.

Г. Мұндай жағдайда не істеу керектігін айтамын.

 

7. Өз балаңыздың боғауызшылдығына қалай қарайсыз?

А. Біздің отбасымызда, ар-ұяты бар адамдардың арасында бұған жол берілмейтінін түсіндіруге тырысамын.

Б. Боғауызшылдықты ұрықта жою керек! Жазалау қажет, ал тәрбиесіз жолдастарымен достығын тоқтату керек.

В. Қайтер! Бәріміз бұндай сөздерді білеміз. Шектен шықпай тұрғанда бұған назар аударудың қажеті жоқ.

Г. Бұл тәсіл бізге ұнамаса да, бала өзінің сезімін білдіртуге құқығы бар.

 

8.Сіздің жасөспірім балаңыз ата-анасы жоқ кезінде, барлық достарын жинап досының саяжайында уақытын өткізгісі келеді. Сіз оны жіберер ме едіңіз?

А. Ешуақытта! Мұндай жиналыстар жақсылыққа әкелмейді. Балалар көңілдерін көтеріп демалғысы келсе, үлкендердің бақылауымен жасасын.

Б. Балаларын тәртіптьі, сенімді балалар деп танысам, мүмкін.

В. Өзі шешім қабылдайтындай ақылды адам. Бірақ, әрине, ол жоқ кезде алаңдаймын.

Г. Рұқсат бермеудің себебін көріп тұрған жоқпын.

 

9. Балаңыз Сізге өтірік айтқанын білсеңіз не істейсіз?

А. Бар шындықты айтқызуға және ұялтуға тырысамын.

Б. Себебі маңызды болмаса, мән бермеймін.

В. Ренжимін.

Г. Өтірік айтуға не себеп болғанын анықтауға тырысамын.

 

10.Балаңызға лайықты үлгі беріп жүрмін деп ойлайсыз ба?

А. Сөзсіз.                                   

Б. Тырысамын.                                      

В.Сенемін.

Г.Білмеймін.

 

 

Нәтижені өңдеу және түсіндіру

Тәртібінің стилі

Сұрақтардың нөмірі

1

2

3

4

5

6

7

8

9

10

беделді

Б

В

В

Г

В

Г

А

Б

Г

Б

өктемшіл

А

А

Г

В

Б

Б

Б

А

А

А

либеральдық

В

Б

Б

Б

А

А

Г

В

В

В

бейтарап

Г

Г

А

А

Г

В

В

Г

Б

Г

 

 

Кестедегі Сіз таңдаған жауаптардың нұсқасын белгілеңіз және ата-аналар тәртібі типтерінің біреуіне сәйкестігін анықтаңыз. Жауаптардың типтерінен біреуі басымдырақ болса, сіздің отбасыңыздағы тәрбиелеу стилі анық көрінеді. Егер сіздің жауаптарыңыздың арасында бір категория болсын басым болмаса, нақты принциптер мен ата-аналардың тәртібі мезеттік көңіл күймен мәжбүр болса, онда мәселе тәрбиелеудің қайшылығы туралы. Балаңызды қандай жағдайда,мөзіңізді қандай ат-ана ретінде көргіңіз келетінін түсініңіз.

 

Беделді стиль.Баланың жеке қалыптасуында сіз маңызды ролді түсінесіз, бірақ, өзін-өзі дамытуға құқығыңыз бар екенін мойындайсыз. Қандай талаптарды талап етуге, қайсысын талқылау керектігін жақсы білесіз. Ақылмен өзіңіздің көзқарасыңызды қайта қарауға дайынсыз. Ата-аналар олардың жас ерекшелік мүмкіндіктеріне сәйкес өз балаларының жеке жауапершілігін және дербестігін мадақтайды. Жасөспірімдер отбасылық мәселелерді талқылауға, шешім қабылдауға қатысады, ата-аналардың пікірін, кеңесін тыңдайды, талқылайды. Ата-аналар балаларынан саналы тәртіпті талап етеді және оларға көмектесуге тырысып, талаптарына айқын қарайды. Сол кезде ата-аналар дұрыс, жауапты әлеуметтік тәртіпті қалыптастыратын тұрақтылықты білдіреді, әділеттілік туралы ойлайды.

 

Өктемшіл стиль, Сіз балаңыздың қандай болып өсуін жақсы білесіз және бұған көп күшіңізді жұмсайсыз. Өзіңіздің талаптарыңызда сіз мүмкін, кесімді және бірбекткейсіз. Балаға сіздің бақылауыңызда өзін жайсыз сезінуі таң қаларлық жағдай емес. Мұндай тәрбие стилі бар ата-аналар баланың дербестігіне шектеу қояды, қатаң бақылауға алып, қатыгез тыйыммен, сөгіспен және физикалық жазалаумен өздерінің талаптарын сәл негіздемейді. Жасөспірімдік шақта ата-аналардың өктемшілдігі шиеленіс пен дұшпандық тудырады. Белсендірек, күштірек жасөспірімдер қарсы тұрады және ашу шақырады, агрессивті күйге түсіп, мүмкіндік болған жағдайда ата-аналарының үйінен жиі қашады. Ұялшақ, өзіне сенімі жоқ жасөспірімдер ата-аналарының айтқанын тыңдап, дербестік танытпайды. Егер де ересек жасөспірімдерге қатысты аналар «келісім беру» тәртібіне жақынырақ  тұрса, өктемшіл әкелер ата-аналар билігінің таңдалған түрін ұстанады. Мұндай тәрбиеде балаларда кінә сезімі және жазалау алдындағы қорқыныш негізінде ішкі бақылау механизмі ғана қалыптасады, жазалау қаупі жоқ болған кезде жасөспірімнің тәртібі қоғамға қарсы болуы мүмкін. Өктемшіл арақатынас балаларымен рухани жақындықты басады, сондықтан күдіктілікке, үнемі сақтыққа және қоршаған ортаға дұшпандыққа алып келетін олардың арасында ынтықтық сезімі сирек болады.

 

Либералды стиль.Сіз өзіңіздің балаңызды жоғары бағалайсыз, оның әлсіздігі кешірімді деп санайсыз. Балаңызбен оңай тіл табысасыз, сенесіз, шектеу мен тыйымға бейім емессіз. Бірақ ойлану керек: мұндай бостандық балаға керек пе? Ересек болған кезде мұндай жасөспірімдер құптай бермейтіндермен шиеленіседі, басқа адамдардың қызығушылығын есепке алмайды, мықты эмоционалды байланыс орната алмайды, шектеу мен жауапкершілікке дайын болмайды. Бір жағынан ата-аналар жағынан немқұрайлық және эмоционалды күш кемшілігін қабылдап, балалар қорқыныш пен сенімсіздікті сезеді. Отбасы жасөспірімнің тәртібін бақылай алмаса, қоғамда дербестік, жауапкершілік тәртібі қалыптаспағандықтан, бейәлеуметтік топқа кіруі мүмкін.

 

Бейтарап стиль.Тәрбиелеу мәселесі сіз үшін аса маңызды емес, өйткені сізде басқа мәселелер көп. Бала өз мәселесін өзі шешуге мәжбүр. Бірақ, ол сіздің қолдауыңызға және көбірек қатысымыңызға құқығы бар екенін ұмытпаңыз!