2021 жылдың 25 - 30 мамыр аралығында Алматы қаласында 9 - 13 жастағы балалар мен жасөспірімдер арасында муайтай чемпионаты өтті. Чемпионаттың ұйымдастырушы Қазақстан Республикасының Мәдениет және спорт министрлігінің Спорт және дене шынықтыру істері комитетімен бірлесіп Қазақстан Республикасындағы муайтай Федерациясы болып табылады.
Облыс құрама командасының құрамында Павлодар қаласының № 24 мектебінің 6-сынып оқушысы Еркебұлан Құдайберген қатысты. Турнирдың қортындысы бойынша Еркебұлан қола жүлдесін иеленіп, ІІІ орынға және қола медаль иегері болды.
- Бұл Еркебұланның алғашқы жеңісі. Алдағы уақытта одан да зор жеңістерге жетеді деп ойлаймын. Бас бапкер Марат Сагындыкұлы Смагуловқа алғысымыз шексіз, - дейді Еркебұланның жаттықтырушысы Абишев Азамат Жанарбекұлы, спорт шебері, муайтай бойынша Қазақстан чемпионы, жауынгер белбеуінің иегері, «Бірлік» клубының бапкері.
Еркебұлан 10 жасынан муайтай клубында айналысады. Жарыстарға 11 жастан қатысады. Осы кезеңде ол 2 медаль жеңіп алды, оның ішінде 2019 жылы қалалық сайыста 1 алтын, 1 қола медальға ие болды.
Еркебұлан мектепте жақсы оқиды, әсіресе гуманитарлық бағыт оңай беріледі. Биылғы оқу жылында мектепішілік пән олимпиадасында ағылшын тілі пәнінен II орын алды.Қазіргі таңда орыс тілі пәнінен ғылыми жобаға дайындалуда. Одан бөлек сыныптық және мектепшілік өмірге белсене қатысады. «Сыныппен бірге оқимыз» челлендже А. Құнанбаевтің және Ы. Алтынсарин өлеңдерін жатқа оқып берді. Тарихи кітаптарды оқығанды жақсы көреді. «Скиф» клубында бокспен айналысқан. Мектептің футбол құрама командасына кіреді.