ПАВЛОДАР ҚАЛАСЫНЫҢ БІЛІМ БЕРУ МЕКЕМЕЛЕРІНІҢ ВЕБ-САЙТТАРЫ
kense.oo.ap@pavlodar.gov.kz
140 000 Павлодар қ., Кривенко көшесі, 25
32-21-67
сенім телефоны/Call-орталық
8 7182 32 19 37

Сайт отдела образования города Павлодара
Сайттың аналитикасы
Бір жылда
Бір айда
Бір аптада
Кеше
Оқушылырдың фунционалдық сауаттылығын дамыту
05-05-2022 09:28
Оқушылырдың фунционалдық сауаттылығын дамыту

Павлодар қаласының әдістемелік кабинетінің жоспары аясында № 29 мектеп базасында математика пәні мұғалімдеріне арналған «Математикадан арнайы курстарды жүзеге асыру арқылы оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту» атты семинар өткізілді. Оқушылардың функционалдық сауаттылығын дамыту - оқу-тәрбие үрдісіндегі негізгі бағыттардың бірі болып табылады. Оқушының қоршаған ортасындағы туындайтын мәселелерді тану, және оларды математикалық фактілер мен әдістерді қолдана отырып шешу қабілеті мектеп қабырғасында қалыптасады.

№ 29 ЖОМ математика пәні мұғалімдері оқушылардың математикалық сауаттылығын арнайы курстар, сыныптан тыс жұмыстар, шығармашылық топтардың жұмысы және ғылыми жобалар арқылы дамытады. Мұғалімдер Аманбаева Жансұлу Зейнышқызы, Вдовенко Юлия Петровна «Тәжірибеге бағытталған есептер» және «Практикаға бағытталған тапсырмалар» арнайы курстарында «Пәтер мәселесі», «Дәмді математика» блоктары бойынша тапсырмалар мен жобаларды, кәсіптік бағдар бойынша тапсырмаларды, адамның практикалық қызметіне байланысты геометриялық тапсырмаларды қарастырады.

Ал, Щипицина Елена Анатольевна, Рахимова Жанара Муратовна математикалық сауаттылықты, комбинаторика, статистика, ықтималдықтар теориясына арналған есептерді шешу, әлемдегі математиканың рөлін түсінуге негізделген пайымдаулар жасауға, қажетті шешімдер қабылдауға ықпал ететін контекстік есептерді шешу арқылы дамытуда.

      Семинар қорытындысы бойынша қаланың математика мұғалімдері арнайы курстарды әзірлеу бойынша әдістемелік ұсыныстар алды.