ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Үздік таэквондошылар әлем біріншілігіне барады
15-04-2022 09:40
Үздік таэквондошылар әлем біріншілігіне барады

Павлодар қаласының «Баянтау» спорт кешенінде таэквондодан қалалық ашық чемпионат өтті. Татамиден табанды күреске 200-ге жуық бала мен жасөспірім қатысты. Чемпионатты GTF облыстық таэквондо федерациясы ұйымдастырды, ол екі санатта өтті. Жарыстарда әр түрлі деңгейдегі белбеу иелері негізгі соққылар мен блоктардан және массогиден - спаррингтен тұратын ресми кешен - хъенги бойынша жарысты. Жарыс жеңімпаздарына мамыр айында Алматы қаласында өтетін ашық чемпионатқа дайындалуға және қатысуға мүмкіндік беріледі.

Сонымен қатар, жазда Болгарияда 15 жастан асқан спортшыларға арналған таэквондодан әлем чемпионаты өтеді. Облыстық турнирдің жеңімпаздары әлем чемпионатына жолдама алып, жүлделі орындарға шығу үшін бақ сынасады. Жарыстың бас төрешісі Артем Граблевтің айтуынша, турнирге қалалық, облыстық біріншілікте жүлделі орындарға ие болған спортшылар да, жас таэквондошылар да қатысады.

- Жасөспірім таэквондошыларға қарап, аймақта шығыс жекпе-жегі дамып келе жатқаны өте қуанарлық жағдай. Тәжірибелі жаттықтырушылардың қажырлы еңбегінің арқасында елімізде танымал спортшылар саны артып келеді.

Біріншіліктің 1-ші кезеңінің қорытындысы бойынша 27 кг салмақ дәрежесінде № 25 ЖОМ 1-сынып оқушысы, үздік деп танылған Нұрислам Мұстафин жеңіске жетті. Жас таэквондошы облыстың 7 дүркін чемпионы, сонымен қатар Еуразия чемпионы. Жеңімпазға осы клубтың түлегі, жас таэквондошы Ғалымжан Өркеновті еске алуға арналған кубок табыс етілді. Сонымен қатар, № 26 ЖОМ 2 сынып оқушысы Савели Дмитриенко, М.Әуезов атындағы мектептің 2 сынып оқушысы Дмитрий Сидоренков, М. Әлімбаев атындағы мектептің 3 сынып оқушысы Әмірхан Құсман, № 7 ЖОМ 2 сынып оқушысы жүлделі 2 - 3 орынды иеленді. Жарыстың екінші күні 10 - 11 жас аралығындағы таэквондошылар арасында № 21 ЖОМ 5 сынып оқушысы Жан Шыңғожинов жеңіске жетіп, алтын медаль иегері атанды. Сондай-ақ, қыздар арасында № 25 ЖОМ 1 сынып оқушысы Айлана Жандосқызы жеңімпаз атанып, алтын медальге ие болды. Екі бірдей жеңімпаз Болгарияда жаз айларында өтетін чемпионатқа жолдаманы жеңіп алды.