Телефон доверия
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Адрес: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Back to the main page of the department of education
График приема граждан:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
In a year
In a month
In a week
Yesterday
«Балаларыңызбен байланысыңыз жеткілікті ме?» тесті

 

Құрметті ата-аналар! Тесттің сұрақтарына жауап бере отырып, сіздің балаңызға сізбен әңгімелесуі қаншалықты жетерліктей екенін біле аласыздар!

 

«Балаларыңызбен байланысыңыз жеткілікті ме?» тесті

 

  1. Сіздің отбасыңызда балалармен өзара түсінушілік бар деп санайсыз ба?
  2. Балалар сізбен ашылып сөйлесе ме, жеке сұрақтары бойынша кеңес сұрай ма?
  3. Сіздің жұмысыңыз туралы сұрай ма?
  4. Балалалрыңыздың достарын білесіз бе?
  5. Олар сіздің үйіңізге келе ме?
  6. Сіздің балаңыз сізбен бірге шаруашылық істерге араласа ма?
  7. Үлгерімін тексересіз бе?
  8. Ортақ бір істеріңіз немесе қызығушылықтарыңыз бар ма?
  9. Отбасылық мейрамына дайындық кезінде балаларыңыз қатыса ма?
  10. Балалар мейрамы кезінде сіздердің қатысуларыңызды қалай ма?
  11. Оқыған кітаптарды балаларыңызбен талқылайсыз ба?
  12. Театрға, көрмеге және концерттерге бірге барасыздар ма?
  13. Балалармен теледидарлық бағдарламалар мен фильмдерді талқылайсыз ба?
  14. Балаларыңызбен серуендеп, туристік сапарға шығасыз ба?
  15. Демалысыңызды балалармен өткізуіңізді қалайсыз ба?

 

Жауаптары:

«иә» – 2 бал;

«аздап», «кейде» – 1 бал;

«жоқ», «ешқашан» – 0 бал.

 

Егер сізде:

Ø   21 және 20 балдан асса, сіздің балалармен қарым-қатынасыңыз, негізінде сәтті деп айтуға болады.

Ø   10-нан 20-ға дейін– қанағаттанарлық,  бірақ жанжақтылыққа жетпейді; немен тереңдетіліп, толықтырылу керектігін ойлаңыз.

Ø   10 балдан төмен болса– балалармен сіздің байланысыңыз жеткіліксіз. Қалай жақсарту керектігін шешіңіз.