Сенім телефоны
87782194989
email: sosh43@goo.edu.kz
Мекенжайы: Павлодар облысы, Павлодар қ., Лермонтов көш., 95-ші үй
556862 - қабылдау бөлмесі, 555860 - директордың орынбасары, 513210 - бухгалтерлік есеп
Білім бөлімінің басты бетіне қайту
Азаматтарды жеке қабылдау кестесі:
дүйсенбі сағат 16.00-ден 18.00-ге дейін
За год
За месяц
За неделю
Вчера
Ұлт көшбасшысы, ел көшбасшысы
Ұлт көшбасшысы, ел көшбасшысы

 

Ұлт көшбасшысы, ел көшбасшысы

 

 

 

 

1 желтоқсан – Қазақстан Республикасы Алғашқы Президентінің күні

 

 

 

 

Н. Назарбаевтың өмірі мен қызметі туралы

«Назарбаев – нағыз ел ағасы. Ол тыңдап қана қоймай, ести де біледі, менің ойымша, бұл –төбесі көкке жеткендердің көпшілігінің бойынан табыла бермейтін аса сирек қасиеттердің бірі»

Никита Михалков, ресейлік кинорежиссер, 2000 жыл

 

 

Олжай Қ. Президент пырағы. (Репортаждар кітабы). – Алматы: Атамұра, 1994. – 208 бет.

Халықаралық журналистер конфедерациясы сыйлығының лауреаты, Әлихан Бөкейханов атындағы сыйлықтың иегері Қайнар Олжайдың «Президент пырағы» атты бұл кітабы Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаевтың 1991-1993-жылдардағы ресми сапарларының репортаждарынан тұрады.

Атыс астындағы Қарабақта, жарылыстардан Президент Жарлығынан кейін құлағы тыншыған Семей полигонында, ақ тұман бүркеген Англияда, тұңғыш қазақ ғарышкері Тоқтар Әубәкіров самғаған Байқоңырда, Біріккен Ұлттар Ұйымының Бас Ассамблеясында, Ұлы қорғанның арғы жағындағы Қытайда және басқа жерлерде Қазақстан Президенті қандай парасат танытты, қандай қадамдар жасады? Автор осыған ой көзімен үңіледі. Түрлі елдердің ерекшкліктерін, түрлі жерлердің жаңалықтарын  таразылап, олардан қазақ даласына керектерін іздейді. Тәуелсіздік тұсындағы тұңғыш адамдарды оқырмандарға жеткізу - «Президент пырағы» басты мақсаты.

Түрлі көркемдік кестелерде бейнелі жазылған репортаждар жинағы қалың оқырман қауымға арналған. Кітаптың ықыласпен қолға алынарына сенімдіміз.

 

ХХІ ғасыр: Әлем саясаткерлері, руханият жетекшілері, зияткерлері мен кәсіпшілері Н.Ә. Назарбаев туралы. – Алматы: Атамұра, 2005. – 288с.

Кітапта мемлекет басшылары мен саясаткерлердің, діни қайраткерлердің, әлемдік интеллектуалды және іскер адамдардың Н.Ә. Назарбаев туралы пікірлері мен айтылған сөздері жиналған. Сонымен қатар, Қазақстан Республикасының Президенті Нұрсұлтан Назарбаевтың халықаралық марапаттаулары мен сыйлықтары, академиялық және құрметті атақтары атап көрсетілген.

Стратегиялық басқару моделінің пайда болуы мен қалыптасуындағы мемлекет басшысының бастамалары [Мақалалар жинағы] / Жалпы ред. басқарған: А.С. Сағынғали, Б.М.Каипова;

ҚР Мәдениет және ақпарат министрлігі.

ҚР Тұңғыш Президентінің Музейі. – Алматы: «Таймас», 2008. – 264 б.

 

 

 

 

 

Тұңғыш Президент – Нұрсұлтан Назарбаев //Тұңғыштар/Құрастырған: Ш. Күмісбаев. – Алматы: «Алматыкітап», 2007. – 258-261 бет.

 

Нұрсұлтан Әбішұлы Назарбаев // «Сен білесің бе?» энциклопедиясы./Құраст.: Қ.Ж. Райымбеков, Қ.Т. Байғабылова. – Алматы: «Аруна» баспасы. – 97 бет.

 

Нұрсұлтан Назарбаев// Тарихи тұлғалар. Танымдық-көпшілік басылым. Мектеп жасындағы окушылар мен көпшілік оқырмандарға арналған. / Құраст.: Б. Тоғысбаев, А. Сужикова. – Алматы: «Алматыкітап баспасы», 2011. – 5-6 бет.

 

 

Н. Назарбаевтың еңбегі

 

«Заманымыздың аса көрнекті басшыларының бірі»

Брюс Джорж,

Еуропа қауіпсіздік және ытымақтастық ұйымы Парламенттік Ассамблеясының Президенті, 2003 жылғы 8 маусым

 

 Назарбаев Н.Ә. Қазақстанның егеменді мемлекет ретінде қалыптасуы мен дамуының стратегиясы. – Алма-Ата: РГЖИ «Дәуір», 1992. – 56 б.

«<…>Саналы мұратсыз асқақ армансыз өмір сүретін адамдарды ұсақ, тоғышарлық мүдде, бір сәттік жеке бастың материалдық пайдасын ойлау стихиясы сөзсіз арбап алады. Сөйтіп соның салдарынан қоғамдық азғындау басталады. Бүгінде әркімге біздің қозғалысымыздың бағытын көруге, оқиғаны болжап білуге, түпкі мақсатқа қол жеткізуге сенімді болуға мүмкіндік беретін Қазақстан қоғамы дамуының айқын және нақты тұжырымдамасы, міне, сондықтан да қажет».

 

 Назарбаев Н.Ә. Ғасырлар тоғысында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 256 бет.

«<…>Бұл кітап өз көзімізбен көргенімізді, өз басымыздан кешкенімізді, жүздес-сұхбаттас болған тұлғалардың мінездемелерін қамтығанымен, мемуар жанрына жатпайды. Егер бізге салса, бұл шығарманың жанрын «болашақ жайлы естелік» деп санаған орынды сияқты. Әрине, бір-біріне көпе-көрінеу кереғар ұғымдардан тұратын бұл сөз тізбегіне біз атымен басқаша мағына беріп отырмыз. Адамдар, әдетте, өткеннің мәніне ертеңнің тұрғысынан үңіліп түсінеді. Біз оқырмандарымыздың мәселенің байыбына басқаша тұрғыдан зер салғанын қалар едік. Өйткені сөз болатын гәптер белгілі бір нақты кезеңде, сол кезеңнің ағымдағы саясатының арнасында, белгілі бір ретпен жүзеге асқандығы даусыз. <…>Бұл кітаптың мақсаты – расында да, болмыстарынан бедерлі жаратылған саяси ықпалдастарымыздың бейнелерін жарқыратып сомдап шығу емес. Біздің көздегеніміз – кешегі кеңестік үрдіс құлағаннан бергі кезеңде кездескен саяси мәселелердің күрделі табиғатына оқырмандарымызды өз көзімен үңілдіріп, өз тұжырымын жасауына көмектесу».

 Назарбаев Н.Ә. Сындарлы он жыл. – Алматы: Атамұра, 2003. – 240 бет.

Президент Нұрсұлтан Назарбаевтың кітабы Қазақстан Республикасының ішкі және сыртқы саясаты, жаһандану, есірткі бизнесі, қауіпсіздік, Каспий аймағы, халықаралық құқық, жікшілдік саласында соңғы 10 жылда әлемде және Қазақстан Республикасында болған жағдайлары мен өзгерістері туралы айтады.

 

 

 Назарбаев Н.Ә. Тәуелсіздік белестері. – Алматы: Атамұра, 2003. – 336 бет.

Жолдаулар, баяндамалар, мақалалар.

 

 

 

 

 

 

 

 

 

 Назарбаев Н.Ә. Тарих толқынында. – Алматы: Атамұра, 2003. – 288 бет.

«<…>Үшінші мыңжылдыққа санаулы күндер қалғанда біздің болмысымыздың ең көкейкесті сұрақтары – ұлттық үндестігіміздің мән-маңызы неде, қазіргі Қазақстан үшін мәдениетке қатысты үлгінің қандайы қонымды, біздің ұлттық санамыздың арқауы неде, қазіргідей жедел құбылатын заманда «МЕН» дегізерлік ұлттық қасиеттерді қалай сақтап қалуға болады – міне, мұның бәрі де нақтылы өмірмен беттескен саясаттың сұрақтары. Ал оның жауабы бүгінгі өмірмен ғана астасып жатқан жоқ, тұнығы мен тұманы қабаттасқан тарихтың тұңғиығымен де тамырласып жатыр... <…>»

 Назарбаев Н.Ә. Бейбітшілік кіндігі. – Алматы: Атамұра, 2003. – 256 бет.

«<…>Бұл «ядролық» құндылықтарды танудың шегі мен оны қайта бағалаудың рецептері туралы кітап емес. Бұл кітап – күштің парасатқа өктемдігінің күшейе түскен қатері мен адамзаттың «ядролық» қауіпсіздік формуласын қинала іздестіруі туралы толғам-кітап. <…>»

 

 

 

 

Назарбаев Н. Қазақстан жолы. – Астана, 2007. – 372 б.

Елбасының кітабы Қазақстанның қазіргі тарихының аса күрделі де жарқын сәттерін баяндайды. Тоғыз тараудың әрқайсысы, тәуелсіз жас мемлекетіміздің қалыптасу жолындағы айшықты қадамдарын ашып көрсетеді. Бұл – Қазақстанның 2030 жылға дейінгі Даму стратегиясын жасау жөніндегі жұмыс, қазіргі қолданыстағы ел Конституциясын қабылдау үрдісі, мұнай-газ ресурстарын игеруді бастау, ұлттық валютаны енгізу және табысты банк жүйесін құру туралы жазылған еңбек. Жекелеген тарауларда жекешелендіру мен жер реформасын жүргізу үрдісі әңгімеленеді, елорданы Астанаға көшіру және Қазақстан азаматының тұңғыш ғарышқа ұшуы айтылады.

Кітап Президенттің ел жастарына арнаған үндеуі түрінде ойластырылған. Автор бұл кітапты Қазақстан көшбасшыларының жаңа буыны үшін қолдан түсірмейтін құралға айналар деп сенеді.

 

 

 

Н. Назарбаев туралы сайт

 

http://personal.akorda.kz/    

 

 

ҚАЗАҚСТАН РЕСПУБЛИКАСЫ ТҰҢҒЫШ ПРЕЗИДЕНТІНІҢ МУЗЕЙІ

Виртуалды тур

http://www.prezidentsmuseum.kz/index.php?lang=kaz

 

 

 

Құрастырған: № 43 ЖОМ ММ кітапхана меңгерушісі М.П. Куклина

Аударма: А.С. Дүйсенбаева